Рабочая программа курса «Социология»



бет43/82
Дата06.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#80706
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82
Байланысты:
KR mur teor prakt umkd

6-7 тақырып: Ұлттық мұрағат қоры.
Мақсаты:Ұлттық мұрағат қорымен танысу және жеке қорларды анықтау.
Жоспары:
1.Ұлттық мұрағат қоры.
2.Мұрағаттағы жеке қор.

1.Тарих – уақытпен байланысты ұғым. Дәуір жүгін арқалаған ұлы далада халық тағдырымен тамырлассан-саналы үлкенді-кішілі дүбірлі оқиғаларды тізіп, тізбектеп,замана жаңарып, уақыт өзгерген тұстардан қалған белгі ретінде жинақтап, сұрыптап, сақтап келген де сол тарих. Соларды танып-білу-әр кезеңдегі ұрпақ үшін таусылмас қазына. Олай болмаса,әр ұрпақ өз тарихын әр кез жаңадан бастаған болар еді де, ұрпақ сабақтастығы деген ұғым мүлде ұмытылар еді. Өйткені бүгінгі күннің мазмұнды болуы кешеге байланысты. Өткеніне зер салмаған адам ұлттың рухын сезінбейді, елінің , жерінің қадір-қасиетін жете білмейді. Кешегі кеңес кезеңіде осы бағыт содырлы солақай саясаттың өзегі боды десек, артық айтпағандық болар еді. Біз өзіміздің ұлттық тарихымыздан гөрі өзгенің тарихын, партия тарихын егжей-тегжейлі оқыдық. Бір сөзбен айтқанда Ұлы Империялық саясаттың жетегінде болдық. Тәуелсіздікке қол жетіп, рухани еңсемізді тіктеп, халқымыздың тарихи зердесіне ерекше құлшыныспен терең үңілуге ден қойғанымыз – жаңа леп, жақсылық нышаны.


Тарихи фактілерді сақтау, тарату, жолдары баршылық. Бірі- жазба түрінде жүзеге асса, екіншісі-ұлы ғұламалардың зердесінде қатталып, ұқпа құлақ қазына даналардың санасында жатталып, ауыз екі сөзбен тарихи деректер атадан балаға тарап келген. Ұлтымыздың тарихы, мәдениеті, дәстүрі, салт-санасы, тыныс-тіршілігі, мемлекетаралық мәмілегерлік құжаттарды сақтаудың қажеттігін алғашқы боп жүрегімен сезінген Бөкейхан еді. Ол 1874 жылы еліміздің мұрағат негізін қалады. Сонымен Қазақстандағы мұрағат құрылысы 3 кезеңді бастан өткерді: Қазан төңкерісіне дейінгі, кеңес уақытындағы және тәуелсіздік алғаннан кейінгі. Әр кезек өзіне тән саяси ерекшеліктеріне қарай түрлі типтегі, мазмұндағы мұрағаттармен ерекшелінеді.
Мәселен, жетпіс жылдан астам уақытқа созылған кеңес заманында Одақ бойынша мұрағат ісі заңмен емес, Министрлер Кеңесінің «СССР-дегі Мемлекеттік архив қоры туралы» Ережесімен жұмыс істеді. Одақтас Республикаларда Мұрағаттардың ұлттық қорын жасауға тыйым салынады, ол Одақтық мұрағаттардың бір саласы болып танылды. Ел тарихын құрайтын аса құнды құжаттардың кілті Мәскеуде болды. Мұның ар жағында өзге ұлттарды көпе көрнеу ащы шындықтың хабарсыз етіп, оларды бодандықта тұқыртып ұстаудың жымысқы саясаты жатты.
Егемендікке қол жетісімен Республика президентінің жанында Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес құрылғаны белгілі. Онда аса мңызды құжат-ұлттық тарихи зердені қалыптастырудың тұжырымдамасы бекітіліп, соған сәйкес қыруар тірлік іске асқаны баршаға аян. Соның бірі Қазақстан халқының деректі тарихи-мәдени мұрасын қорғау және біріктіру үшін құқықтық негізді қамтамасыз етудің, мұрағат ісін мемлекеттік реттеудің төл жүйесін құрудың асқан қажеттілігіне сәйкес «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі ұсыныс еді. Сол жүзеге асты. Өткен жылдың соңғы айында аталмыш Заң жобасын Мәжілісте, сонан кейін сенатта мақұлданып, Елбасының құзырымен өмрге жолдама алды. Демек, әңгіме арқауы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңның мән-жайы туралы болмақ.
Ең алдымен Заңда дүниежүзілік тәжірибеде танылған тарихқа ұлттық үстем көзқарас, ал, мемлекет пен қоғамдағы коньюктураға қарамастан, тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелерінде мүддені тиімді қорғау мақсатында оларға мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде лайықты қамқорлықты қамтамасыз ету тетіктерінде назар аударылды. Мұрағат ісіне мұндай көзқарас күнделікті тіршілікте тамырын тереңге жіберуі тиіс деп танылды.
Заңда мынадай тұжырымдамалық қағидалар басымдық танытты:

  1. Ел тарихында бұрын-соңды болмаған «Ұлттық мұрағат қоры» деген ұғым енгізді. Аталған қорды жалпы ұлттық гілік обьектісі ретінде ұйымдастыру және оны Заң жүзінде рәсімдеу. Осылайша ел халықтарының деректі мұрасының бүкіл кешенінің біртұтастығын, мемлекеттің оны қорғауға және сақтауға жауапкершілік нормаларын заңдастыру.

  2. Мұрағат ісін, оның ішінде мемлекет және мұрағаттық құндылықтар меншік иелерінің арасындағы қатынасы дамытуды мемлекеттік реттеудің құықытық тетіктерін әзірлеу

  3. Ұлттық Мұрағат қорына жатқызылған құжаттар иелерінің құқықтры мен олардың сақталуы, пайдалануы, мемлекеттік сақтауға дер кезінде беруі үшін жауапкершілік нормаларын тағайындау.

  4. Ұлттық Мұрағат қорын жүргізіудің және салааралық мемелекеттік органға мұрағат ісін басқараудың міндеттерін жүктеу.

  5. Азаматтардың жеке мұрағаттары және қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік емесе мекемелерінің мұрағаттары жөніндегі нормаларды ерекшелеу.

Аталған мәселелерді Заң баптарымен реттеу , елімізде шашырап жатқан 250-ден астам мемлекеттік мұрағаттардың арасындағы қатынастарды жетілдіру басты мақсат болды. Олай деудің реті бар. Өйткені жоғарыда аталған мемлекеттік мұрағаттарды соңғы үш ғасырдың 14 миллионнан астам құжаттары қазақ мемлекеттігінің, тарихының, мәдениетінің, әдебиетінің мен өнерінің, экономикалық-әлеуметтік жағдайын саралайтын материалдар, 60 млн. кадрдан астам мөлтекфильмдер сақталуда. Бұл салада арнайы Заңына болмауынан Ұлттық мұрағат қорын жасаудың принциптері , оны толықтырып, толтырып отыратын меншік формасы 12 мыңнан астам әрқилы мекеме, ұйымдармен арадағы байланысты үйлестіру нормалары белгіленбей келді. Сондықтан да Заңда Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі - Ұлттық мұрағат қоры өркениетті елдердің тәжірибесіне сәйкес тұңғыш рет енгізілді. Оған «Ұлттық мұрағат қоры дегеніміз – Заңда белгіленген тәртіппен ұлттық құндылық деп танылған барлық мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекцияларының , деректі ескерткіштерінің, тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени айрықша маңызы бар құжаттардың жиынтығы» деген анықтама берілді.
Заңның 4,5,6,7,8-баптарында Ұлттық мұрағат қорының құрамы, оны қалыптастыру негіздері, материалдарды қор құрамына жатқызу, оны толықтыру көздері, оларды меншіктену құқытарына кепілдік беру, қорғау, Заңды тұлғалар қайта құрылған немесе таратылған жағдайда мұрағат құжаттарына меншік құқығының нормалары қамтылған. Мәселен, Ұлттық мұрағат қорының құрамына: Заң актілеріне және басқа да ресми құжаттар, басқару, ғылыми-зерттеу, жобалау,-констркторлық, технологиялық, патенттік-лицензиялық құжаттамалар, тарихи-мәдени мұралар, жеке адамдардың жинаған материалдары, бағалы құжаттардың сақтандыру көшірмелері кіреді. Аталмыш құжаттарды Қор құрамына жатқызу осы Заңмен және Үкімет бекітеттін арнайы Ережемен белгіленеді. Орталық Республикалық, Президент мұрағатына, облыстық, қалалық, аудандық мұрағат қорларын қалыптастыру Ұлттық мұрағат қорын құрайды және оған негіз болады. Ал,оны жүйеге келтірудің көздері Президент Әкімшілігінің, парламент және жергілікті өкілетті органдардың, конституциялық кеңестің , Үкіметтің министрліктердің орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Экономикалық аймақ әкімшіліктерінің , құқық қорғау органдарының, басқа да Заңды тұлғалардың, жеке адамдардың мұра материалдары болып табылады. Осы заң бойынша Қазақстанның тыс жерлерге әкетілген тарихи мұра құжаттарды қайтарып алуға болады, оған кеткен шығынды мемлекет өз мойнына алады. Мұрағаттарды Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру немесе қордан шығарып тастау уәкілетті орган тағайындайтын мемлекеттік сараптама комиссиясының шешімімен жүзеге асты. Қандай да болмасын мұрағатта сақтаулы тұрған материалдарды саяси және идеолоиялық пікірлер бойынша, Ұлттық мұрағат қоры құрамынан шығарып тастауға тыйым салынады. Мұрағат қорының құжаттары меншік иесінің келісімінсіз сот шешімімен ғана алып қойылуы мүмкін. Сот тергеу істері үшін қолжазбалар мен түпнұсқалары алынған жағдайда құжат иесіне олардың көшірмелері қалдырылды. Ерекше айтылуға тиісті норма енгізілді. Ол-ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекет иелігінен алуға, жекешелендіруге, сыйға тартуға, басқа мемлекеттерге біржола алып кетуге жол берілмейді. Мемлекеттік емес жеке және Заңды тұлғалардың құжаттарын, меншіктену құқығы келісім бойынша жүргізіледі. Жеке адамдар құжаттардың пайдалану жөніндегі шектеу мерзімі 70 жылдан асыруға болмайды деген шек қойылды. Бұл өркениетті елдердің осы тектес Заңдарына сай үрдіс. Бұрынғы мемлекеттік ұйымдар жекешелендірілген жағдайда немесе шетелдіктердің басқаруына көшкен кезде, колхоздар мен совхоздар тарап, өндірістік-кооперавтирге көшкенде құжаттардың тағдыры қандай болмақ? Заңда бұл сұраққа да жауап бар. Қандай жағдайда болмасын мұрағаттар мемлекеттік меншік құқығын сақтап қалады. Заңды тұлғалар тарап кеткен жағдайда материалдар мемлекеттік мұрағаттарға тапсырылады. Оларды әрі қарай сақтау тәртібін уәкілетті органдар белгілейді.
Заңдағы біраз баптар Ұлттық мұрағат қорының құжаттарының есебін жүргізу, оларды сақтау, тұрақты сақтауға беру тетіктерін белгілейді. Арнайы 4-бап Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдалану тәртібі, оларды тұлғаларға кепілдіктер берумен қатар, пайдаланудағы шектеулер заңның нормаларымен ретін тапқан.
Сенаттың тұрақты Комитеттері өздеріне берліген құқықты пайдалана отырып, Заң жобасына көптеген толықтырулар енгізді. Солардың кейбірін айта кеткен жөн деп білемін.Заң жобасының мемлекеттік тілдегі нұсқасынндағы Заңның аты ендігі жерде «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» болып қабылдансын деген ұсыныс енгіздім. Яғни қазақ тіліндегі мәтінде «архив» атауы «мұрағат» атауымен алмастырылған жөн деп тапты. Оның мән-жайына тоқтала кетейін.
«Архив» -грек сөзі. Оның мағынасы «ескі» деген ұғымды білдіреді. Түрлі халықтар тілдерінің сөздіктерін қарай отырып, «архив» сөзі оларда өз тілдеріндегі баламалармен жарыса қолданылатынын байқадым. Мәселен, өзбек тілінде «Утмиш хужатларни сахлаш макама», қырғызша «ески документтерди сахтаун мекеме» деп жүр. Ал үш тілде: қазақ, неміс,монғол тілдерінде «архив» атауының мағынасын бір сөзбен беру тәсілі тәнті етеді. Мысалы: қазақтар «мұрағат» десе, монғолдар «мартах», деп айтып та, жазып та жүр екен. Қазақ тіліндегі «мұрағат» атауы 70 жылдарда баспасөзде қолданыла бастады. Ал, 90-жылдардан бастап ол «архив» сөзінің баламасы ретінде «архив» сөзімен қабаттаса кеңнен қолданылып жүр. Ол жоқтан пайда болған сөз емес. «Мұрағат» сөзі «тарихи мұра, мәдени мәні бар зат» немесе мұраны сақтау мағынасында тіліміздің сөз түзеу заңдылығына сәйкес жасалған. Бір сөзбен айтқанда, «мұрағат» атауын қолдану барлық тілдерге тән әр халықтың тіл байлығын барынша пайдалану терминологиялық принципіне қайшы келмейді. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының пікірі де осы. Осы жолдар авторының ұсынысы бойынша Қазақстан Үкіметі жанындағы Қазмемтерминком «мұрағат» атауын «архив» сөзімен алмастырып, мемлекеттік мәні бар аса маңызды құжаттарға қолдануға жол ашып берді. Төл тіліміздің мәртебесін көтеру, оны мемлекеттік іске қосу – көптің шаруасы. Халық қабыл алап, қажетіне жаратып жүрген атаудың өмірі ұзақ. Алайда, палата отырысында талқылау барысында талассыз да болған жоқ. Әсіресе әріптестеріарасында сыйлы, мемлекеттік тілге жанашырлық танытып жүретін сенатор И.П. Щеголихиннің «Мұрағат» сөзін тәжірибеге енгізуге қарысып, ққарсы пікір айтқаны көзге қораш болды. Оның уәжі, бұлай істеу «ортағасырға шегініс» деп соқты Абырой болғанда депутаттардың басым көпшілігі оны қолдамады. Заң «Ұлттық мұрағаттар қоры және мұрағаттар» болып қабылданды.
Сондай –ақ депутаттар заң жобасының 1-бабындағы негізгі анықтама ұғымдарға кейбір толықтырулар енгізді. Мәжіліс нұсқасындағы «Мұрағат, мұрағат қорлары, колекциялар» ияқты ұғымдарға жалпы бір-ақ анықтама берілген еді. Олардың әрқайсысының беретін мағынасы, арқалар жүгі бір еместігін ескеріп, жеке-жеке анықтама берілді.Заң жобасына «арнаулы мемлекеттік мұрағаттар» бабы енгізілуіне байланысты осы бөлімде «арнаулы мемлекеттік мұрағат» ұғымына анықтама берілді.
Мұрағат қорларын кез келген азаматтың пайдалануына жол ашу – елде демократиялық құрылымның бар екендігіенің айғағы. Сонымен біре адам құқығының ақпарат алу бостандығының іс жүзіндегі көрінісі. Олай болса 16-баптағы шектеудің өзін қайта қарауға тура келеді. Осындағы – 3 тармақ «азаматтардың мүдделеріне зиян келтіреді» деген негіз болса, онда «мұрағат құжаттарын пайдлануға тыйым салынады» деген алынып тасталды. «Азаматтардың мүддесіне зиян келеді» - деген сылтаумен құжаттарды пайдалануға көрсетпей қоюы мүмкін екендігі ескерілді. Бұл халықаралық демократиялық нормаларға сай келеді.
Десек те, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан,(әсіресе Ұлттық қауіпсіздік Комитеті, Ішкі Істер Министрлігі, Президенттің Күзет қызметі) олардың құрамында арнаулы мемлекеттік мұрағаттарының болуы заңды. Оларды пайдалануғашектеу «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңмен реттелуі тиіс. Сондықтан да қосымша «Арнаулы мемлекеттік мұрағаттар» бабы енгізілді.
Мұрағат ісі жөніндегі арнаулы заң актісін қабылдау, ең алдымен Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттарының тәуелсіздік пен егемендік жағдайында мемлекеттік құрылыс жүйесіндегі орны мен ролін анықтап берді. Осы саладағы бос қалған кеңістік толтырылып, бірыңғай мемлекеттік саясат ұстанудың тетіктерін мықтап берді. Енді заңды басшылыққа алып, әр бабындағы қағидаларға бұлжытпай жүзеге асыру – баршаға ортақ парыз екендігі даусыз. Өйткені мұралар, мұрағаттар – халқымыздың алтын қоры, қымбат қазынасы.
2.Мұрағаттанудың негізгі пәні қосалқы ғылымдардың бірі ретінде жоғары оқу орындарының тарих факульттерінде оқытыла бастады.Бұл - өмір талабы. Өйткені, мұрағаттық іс мемлекеттік тұрғыда саяси, ғылыми, құқықтық және практикалық мәселелерді қарастырады.
Мұрағаттану – мұрағат ісінің теориялық, методологиялық және практикалық салаларын зеттейді.
Мұрағат дегеніміз – тарихи құжаттарды сақтайтын өткен өмірдің деректі ескерткіші. Ол өткен кезеңдердегі өмір құбылыстарын, бастан кешкен тарихты, мәмілегерлік қарым-қатынастарды, саяси-қоғамдық, экономикалық өмірдің алуан тарихын зерттеу үшін құжаттарды сақтайды. Қазақстан атырабында бірыңғай мемлекетік мұрағат жүйесінің пайда болуына, жылдар асқан сайыніргесінің кеңеюіне тек КСРО тұсында кең жол ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет