Рабочая программа по дисциплине «Заболевания периферической нервной системы»



Дата10.06.2017
өлшемі270,98 Kb.
#18810
түріРабочая программа



РГП на ПХВ «Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия» МЗРК

Кафедра неврологии, психиатрии и психологии



056 -46/(15М)

Стр. из14



Рабочая программа по дисциплине «Заболевания периферической нервной системы»




ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
НЕВРОЛОГИЯ, ПСИХИАТРИЯ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«Бекітемін»

Ғылыми-клиникалық

жұмыстар проректоры ,м.ғ.к,

__________ Нурмашев Б.К.


«_____» ____________2014г.
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: «Шеткері жүйке жүйесінің аурулары»
Мамандық: 6М110100 - Медицина
Оқу сағатының көлемі : 180 (4 кредит)
Оқу жылы : 1,2

2014ж.

Жұмыс бағдарламасы 07.09.108-2009 «Медицина» 6М110100 мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалған.

Типтік оқу бағдарламасы ҚР №729 20 қазан 2011ж Денсаулық сақтау Министрі бұйрығымен бекітілген.
Пәннің жұмыс бағдарламасын құрастырған м.ғ.к., доцент Туксанбаева Г.У.

Жұмыс бағдарламасы неврология, психиатрия және психология кафедрасының отырысында талқыланған.


Хаттама №11 «29» _05_ 2014 г.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д, профессор_________ Дущанова Г.А.

Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА клиникалық пәндердің циклді әдістемелік комиссиясының отырысында талқыланды.


Хаттама № ______ «_____»_______2014 г.
Төрайымы, м.ғ.к., доцент __________Туртаева А. Е.

Жұмыс бағдарламасы Ғылыми кеңесте бекітілген.


Хаттама № ______

Бағдарлама:

1. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Шеткері жүйке жүйесінің сырқаттары ересек тұрғындар арасындағы барлық сырқаттардың 50%-ға жуығын құрайды, яғни таралуы бойынша бірінші орын алады. Сонымен қатар оларға уақытша еңбекке қабілеттілігін жоғалтатын сырқаттардың ішінен де бірінші орын тиесілі. Клиникалық неврологияның негізгі маңызды проблемаларының бірі перифериялық жүйке жүйесі сырқаттары болып табылады. Олар ересектердегі жүйке сырқаттарының жартысына жуығын құрайды. Осы уақытқа дейін неврит және полиневрит туралы тұрақты ұғым қалыптасқан болатын. Соңғы он жылдықта перифериялық жүйке жүйесі сырқаттарының этиологиясы және патогенезін зерттеуге салмақты үлес қосылды. Оған мысал ретінде жұқпалы аурулармен (сифилис, туберкулез, малярия,полимиелит,дифтерия т.б)күрестегі жетістіктерді атап өтуге болады. Жүйелі дәнекер тіндік аурулары анықталып, олар сәтті зерттелуде, генетикалық ауруларды зертеуде белгілі бір жетістіктер бар,нерв жүйесіне әсер ететін жалпы метаболистік ауытқу анализінің зерттеулері белсенді жүргізілуде. Көптеген перифериялық жүйке жүйесі ауруларының вертеброгендік шығу тегі анықталды. Туннельді синдром аурулары туралы ілім қарқынды дамуда. Осының барлығы перифериялық жүйке жүйесі зақымдануында инфекция ролінің төмендеуіне әсер етті. Перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануын білдіретін невропатия,радикулопатия, полиневропатия терминдерінің кең таралуы орын алды. Бұл осы аталған ауруларды емдеу жөніндегі сұрақтарды түбегейлі қайта қарастыруға мүмкіндік берді.


2. Оқытудың мақсаты:

Этиология , патогенез сұрақтары және клиника, диагностика, жіктелуі , перифериялық жүйке жүйесі ауруларын емдеу принципін зерттеу.


3. Оқытудың міндеттері:

  • Магистранттарға перифериялық жүйке жүйесі ауруларының этиопатогенетикалық белгілерін, клиникалық көрінісін, зерттеудің қосымша әдістерін үйрету.

  • Магистранттарға перифериялық жүйке жүйесі сырқаттарын клиникалық ажыратуды және емдеуді үйрету.

  • Магистранттарға перифериялық жүйке жүйесі сырқаттары кезінде дұрыс ем тағайындауды үйрету.

  • Перифериялық жүйке жүйесі сырқаттарын оңалту әдістері мен профилактикасын білуді үйрету.


4. Пәннің қысқашы мазмұны

Қалыпты және патологиялық жағдайдағы перифериялық жүйке жүйесі туралы жалпы түсінік. Перифериялық жүйке жүйесі зақымдалуының топикалық диагностикасы. Перифериялық жүйке жүйесі зақымдалуының диагностикасы. Перифериялық жүйке жүйесі сырқаттарының жіктелуі. Жүйкелердің және түбіртектердің көптеп зақымдалуы( полирадикулиттер, полирадикулопатиялар, полиневриттер, полиневропатиялар). Монорадикулиттер, монорадикулопатиялар. Мононевтиттер, мононевропатиялар. Бас-ми жүйкелерінің зақымдалуы. Радикуло-ганглиониттер. Перифериялық жүйкелердің жарақаттық зақымдалуы. Перифериялық жүйке жүйесі сырқаттарының емі. Перифериялық жүйке жүйесінің вертеброгенді сырқаттары. Омыртқа қозғалтқыш сегментінің қалыпты жағдайдағы қызметі және анатомиясы, омыртқа жотасының рентгендік диагностикасы, омыртқа жотасының өзгерісі және негізгі дистрофикалық зақымдалуы, вертеброгенді синдромдардың негізгі патогенетикалық варианттары, негізгі вертеброгенді синдромдар, клинико –рентгенологиялық параллельдер, омыртқа жотасының асқынған остеохондрозының неврологиялық синдромдарын емдеу.


5.Оқытудың әдістемесі

  • Дәріс: шолу - иллюстративті, проблемалық

  • Тәжерибелік сабақ: ауызша сұрау,ситуациялық есептер шығару;кіші топтарда жұмыс жасау;клиникалық жағдайларды талдау және талқылау; зертханалық анализдерді көрсету және талдау; әртүрлі патологиядағы бас миының магнитті- резонансты томограммасы және компьютерлі электронейромиограммасы; клиникалық синдромдық диагностика, науқасты емдеу тактикасы мен принциптері.

  • Магистранттардың оқытушымен өзіндік жұмысы: неврологиялық бөлімдегі науқастардың курациясы; бөлімдегі науқастарды клиникалық тексеріс жүргізу барысына қатысу; Практикалық сабақтарда өтілген тақырыптардың кейбір сұрақтарын тереңдетіп талқылау ,ауру тарихын қорғау, презентация мен рефераттар дайындау, жеке және топ жұмыстарының нәтижелерін талқылау,пайда болған сұрақтар бойынша оқытушыдан кеңес алу, аралық бақыла өткізу.

  • Магистранттардың өзіндік жұмысы: презентациялар (рефераттар мен баяндамалар), магистранттардың оқу және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауы, электронды әдебиеттермен жұмыс жасау, тест тапсырмаларын дайындау және шешу, жағдайлық есептерді шешу, есеп беруге дайындалу.


6. Сабақтың тақырыптық оу жоспары

П/п

Сабақтың тақырыбы


Сабақ сағаттарының саны

Барлық кредит


Дәріс

Прак тикалық сабақ

МОӨЖ/МӨЖ

(1:1)


1

Перифериялық жүйке жүйесі және перифериялық нейронның қалыпты және патологиялық жағдайы туралы жалпы түсінік.

1

3

4/4



4

2

Перифериялық жүйке жүйесі сырқаттарының жіктелуі. Диагностика: жүйке және бұлшықет биопсиясы, биохимиялық, электрофизиологиялық зерттеулер.

1

3

4/4

4

3

Монорадикулиттер,монорадикулопатиялар. Мононевриттер, мононевропатиялар. Туннельді мононевропатиялар (синдромдары).

1

3

4/4

4

4

Невропатиялар және невриттер: көз қимылдатқыш, үшкіл, бет, кохлеарлы және вестибулярлы, тіл жұтқыншақ және вагусты.

1

3

4/4

4

5

Невралгиялар: үшкіл жүйкесінің,тіл жұтқыншақ жүйкесінің

1

3

4/4

4

6

Жедел полирадикулоневриттер: дифтериялық полиневрит, белдемелі теміреткі, лепралық полиневропатия, ботулинді полиневропатия.

1

3

4/4

4

7

Ревматизм ,жүйелі қызыл жегі,түйінді периартерит кезіндегі полиневриттер

1

3

4/4

4

8

Гийена- Баре жедел полиневропатиясы , алкогольді полиневропатия.

1

3

4/4

4

9

Дәрілік полиневропатиялар.

1

3

4/4

4

10

Шарко-Мари жүйкелік амиотрофиясы. Липидозды невропатиялар.

1

3

4/4

4

11

Вегетативті жүйке жүйесінің перифериялық бөлімінің зақымдану клиникасы: симпатоганглиониттер, трунциттер, плексопатиялар, перивазальды симпаталгиялар, каузалгиялар.

1

3

4/4

4

12

Перифериялық жүйке жүйесі сырқаттарын емдеудің жалпы принциптері.

1

3

4/4

4

13

Перифериялық жүйке жүйесінің вертеброгенді сырқаттары: медико-әлеуметтік проблема, омыртқа жотасының анатомофизиологиялық ерекшеліктері,вертеброгенді зақымдалулардың жіктелуі.Остеохондроз кезіндегі омыртқа жотасының патоморфологиялық ерекшеліктері және себептік факторлары.

1

3

4/4

4

14

Омыртқа жотасы зақымдалуы кезіндегі вертеброгенді синдромдардың негізгі патогенетикалық варианттары. Жіктелуі. Мойындық вертеброгенді синдромдар.Омыртқа жотасының кеуделік бөлімінің негізгі дистрофиялық зақымдалулары.

1

3

4/4

4

15

Омыртқа жотасының бел бөлімінің негізгі дистрофиялық зақымдалулары.Дифференциальды диагностика .Вертеброгенді зақымдалуларды емдеудің түрлері және принциптері.

1

3

4/4

4




Барлығы:

15

45

60/60


180


Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары



Практикалық сабақтар тақырыптары



Өткізу формасы

Сағат тар көлемі

1

Перифериялық жүйке жүйесінің клиникасы мен анатомисы. Перифериялық жүйке талшықтарының зақымдалуының патофизиологиясы.

Перифериялық жүйке жүйесі құрылысының жалпы жоспары. Жүйке талшықтарының түрлері. Жүйке бағандарының құрылысы.

1

2

Шеткері жүйке жүйесінің ауруларының жіктелуі. Диагностика: жүйке және бұлшықет биопсиясы, биохимиялық, электрофизиологиялық зерттеулер.

Жіктелуі. Диагностика:жүйке және бұлшықет биопсиясы, биохимиялық, электрофизиологиялық зерттеулер.


1

3

Монорадикулиттер, монорадикулопатиялар. Мононевриттер,моневропатиялар. Туннельдік мононевриттер(синдромдары)

Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, емі.

1

4

Невропатиялар және невриттер: көз қимылдатқыш, үшкіл, бет, кохлеарлы және вестибулярлы, тіл жұтқыншақ және вагусты.

Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, емі.

1

5

Невралгиялар: үшкіл жүйкесінің, тіл жұтқыншақ жүйкесінің

Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, емі.

1

6

Жедел полирадикулоневриттер: дифтериялық полиневрит, белдемелі теміреткі, лепралық полиневропатия, ботулинді полиневропатия.

Патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы,емі.

1

7

Ревматизм ,жүйелі қызыл жегі,түйінді периартерит кезіндегі полиневриттер

Клиникалық көрінісі, емі.

1

8

Гийена- Баре жедел полиневропатиясы , алкогольді полиневропатия

Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, емі.

1

9

Дәрілік полиневропатиялар.

Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, емі.

1

10

Шарко-Мари жүйкелік амиотрофиясы. Липидозды невропатиялар

Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, емі.

1

11

Вегетативті жүйке жүйесінің перифериялық бөлімінің зақымдану клиникасы: симпатоганглиониттер, трунциттер, плексопатиялар, перивазальды симпаталгиялар, каузалгиялар

Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, емі.

1

12

Перифериялық жүйке жүйесі сырқаттарын емдеудің жалпы принциптері

Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, емі.

1

13

Перифериялық жүйке жүйесінің вертеброгенді сырқаттары: медико-әлеуметтік проблема, омыртқа жотасының анатомофизиологиялық ерекшеліктері,вертеброгенді зақымдалулардың жіктелуі.Остеохондроз кезіндегі омыртқа жотасының патоморфологиялық ерекшеліктері және себептік факторлары.

Актуальдылығы, анатомо-физиолог ерекшеліктері, патогенезі.

1

14

Омыртқа жотасы зақымдалуы кезіндегі вертеброгенді синдромдардың негізгі патогенетикалық варианттары. Жіктелуі. Мойындық вертеброгенді синдромдар.Омыртқа жотасының кеуделік бөлімінің негізгі дистрофиялық зақымдалулары

Вертеброгенді синдромдардың классификациясы,патогенезі, омыртқа жотасының мойын, кеуде бөлімінің зақымдалуының клиникалық көрінуі

1

15

Омыртқа жотасының бел бөлімінің негізгі дистрофиялық зақымдалулары. Дифференциальды диагностика .Вертеброгенді зақымдалуларды емдеудің түрлері және принциптері.

Вертеброгенді синдромдардың классификациясы,патогенезі, омыртқа жотасының бел бөлімінің зақымдалуының клиникалық көрінуі


1


Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары



Практикалық сабақтар тақырыптары


Өткізу формасы

Сағаттар көлемі

1

Перифериялық жүйке жүйесінің клиникасы мен анатомиясы. Преифериялық жүйке талшықтарының зақымдалуының патофизиологиясы.

Ауызша сұрау, кестелер, муляждармен кіші топтарда жұмыс



3

2

Перифериялық жүйке жүйесі сырқаттарының жіктелуі. Диагностика: жүйке және бұлшықет биопсиясы, биохимиялық, электрофизиологиялық зерттеулер.

Ауызша сұрау,кіші топтарда жұмыс жасау


3

3

Монорадикулиттер, монорадиокулопатиялар. Мононевриттер,моневропатиялар. Туннельдік мононевриттер(синдромдары)

Ауызша сұрау, лабораторлы анализдерді интерпретациялау, кіші топтарда жұмыс, емдеу тактикасы



3

4

Невропатиялар және невриттер: көз қимылдатқыш, үшкіл, бет, кохлеарлы және вестибулярлы, тіл жұтқыншақ және вагусты.

ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шешу,ЭНМГ интерпретациясы

3

5

Невралгиялар: үшкіл жүйкесінің, тіл жұтқыншақ жүйкесінің

Ауызша сұрау, клиникалық жағдайды талдау,емдеу тактикасы және принциптері

3

6

Ревматизм ,жүйелі қызыл жегі,түйінді периартерит кезіндегі полиневриттер

Ауызша сұрау, науқас төсегінде жұмыс,ЭНМГ, лабораторлы анализдердің интерпретациясы.

3

7

Гийена- Баре жедел полиневропатиясы , алкогольді полиневропатия

Ауызша сұрау, науқас төсегінде жұмыс, ЭНМГ, лабораторлы анализдердің интерпретациясы.

3

8

Шарко-Мари жүйкелік амитрофиясы. Липидозды невропатиялар.

Ауызша сұрау,1-2 клиникалық жағдайларды талдау және талқылау,жағдайды модельдеу.

3

9

Вегетативті жүйке жүйесінің перифериялық бөлімінің зақымдану клиникасы: симпатоганглиониттер, трунциттер, плексопатиялар, перивазальды симпаталгиялар, каузалгиялар

. Ауызша сұрау, науқас төсегінде жұмыс, ЭНМГ, лабораторлы анализдердің интерпретациясы.

3

10

Шеткері жүйке жүйесінің вертеброгенді сырқаттары: медико-әлеуметтік проблема, омыртқа жотасының анатомофизиологиялық ерекшеліктері, вертеброгенді зақымдалулардың жіктелуі.

ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс

3

11

Остеохондроз кезіндегі омыртқа жотасының патоморфологиялық ерекшеліктері және себептік факторлары. Омыртқа жотасы зақымдалуы кезіндегі вертеброгенді синдромдардың негізгі патогенетикалық варианттары. Жіктелуі.

Ауызша сұрау, кестелер, муляждармен кіші топтарда жұмыс

3

12

Мойындық вертеброгенді синдромдар. Омыртқа жотасының кеуделік бөлімінің негізгі дистрофиялық зақымдалулары.

Ауызша сұрау, кестелер, муляждармен кіші топтарда жұмыс

3

13

Омыртқа жотасының бел бөлімінің негізгі дистрофиялық зақымдалулары.

ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс

3

14

Вертеброгенді зақымдалулардың дифференциальды диагностикасы


ауызша сұрау, ЭНМГ, лабораторлы мәліметтердің интерпретациясы, емдеу тактикасын талдау және талқылау

3

15

Вертеброгенді зақымдалуларды емдеудің түрлері және принциптері.

ауызша сұрау, ЭНМГ, лабораторлы мәліметтердің интерпретациясы, емдеу тактикасын талдау және талқылау

3


7. Оқудың соңғы нәтижелері

Дублин дискрипторлары

Мамандық компетенциялары, ОҚМФА да жасалған

Пәнді оқу нәтижелері

Концепция бойынша оқу нәтижелері (ГОСО)

А



Жоғары білім деңгейінде алынған білімді көрсету және түсіну, олар нағыз немесе сананы ғылыми зерттеулерде қолдануға мүмкіндік береді

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар аймағындағы компетенциялар

Шеткері жұйке жұйесінің ауруларының диагностикасын, клиникасын, патогенезін, этиологиясын, маныздылығын түсінеді

Ғылым мен білімнің қоғамдағы рөлін

Ғылымның даму тенденцияларын

Жоғары мектеп мұғалімі компетенттілігін

Глобализация процесі әлеуметтік экономикалық сәйкессіздіктерін біледі



Коммуникативті машықтар» компетенциясы (мәдени компетенция, критикалық ойлау, креативтілік, ұжымда жұмыс жасай алу, басқа тілді компетенция).

Оқытудың сапалы және эффективті жоғарлату психологиялық әдістерін біледі;

Студенттердің психологиялық ізденуін түсінеді;



Кәсіпкерлік компетенция

ауруханалық поликлиникалық мекемелер, клиникалық жүргізу қызметінде компетентті, Қазақстан Республикасы және шет елдердегі ғылыми зерттеулерде ұйымдастыру және қаржыландыру жүйесінде компетентті

«Денсаулық заңгері» компетенциясы

Тұрғындар денсаулығын сақтау заңнамасын, медицина қызметкер жұмысының құқықтық негізін білу

«Ғылыми зерттеу машықтары» компетенциясы

Ғылыми зерттеу және аналитикалық диссертацияларды, ғылыми мақалаларды, есептерді, аналитикалық хаттар нәтижелерін жалпылай алады

Компьютерлік және ақпараттық компетенция

Жүйке жүйесі аурулары кезінде ғылыми ақпараттыжинаудың жолын және әдісін біледі

«Клиникалық машықтар» компетенциясы

Невролог маманның жұмысын ұйымдастыруды біледі

Дәлелдерде негізделген медициналық тәжірибе принциптерін біледі



В

Алған білімді жаңа немесе бейтаныс жағдайлар кезінде кең көлемде (немесе пәнаралық) аймақтарда, зерттелетін аймақпен байланысты қолдана білу;

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар аймағындағы компетенциялар

Науқаста неврологиялық статусты анықтау,

Жүйке ауруларының дифференциалды диагностикасын жасау,

Лабораторлы, функционалды, инструменталды, нейровизуализациялық әдістер жоспарын жасау


Ғылыми тану әдістемесін

Ғылыми жұмыс құрылымын және принциптерін

Оқу кезінде студенттердің танымдық процесстерін

Оқудың сапасын жоғарлатудың психологиялық әдістерін және құралдарын біледі



«Коммуникативті машықтар» компетенциясы (мәдени компетенция, критикалық ойлау, креативтілік, ұжымда жұмыс жасай алу, басқа тілді компетенция).

Коммуникация сұрақтарында науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа қызметтестермен сенімді қатынас орнату үшін компетентті.

Өз білімін кәсіптік, тұлғалық және корпоративті қатынас орнатуда қолдану



Кәсіпкерлік компетенция

Неврологтың жұмысын, стационардың және амбулаторлы аурухананың жұмысын ұйымдастырады

«денсаулық заңгері» компетенциясы

Белгіленген медициналық құжат тіркеу және есеп формасын жүргізеді

«ғылыми зерттеу машықтары» компетенциясы

Магистратурадағы рефераттар мен презентацияларды өңдейді.

Алған мамандыққа байланысты ғылыми зерттеу жүргізеді



Компьютерлік және ақпаратты компетенттілік

Ғылыми зерттеу жұмыстарының корелляциялық нәтижесіне байланысты іздейді және статистикалық өңдейді.







«клиникалық машықтар» компетенттілігі

Жүйке ауруы бар науқастарға дәрілік және дәрілік емес ем шара жасау

Жүйке аурулары бар науқастарға біріншілік және екіншілік алдын алу жасап қауіп факторын анықтайды

Жүйке аурулары кезінде диагностика және шұғыл квалификациялық көмек көрсетеді





С

Өз білімін интеграциялау, қиын жағдаймен күресу, толық емес ақпарат негізінде жауапкершілікпен шешім қабылдау

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар аймағындағы компетенциялар

Алған білімді дифференциалды диагностикасын, клиникалық диагнозды негіздеу,

Алған білімді зерттеу есептері, културологиялық, ақпаратты дәйектерді қолданып зерттеу процесін қолданады



Алған білімді ғылыми зерттеу контекстінде қолдану

Критикалық түрде бар концепцияны, теорияны, процес анализдерінде талдау,

Алған білімді жаңа немесе бейтаныс жағдайлар кезінде кең көлемде аймақтарда, зерттелетін аймақпен байланысты қолдана білу,

Жоғары мектеп психологиясын сабақ беру кезінде қолдану,

Ақпаратты аналитикалық және ақпаратты библиографиялық жұмыстарға заманауй ақпаратты технологияларды қолдану

Креативті ойлау, мәселені шешуде творчестволық жағынан келу керек,

Сабақ беру кезінде шет елдер тілдерін еркін меңгеру Ғылыми зерттеу және аналитикалық диссертацияларды, ғылыми мақалаларды, есептерді, аналитикалық жұмыстарды және т.б. қолдану


«Коммуникативті машықтар» компетенциясы (мәдени компетенция, критикалық ойлау, креативтілік, ұжымда жұмыс жасай алу, басқа тілді компетенция).

Жоғары мектеп психологиясын сабақ беру кезінде қолдану

Интерактивті оқыту әдістерін қолданады



Кәсіпкерлік компетенция

Дәлелді медицина негізінде өз қызметіне байланысты жүргізуші шешімін қабылдай алады

«денсаулық заңгері» компетенциясы

Науқастарға жүйке жүйесі аурулары кезінде медико – әлеуметтік экспертиза, жоғарғы медициналық консултация өткізеді

«ғылыми зерттеу машықтары» компетенциясы

Ғылыми зерттеу және аналитикалық диссертацияларды, ғылыми мақалаларды, есептерді, аналитикалық жұмыстарды, конференция, конгресс, сьездер нәтижелерін жалпылай алады

компьютерлік және ақпаратты компетенттілік

Ақпаратты аналитикалық және ақпаратты библиографиялық жұмыстарға заманауй ақпаратты технологияларды ТВ, БАҚ қолдану.







«клиникалық машықтар» компетенттілігі

Бас ми тамырлары аурулары алдын алу реабилитация, емдеу, жаңа диагностика әдістерін қолдану




D

Мамандарға және мамандар еместерге өз білімін және тұжырымын нақты айту

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар аймағындағы компетенциялар

Науқасты зерттеу, диагноз қоюда, дифференциалды диагностика, реабилитация, кезінде магистранттармен, дәрігерлермен ақпарат алмасу

Белгілі ғылыми есептерді шешу машықтары бар,

Білім берудің және педагогиканың кредит технологиясы екенін,

Кәсіби сабақ беру әдістерін

Мәдени қатынас коммуникация орнатуды

Ораторлық қасиет, өз ойын нақты, түсінікті түрде жеткізу

Өз білімін одан әрі жетілдіру, күнделікті немесе докторантурада



«Коммуникативті маш ықтар» компетенциясы (мәдени компетенция, критикалық ойлау, креа тивтілік, ұжымда жұмыс жасай алу)


Ораторлық қасиетке ие, магистранттар пәндеріне, студенттерге сабақ беру машықтары бар болуы керек

Кәсіпкерлік компетенция

Әр түрлі өндірістік қатынас жасайды, сонымен қатар мемлекеттік қызмет медициналық көмек көрсету, облыстық денсаулық сақтау Департаментімен.

«денсаулық заңгері» компетенциясы

Телевидениеде, БАҚ –та – журналдар, газеттерде жедел және созылмалы аурулар туралы ақпарат беру.

«ғылыми зерттеу машықтары» компетенциясы

Конгрестерде, ғылыми тәжірибелік конференцияларда, адамдар алдында өз нәтижелерін көрсете алады, зерттейтін аймақта ғылыми ақпаратты талдайды

компьютерлік және ақпаратты компетенттілік

Студенттерге, магистрантарға, дәрігерлерге оқу барысында заманауй компьютер, аудио, видео, проекторларды, телевизорларды қондырғыларды қолдану.







«клиникалық машықтар» компетенттілігі

Диагнозды симптомдар, синдромдар, зерттеу нәтижелерінің аясында бас ми аурларын қояды науқасқа реабилитация, алдын алу керек




Е

Өз бетінше оқуды жалғастыру

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар аймағындағы компетенциялар

Жүйке аурулары бойынша алдын алу, реабилитация, емдеу, диагностика сұрақтарымен өз білімін жетілдіру.

Жоғарғы оқу орнында ғылыми педагогикалық және ғылыми аймақта компетентті;
Заманауйі білім беру саласында компетентті;
Өзінің кәсіптік болашағын проектілей алады.

Ғылыми кәсіптену аймағында компетентті;

Ғылыми зерттеу аясында әдістемелік компетенттілік;

 Өзінің кәсіби білімін тереңдету, кеңейту, үздіксіз жетілдіру аясында орындалында компетентті.




«Коммуникативті маш ықтар» компетенциясы (мәдени компетенция, критикалық ойлау, креа тивтілік, ұжымда жұмыс жасай алу)


Өз білімін студенттермен, мұғалімдермен, науқастармен деонтологияны және субординацияны сақтайды

Кәсіпкерлік компетенция

Оқуды жалғастыру, дәлелді медицина негізінде кәсіптілікті жетілдіру

«денсаулық заңгері» компетенциясы

Телевидение, газет, журналдарды қолданып өз біліктілігін арттыруды тоқтатпау

«ғылыми зерттеу машықтары» компетенциясы

Дәрігер невролог маман қызметінің кәсібін тереңдету, кеңейту

Оқуды докторантурада жалғастыру



компьютерлік және ақпаратты компетенттілік

Студенттерге, магистрантарға, дәрігерлерге оқу барысында заманауй компьютер, аудио, видео, проекторларды, телевизорларды қондырғыларды қолдануды одан әрмен қарай жалғастыруды тоқтатпау қажет, өйткені ол заманауй технология

«клиникалық машықтар» компетенттілігі

Клиникалық машықтарды одан әрі жетілдіру қажет, яғни бас ми тамыры ауруларының жаңа диагностика, емдеу, реабилитация, алдын алу




8. Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1. Я. Попелянский Заболевания периферической нервной системы.- М.: Медицина.-1994.-272с.

2. Н.Н. Яхно, Д.Р. Штульман и др. Руководство для врачей: В 2-х т. –М: Медицина, 2003.

3. А.Ю. Макаров Клиническая неврология с основами медико-социальной экспертизы. Руководство для врачей. Санкт-Петербург, 1998.

4. Д.А. Гринберг,М.Д. Аминофф, Р.П. Саймон Клиническая неврология. –М.:Медпресс-информ.-2004.-520с.

5. А.Р. Калинин, С.В. Котов Неврологические расстройства при эндокринных заболеваниях.-М.: Медицина, 2001.-272с.

6. О.С. Левин Полиневропатии. Клиническое руководство. -М.: ООО «Медицинское информационное агенство», 2006.-496с.

Қосымша:


  1. 1. Д.Н. Богородинский, А.А. Скоромец, А.И. Шваров. Руководство к практическим занятиям по нервным болезням. М.: Медицина 1977.

  2. 2. П.В. Мельничук Болезни нервной системы. М.: Медицина, 1982. Т. 1,2.

3. В.А. Карлов. Терапия нервных болезней. М.: Медицина, 1995.

4. Г.Д. Коллинз. Диагностика нервных болезней. М.: Медицина, 1986.

5. М.Б.Кроль, Е.А. Федорова. Основные неврологические синдромы. М.: Медицина, 1968.

6. А.В. Триумфов. Топическая диагностика заболеваний нервной системы. Л.:Медицина, 1996.



7. А.А. Скоромец. Топическая диагностика нервной системы. М.: Медицина, 1989.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет