Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»



бет11/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

1.10 тақырып. Тәлімдік қағидалар.

Қазақи сана өз ғұмырнамасында әлемдік тәжірибе жинақтаған, мойындаған озық тәжірибелер кеңістігіне, сондақ-ақ жалпыадамзаттық құндылықтар арнасына жеке үлесін қосып отырды. Ол көріністердің халық тұрмысында нақты қажеттілікке жаралуы тәлім-тәрбие құралының негізгі қағидаларына байланысты болмақ. Қазақ дүниесіндегі адамзат перзенті үшін үлгі боларлық құндылықтардың бірі – халықтың қонақжайлылық қасиеті деуімізге болады. Қонақжайлылық – ұлттық тәрбиенің айнасы іспеттес.


Қазақтың қонақты күту мәдениеті тым ежелден қалыптасқан. Қазақтар үйге келген бөтен адамды «құдайы қонақ» деп қабылдаған, ол дәстүрді жақсы ырымға жорыған. Сол себеппен өмір мәйегіндегі басқа дүниелер тәрбиенің көмегі арқылы жүргізіліп өзінің қағидасын қалыптастырады.
Кісілік ұғымы – ұлттық тәрбиенің негізгі қағидасына жатады. Кісілік қасиеттің жарқын көрінісі – адам мен адамды достастыру, адам бойындағы жақсы қасиеттерді көре-сезе білу және дәріптеу болмақ. Жарық дүниемен қоштасқан адамды қазақтар ешқашан жамандамай «жақсы кісі еді» деп, әділ айтқан. Онда айтпағымыз: қандай адам болса да, оның бойында бір жақсы қасиет бар, яғни ол кісіліктің белгісі екені рас болып шығады. Қазақтардың бойындағы көп қасиеттердің бірі – бауырмашылдық. Бір қария 13жастағы бала биге бата бергенде «.. балам – арқаң нардай жауыр болсын, кеудең толған бауыр болсын», - деп айтқанда, Бала би: «.. Ата – арқаң жауыр болсын дегеніңіз – елдің жүгі ауыр, оны нағыз ер көтереді», ал «кеудең толы бауыр болсын дегеніңіз – жүз бен руға бөлінген азғантай қазақты бөле бермей, барлығын бауыр ретінде кеудеңе бас», - дегеніңіз шығар деп, жауап берген екен.
Халық тұрмысындағы аға, іні, қарындас арасындағы туыстық қарым-қатынас ағайын-туыс тарапынан әрдайым ескеріліп, реттеліп отырған. Бұл тәлімдік дүние отбасы һәм әулет дәстүрі ретінде ақсақалдар алқасының қатысуымен қоғамдық өмірде педагогикалық рөл атқарып отырған. Олардың негізгі көріністерінің бірі: жаңадан тұрмыс құрған екі жасқа енші бөліп беру, асар жасап үй (там)салу, әке-шешенің парызын өтеу, іні-қарындасқа көмектесу, ағайынның басына іс түскенде көмек көрсету т.б. дәстүр-талаптар жатады.Өскелең ұрпағын еңбекшіл болуға баулуды мақсат еткен халық тағылымы – шынайы этнотәлімдік қағида. Еңбек әрекетінің адамзат өркениетінің эволюциялық даму заңдылықтарының бірден-бір қозғаушы күші болғаны белгілі. Қазақ қауымының мал шаруашылығының дамуы мен қалыптасуына әлемдік деңгейде ерекше үлес қосуымен бірге, мал атаулысын «төрт түлік - қазына» деп санап, оны ән мен жырға, батырлық эпостаға қоса білуі – шын мәнісінде табиғат пен адам арасындағы тылсым гармониялық байланыстың үлгісін көрсетіп отыр.
- Ақылды, намысқор және көпшіл болу. Өнегелі және арманшыл болып өсу. Айтқан сөзді тыңдау. Адамгершіл, шыншыл және байсалды болу;
- Өскен ортаның ықпалдарына мән беру. Табиғат заңдылықтарын, жануарлар дүниесін, өсімдік жамылғысымен танысу;
- Ақылды, білімді болып өсу. Ақыл-ойды дамыту әрекеттері. Дамыта отырып тәрбиелеу үрдістері;
- Қонақжайлылық. Сыпайылық. Мейірбандылық. Әдет-ғұрыптарды қастерлеу. Үлкен адамдарды сыйлау. Бата-тілектерді дәріптеу;
- Парасатты, қанағатшыл, елжанды және отансүйгіш болып өсу. Қайратты, әділетшіл һәм адалдық қасиеттері бойына сіңірген тұлға болу;
- Тыйым сөздер мен ырым-сырымдарды сақтау және қастерлеу;
- Тәлім-тәрбиенің біртұтас этнокомплексті түрде жүргізілуі;
- Денсаулықты шыңдау және тазалықты (гигиенаны) сақтау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- Үлкенді өнеге тұту. Кішіге ізет көрсету. Ұлттық қазыналарды қастерлеу. Өсиеттер мен аманаттарға назар аудару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет