Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»



бет27/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны




3.9 тақырып Жан және тән сұлулығы.

Жаратылыстың сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ляззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді. Сұлулық адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып тәнті ететін, таңырқатып, сүйсіндіретін көрініс. Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақытта қонбайды.


Адам бойындағының бәрі де – бет пішіні де, киім-киісі де, жан дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс.(А.П. Чехов )
Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам музыка сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәнделеді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады.
Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді.
Әсемдікке, әдемілікке, көрікті де көркем нәрсеге ұмтылған адамның ішкі әлемі де сұлу болады. Сыртқы ортаның сұлулығына табына білген адамның жан әлемінен әсем нұр тарайды. Халықта жүзіне нұр тұнған, сөзінен бал тамған деп бекер айтылмаған шығар. Адамның жан дүниесі дүние сұлулығымен, жақсылығымен үндестікте болуы керек, сонда адам рухани да, табиғи да сау болады.
Адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыппен реттеп отыратын адамгершілік белгісі имандылық деп танылады.
Ниет – адамды іс-әрекетке жетелейді. Оның сол әрекетке деген, пейілі, ықыласы, ынтасы. Адамды бір іске бағыттайтын да, істің мән-мәнісін белгілейтін де осы ниет. Адамдарға деген көңілі таза, пейілі ақ, ниеті түзу адал адамды ақ ниет деп атаймыз. Адал ниет адамның мінез-құлқынан, мақсат мүддесі мен іс-әрекетінен көрініп тұрады. Жақсы нәтижеге жету үшін алдымен ниетіңді, пейіліңді түзету керек. Жүрегі басқаларға деген сүйіспеншілікке толы, ниеті түзу адам олардан да дәл сондай сүйіспеншілікті, таза ниетті қабылдайды.
Ары таза адал адам мәнді өмір сүреді. Адалдық әр адамның өзін де, өзгені де сыйлауын көрсетеді. Адалдық біздің жан дүниемізден басталады. Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді. Адалдығы бар адамның рақымы да мол болады.
Адамның үлкендермен, құрбылармен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай-ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, қимыл қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады.


Кім жылдам?
1. Сыртқы бейне сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Сымбаты мен ішкі жан дүниесі сай адамды қалай атайды?
3. «Әр адам ісімен көрікті» дегенді қалай түсінесіңдер.
4. Сұлулық деген сөзді басқа сөзбен қалай айтуға болады?
5. Сыр мен сымбаттың үйлесімі дегенді қалай түсінесіңдер?
6. Адамды тек сыртқы келбетіне байланысты сұлу деп айта аласыз ба? Неге?
7. Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?
8. Жаны сұлу адамды қалай сипаттар едіңдер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет