Рабочая учебная программа (силлабус)


ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ОРНЫ



бет2/11
Дата26.11.2022
өлшемі115 Kb.
#159981
түріРабочая учебная программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Білім беру ба дарламасы Образовательная программа барлы вс
Физикалық денсаулықтың әлеуметтік эпидемиологиясы Орындаған Сер-melimde.com
1 ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ОРНЫ


1.1 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Әлеуметтану қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік процестердің заңдылықтары мен тенденцияларын анықтауға, Қазақстан Республикасы қоғамның болашағын болжауға көмектесетін теориялық және эмпирикалық ғылыми зерттеулер негізі.


«Әлеуметтану» пәні – адамдардың әрекеттерін, оларды сол әрекетке итермелеп тұрған жалпы қоғамдық контексті түсінуге әсер ететін құралдарды ұсынады. Әлеуметтану жеке өмірімізде, елде және қоғамда кездесетін шағын ауқымды мәселелерді қарастырады. Бұл пән студенттердің әлеуметтану тұрғысынан ойлау қабілетін арттырып, осы сияқты проблемаларды жете түсініп, оларды шешуге құлшынысын арттыруды көздейді.


1.2 Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты:


Әлеуметтану пәнін теориялық тұрғыда оқып-біле отырып, түсініп, студенттерге өзінің қоғамдағы орны мен атқаратын ролін түсініп, бағалауға дағдылану, практикада қолдану жолдарын үйренуге тырысамыз. Коммуникативтік қабілеттілік дамыту және білім мен ұғымды қолдану, дұрыс шешімдер қабылдауға үйрену.
Пәнді оқытудың міндеттері:

  • негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;

  • қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;

  • заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру;

  • студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру.



1.3 Оқыту қортындысы

Оқыту нәтижелері Дублиндік дескрипторлар негізінде білім берудің тиісті деңгейіндегі құзыреттер арқылы көрсетіледі.





Қалыптасатын негізгі құзыреттер
Формируемые ключевые компетенции

Оқыту нәтижелері (түйінді құзыреттілік бірліктері)
Результаты обучения (единицы ключевых компетенций)

білім бағдарламасы
образовательной программы

пәндер
дисциплины

КК5 - Деректерді жинау, талдау және өңдеуді жүзеге асыру қабілеті, алынған нәтижелерді талдау және мазмұнды түсіндіру



Барлық Білім беру бағдарламалардан

- ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар саласында қоғамдағы нақты жағдай қатынасын бағалау;
- қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру;
- әртүрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру; әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар, қоғамының әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу;
- кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде бағдарламалар жасай алу;
- әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді түрде қорғай білу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет