Тақырыбы; Қазақстан археологиясының тарихы Орындаған; Амзехан Нұрсұлтан Ерланұлы Презентация мақсаты: Қазақстан Археологиясының дамуы мен дамуына үлес қосқан тұлғалармен таныстыру. Презентация мақсаты: Қазақстан Археологиясының дамуы мен дамуына үлес қосқан тұлғалармен таныстыру. Қазақстан археологиясының даму кезеңдері
4
Ресей патшалығының отарлау кезеңінде
1
2
3
5
Қазан революциясынансоң (КСРО
Кезіндегі қазақ жерінің зерттелуі)
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ
Археологиясының дамуы
Қазіргі таңда Қазақстан археологиясы
қалай дамып келеді
Қорытынды
Ресей патшалығының отарлау кезеңінде - Ең алғаш Қазақ археологиясы жайлы сыр шерткен еңбек 1707 жылы Тобыл боярының ұлы С.Ремезов жазған «Сібірдің сызба кітабы» жарық көрді. Онда географиялық деректермен катар, қазақ даласының археологиялык ескерткіштері туралы мәліметтер де келтірілген.
Ш.Ш. Уәлиханов Шеңгелдінің қираған үйіндісін, Шілік өзені бойындағы қаланы сипаттап, Талғар қаласына тоқталып өтті. Ш.Ш. Уәлихановтың Жетісу археологиялық ескерткіштеріне зор қызығушылық танытып, осы тақырыпта арнайы еңбек жазуға талаптанды. Қазақстанның тарихи ескерткіштеріне қатысты оның көзқарастары «Географический очерк Заилийского края», «Дневник поездки на Иссык-куль» мен «Очерки Джунгарии» сынды еңбектерінде көрініс тапты - Ш.Ш. Уәлиханов Шеңгелдінің қираған үйіндісін, Шілік өзені бойындағы қаланы сипаттап, Талғар қаласына тоқталып өтті. Ш.Ш. Уәлихановтың Жетісу археологиялық ескерткіштеріне зор қызығушылық танытып, осы тақырыпта арнайы еңбек жазуға талаптанды. Қазақстанның тарихи ескерткіштеріне қатысты оның көзқарастары «Географический очерк Заилийского края», «Дневник поездки на Иссык-куль» мен «Очерки Джунгарии» сынды еңбектерінде көрініс тапты
Н.Н. Пантусов зерттеулері - Н.Н. Пантусов Теректі шатқалы мен Көксу өзенінің жағалауларын мұқият зерттеп шығып, арқар, жылқы, ит еріткен аңшылар, т.б. бейнелері бар көптеген жартас суреттерін тауып, сипаттап шықты және бедерін түсірді.
Н. Н. Пантусов зерттулеріндегі әуесқой түсірілімдер И.А.Кастанье - И.А.Кастанье 1910 жылға дейін белгілі болған Қазақстанның барлық археологиялық ескерткіштерінің толыққанды тізімін түзіп, сыныптамасын жасады. Әлі күнге дейін құндылығын жоғалтпаған оның «Древности Киргизской степи и Оренбургского края» атты еңбегінде Қазақстан көне мұрасын зерттеудің қорытындысы толымды түрде баяндалды.
Қазан революциясынансоң (КСРО Кезіндегі қазақ жерінің зерттелуі) - Қазақстан археологиясының КСРО кезіндегі дамуы 1946ж. Ғылым академиясының құрылуына тікелей байланысты. Осы кезден бастап археологиялық зерттеулер орталығы Алматыға ауысады, археология бөлімі ашылады, оның алғашқы жетекшісі болып Ә.Х.Марғұлан тағайындалынады.
XX ғасырдағы Қазақ археологиясын дамытқан тұлғалар
Хасан Алпысбаев
Әлкей Марғұлан
Әбдіманап Оразбаев
Алтын адам – ғасыр жаңалығы - «»1970 жылы Есік қорғанынан әлем халқын дүр сілкіндірген « Алтын адам» табылды. Бул туындының құпиясын шешуге әлем халқы назарын аударды. Алтын адам тапқан – Кемел Ақышеы өз атын тарих беттеріне алтын әріптермен жазды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ Археологиясының дамуы - 1992 жылдан бастап қазақ-ресей экспедициясы құрылып, халықаралық «Ежелгі адам палеоэкологиясы және Еуроазиялық материктің алғашқы игерілуі» атты бағдарламаны іске асыру үшін Ресей мен Қазақстан аумағында біріккен жұмыстар жүргізілді. Ресей жағынан А.П. Деревянко басшылығымен РҒА СБ Археология және этнография институтының мамандар тобы жұмыс істесе, Қазақстан жағынан – Ж.Қ. Таймағамбетов басшылығымен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Заманауи археология - Жақында ғана әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан археологиялық орталық құрылды. Бұл орталықтың құрылуы ректор У.А. Жолдасбековтың бастамасымен 1971 жылы құрылған археология кафедрасының қызметіне байланысты болды. Осы жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің археология кафедрасынан ғылымда лайықты орын алған бірқатар ғалымдар білім алып шықты. Олардың арасынан Ж.К. Таймағамбетов, Ә.Т. Төлеубаев, С.И. Әжіғали, М.Е. Елеуов, Е.А. Смағұлов, М. Қожа және т.б. атап өтуге болады. Әр жылдары кафедрада Ә.Х. Марғұлан, С.С. Черников, Ю.А. Заднепровский, М.П. Грязнов, К.А. Ақышев, К.М. Байпақов, О.И. Ысмағұлов, Х.А. Алпысбаев, Х.А. Арғынбаев және тағы да көптеген белгілі ғалымдар дәрістер оқыған
Қазіргі таңда Қазақстан археологиясы қалай дамып келеді - Қазіргі таңда қазақ археологиясын дамуытуға Төлеубаев Әбдеш Тәшкенұлы, Жұматаева Ринат Серікұлы, Шәкенов Самат Талғатұлы, Ғани Омаров сыңды археологтарымыз Қазақ археологиясын дамытуға өз үлестерін қосып келеді
Достарыңызбен бөлісу: |