РЕФЕРАТ Тақырыбы: Бастауыш мектепте білім берудегі математика тарихы
Орындаған:Амантай Н.
Тобы:1301-72
Қабылдаған: Онтуганова Ш.
Шымкент 2023 ж.
Кіріспе:
1) Математика тарихы 2)Математиканың даму тарихының төрт кезеңі 3)Қорытынды Математика тарихы — математикағылымының ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі дамуын зерттейтін ғылым.
Математика (грек.mathematike- білім, ғылым)- ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістік формалары жайлы ғылым. Көрнекті совет математиктері А. Н. Колмогоров пен А. Д. Александров ұсынған жіктеу бойынша математиканың даму тарихы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең- математиканың білім- дағдыларының пайда болуы,қалыптасу, жинақталу дәуірі. Ол ерте кезден басталып б.з.б. 7-6 ғасырларына дейін созылды. Бұл дәуірде математика адамзат практикасы мен тәжірибесіне тікелей тәуелді болды, солардан қорытылған ережелер жинағынан тұрды. Екінші кезең- математиканың өз алдына дербес теориялық ғылым болып туу, қалыптасу кезеңі. Мұнда арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия айрықша теориялық пән болып қалыптасты. Бұл кезең тұрақты шамалар математикасының, кейде элементар математика кезеңі деп аталады. Ол екі мың жылға жуық мерзімге созылып, шамамен 17 ғасырда аяқталады. Үшінші кезең- айнымалы шамалар математикасы немесе жоғары математиканың туу, қалыптасу кезеңі. Бұл 17 ғасырда басталып, 19 ғасырдың 2-жартысына дейін созылды. Жиындар теориясына байланысты анализдің, геометрияның және алгебраның жаңа сападағы салалары шыққаннан кейін, математиканың негізгі мәселелерін жалпы қарастыру кезеңін төртінші кезеңге жатқызуға болады. Төртінші кезең-осы заманғы математика дәуірі,яғни”жиын теориясының”жарыққа шыққан уақыты.Бұл кезең 19 ғасырдың орта кезінен басталған.20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап математика және математикалық логика ғылымының көмегімен компьютер жасалды.Бұл математикадағы ең зор өзгеріс болып, математиканы бір түрлі техникаға, яғни яғни математикалық техникаға айналдырды.