Рахимгалиева пакизат сармановна


Профилактикалық іс-шара бағдарламасының басты міндеттеріне



бет25/56
Дата21.11.2023
өлшемі0,75 Mb.
#192716
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp

Профилактикалық іс-шара бағдарламасының басты міндеттеріне:
- студенттердің сәтті бейімделуіне ықпал ететін психологиялық-педагогикалық және физиологиялық жүйелі іс-шараларды жүзеге асыру;
- студенттерді кәсіпке оқытудың жаңа жағдайларына дайындау;
- ұжымдағы студенттердің әлеуметтік мәртебесін анықтау және қолдау;
- студенттерге жаңа білім беру ортасына байланысты психологиялық және физикалық жайсыздық туралы алдын-ала ескерту және олардың алдын-алу.
- студенттердің физикалық белсенділігін арттыру;
- студенттерге салауатты өмір салтын насихаттау және т.б жатады.
«Салауатты студент» бағдарламасының жалпы мазмұны психологиялық және физиологиялық бағыттағы жаттығулар кезінде де, рефлексия және физикалық белсенділікті іске асыру кезінде де қарастырылады және бекітіле түседі. «Салауатты студент» профилактикалық іс-шара бағдарламасы әрқайсысы 50 минуттан тұратын 15 сабақты қамтиды. Бір сабақ бір модульден тұрады. Екі модуль: бірінші және он бесінші – ұйымдастырушылық бағытта, ал қалған он үш модульде бағдарламаның негізгі жұмыстары қамтылады.
Іс-шараларды өткізу тәртібі:
1. Кіріспе бөлім: қатысушыларды ұйымдастыру.
2. Негізгі бөлім: психологиялық және физикалық жаттығулар, әр жаттығу бойынша кері байланыс.
3. Кері байланыс: қатысушылардың көңіл-күйі, когнитивті және психологиялық-эмоционалдық жағдайы.

Төмендегі 7-ші кестеде профилактикалық бағдарламаның жүргізілу тәртібі берілген.


Кесте 7 – Профилактикалық іс-шара бағдарламасының жүргізілу тәртібі





Оқыту формасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет