Рахимгалиева пакизат сармановна



бет51/56
Дата21.11.2023
өлшемі0,75 Mb.
#192716
түріДиссертация
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp
ТҮЙІНДЕМЕ Сейдахметова Асел, Эндрюстің эксперименттік изотермдері., Camtasia Getting Started Guide.1ppt, Сайыс сабақ қазақ тілінде Қызықты физика 7-сынып, Ұстаз 2 курс каз.яз ВШП -, аксезим, МКБ, Авесхан Анель Пмно 22-1-3, Модульное обучение, Тілек
ҚОРЫТЫНДЫ

Денсаулықты анықтау және өлшеу қиын, өйткені оны өлшеуге болатын кез-келген критерий салыстырмалы шама болып табылады. Жалпы алғанда, денсаулық деңгейі физикалық, психикалық даму көрсеткіштерінің, функционалдық жағдайдың және дененің физиологиялық жүйелеріне қойылатын талаптардың арақатынасы ретінде түсіндіріледі.


Студенттердің қазіргі өмір сүру жағдайлары әлеуметтік тұрақсыздықпен, психоэмоционалды және техногендік жүктемелерінің үнемі артуымен ерекшеленеді. Бейімделу мәселелерін тудыратын себептер ретінде қарқынды ақыл-ой еңбегі, шамадан тыс эмоционалды қысым, жоғары сұраныстар мен шектеулі мүмкіндіктердің арасындағы диссонанс және т.б себептер анықталуы мүмкін. Сондай-ақ, климаттық өзгерістер, дұрыс тамақтанбау, телефон құрылғыларын шамадан тыс пайдалану, физикалық белсенділіктің төмендігі және т.б студенттердің кәсіби іс-әрекетке бейімделуіне теріс ықпалын тигізеді.
Университет студенттерінің кәсіптік білім беру жағдайларына бейімделуінің жеке бағыты олардың жеке сипаттамасымен, жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің функционалды белсенділігімен, оқу жүктемесінің және медициналық-биологиялық, ақпараттық және әлеуметтік орта факторларының кешенді әсеріне психофизиологиялық және вегетативті реакцияларының ерекшеліктерімен сипатталады. Жоғары оқу орнындағы оқыту үдерісінде физиологиялық реакциялар кешенімен ерекшеленетін тұрақсыз (1-2 жылдық оқу) және тұрақты (3-ші жылдан бастап) бейімделу кезеңдерін атап көрсетуге болады.
Зерттеу жұмысы аясында жoғaры oқу oрнының студeнттeрін кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeудің физиoлoгиялық aспeктілeрі ғылыми-тeoриялық тұрғыдaн нeгіздeліп, жoғaры oқу oрнының студeнттeрін кәсіби іс-әрeкeткe нәтижелі бeйімдeудің физиoлoгиялық ерекшеліктері анықталды.
Жоғары оқу орындарында студенттердің психофизиологиялық дамуының қамтамасыз етілу деңгейін бағалау критерийлері нақтыланды. Олар дидактикалық, басқарушылық, педагогикалық, дұрыс тамақтану тәртібі, санитарлық-гигиеналық, медициналық, психологиялық, дене шынықтыру, үгіт-насихаттық, экологиялық, нәтижелік критерийлерден тұрды.
Жoғaры oқу oрны студeнттeрінің функциoнaлдық жaғдaйы мен еңбекке қабілеттілігін арттыратын «Салауатты студент» прoфилaктикaлық бағдарламасы дайындалды. ЖОО-ның әлеуметтік-мәдени ортасына студенттерді физиологиялық тұрғыдан бейімдеуге және дезадаптация көріністерінің алдын-алуға бағытталған профилактикалық бағдарлама спорттық, сауықтыру, мәдени-ағартушылық және ойын-сауықтық, танымдық және әлеуметтік-психологиялық бағыттағы іс-шаралардан құралды.
Сауықтыру бағытындағы жаттығулар жалпы төзімділікті дамытуға ықпал ететін циклдік аэробты жаттығулардан, жалпы және арнайы (жылдамдық) төзімділікті дамытатын, аралас аэробты-анаэробты бағыттағы циклдік жаттығулардан және күш төзімділігін арттыратын ациклдік жаттығулардан құралды. Студенттердің физикалық даму деңгейін бағалау үшін дене салмағы мен ұзындықты өлшеу техникалары, салмақ пен бойдың антропометрикалық стандарттары пайдаланылды. Ал, жалпы және әлеуметтік физикалық даярлық деңгейін бағалау әдістері ретінде физикалық даярлық деңгейін бағалауға арналған тесттер қолданылды.
ЖОО-дағы кәсіби іс-әрекетке студенттерді бейімдеудің физиологиялық аспектілерін зерделеу психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық факторларды ескерудің маңыздылығын көрсетті. Сол үшін де, студенттерді психофизиологиялық жағынан тестілеу жүзеге асырылып, алынған зерттеу нәтижелері сандық және сапалық жағынан өңделді.
Зeрттeу бaрысындa ЖOO-ны студeнттeрін кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeугe ықпaл жaсaйтын физиoлoгиялық нeгіздeлгeн «Салауатты студент» атты прoфилaктикaлық іс-шaрaлaр бағдарламасы өзінің нәтижелігін көрсетті. Студенттердің денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын ұстануға итермелеу, физикалық даярлығын арттыру сияқты оң нәтижелерге үздіксіз түрде, ұзақ уақыт бойы кешенді жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қолжеткізуге болады. Сондықтан да, жоғары оқу орны студенттерге кәсіби білім беріп қана қоятын мекеме емес, оларды жан-жақты дамытатын, салауатты тұлға ретінде қалыптастыратын әлеуметтік-мәдени ортаға айналуы тиіс.
Алынған зерттеу нәтижелері бірқатар ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
- Студент жастар арасында түрлі физикалық және психикалық ауруларды ерте кезден анықтау жөніндегі жүйелі скринингтен өту бойынша, ауруларды жұқтыру тәсілдері туралы студенттердің хабардар болу деңгейін арттыру, денсаулық үшін ортақ жауапкершілікке тәрбиелеу және профилактикалық тексерулерден міндетті түрде өту қажеттілігін ұғындыру бойынша ЖОО-да студенттерге жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары өткізілуі қажет.
- Оқудан тыс дене тәрбиесіне қатысты жұмыстарда сауықтыру, мәдени-ағарту және ойын-сауықтық бағыттағы спорттық шараларды өткізуге басымдық беру қажет. Еліміздегі жоғары білім беру ұйымдарында спорт клубтары желісін дамытуға назар аударылғаны жөн.
- Оқу жүктемелері мен оқу режимін қалыпқа келтіру, жоғары оқу орнында түрлі бағыттағы сауықтыру шараларын жүргізу (бассейн, массаж, жаттығу терапиясы, физиотерапиялық кабинет) студенттер арасындағы ауру белгілерінің төмендеуіне, бейімделу мүмкіндіктерінің артуына және оқу үлгерімінің жоғарылауына ықпал жасайды.
Зерттеу мәселесі көп салалы (педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік, физиологиялық, медициналық т.б) әрі күрделі болғандықтан, оның барлығын бір ғана зерттеу аясына сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан, қарастырылып отырған мәселе толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Ұсынылып отырған диссертациялық жұмыс жоғары оқу орны жағдайында студенттерді кәсіби іс-әрекетке бейімдеудің физиологиялық аспектілерін зерттеуге бағытталған бір қадам болып табылады және болашақта да өзінің жалғасын табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет