Мінез туралыжалпы ұғым Адамды сипаттағанда алдымен мінезін ескереді. Егерде қасында жақсы мінезді адам болса, өз басында үлкен жеңілдікті сезесің.,
Күнделікті өмірде адам мінезінің қарама-қарсы бітістері көрініс береді: қайырымды — сараң, батыл солқылдақ, жүректі — қорқақ, еңбекқор — жалқау, табанды -тұрақсыз т.б. Психологиялық әдебиетте мінезді характер деп атайды. Бұл гректің сөзі, аудара келгенде баспаға басу, суреттеу, мәнерлеу деген мағынада. Шынында да қоғам тәрбие арқылы адамның мінезін баспаға басқандай қылып, керекті көрінісін жасайды. Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Мінез адамның өзіне үйреншікті жағдайларда жасалатын мінез-құлқының бағдарламасы іспеттес. Ол өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып, жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасы ретінде қалыптасады.
Мінездің көрінісі көптеген тұрақты бітімдерге айналып, адамның қоршаған дүниеге, басқа жандарға, психикалық процестерге деген қарым-қатынасын аңғартады. Мәселен педагогтардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің, инженерлердің т.б. мінез бетістерінің ұстамдылығы, байсалдығы, шыдамдылығы, байқағыштығы айрықша көрініс беруге тиіс. Сондай-ақ адамның мінезінің құрылымында өзіне ғана тән индивидуалдық өзгешеліктері де болады, өйткені әр адамның талғамы, талпынысы жалпы өмір тәжірибесі әр түрлі болып келеді.
Адамдарды жоғарыда көрсетілген белгілі бір типке жатқызған болсақ, біз олардың мінездерінің бітістерін үйлесімді, жарасымды деп есептейміз. Демек, мінездің үйлесімділігі, жағымдылығы болып қалатын шәлкестерде түгелдей жоққа шығарылмайды. Мәселен адамның ақкөңілділігі кейде оның принципшілдігімен сәйкес келіп қалуы мүмкін. Мінездің бітістерін адамның өмірге деген сенімдеріне, көзқарастарына беталысының басқа да ерекшеліктеріне жатқызуға болмайды. Мәселен ақжарқын және көңілді адамның бірінің адамгершілік қасиеті өте жоғары болса, осындай мінез бітістері бар басқа біреу өз басындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арамдың жасаудан да тайсалмайды. Сонымен қатар мінездің кейбір бітістері адамның жеке басының беталысымен анықталып отырады. Мәселен отанға деген орасан зор сүйіспеншілік адамның жеке басында қайтпас қайсарлық, ерекше батылдық және ерлік туғызып отырады.
Адамның тәжірибесінен көрініс беретін мінез бітістері өте көп, әйтеуір мыңнан артық деп есептеледі. Олардың бәрін атап шығудың пайдасы жоқ, бірақ сан жағынан біреудің мінезінде белгілі бір бітістер басым болуы мүмкін. Мысалы, адамдардың ішінде жомарттығы, әлде адалдығы мен олардың ашықтығы азды көптілері кездесіп отырады. Егерде мінездің осы әлде басқа бітістерінің сандық көрсеткіші шегіне жетсе, мінез акцентуация көрінісін береді. Бұл кейбір бітістердің күшею нәтижесінде асып шегіне жеткен мінез көріністері индивид стресс сезімін пайда қылатын факторлардың бірінен тез күйзеліп қалса, енді біреулеріне шыдамдылық көрсетеді