РайымқҰлова айнаш дастанқызы



бет2/3
Дата04.07.2018
өлшемі299 Kb.
#47166
түріАвтореферат
1   2   3
4. Қорытынды

кезең



Конструктивтік

Технологиялықық

Эстетикалық

Экологиялық

Экономикалық

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымы шешімінің көрсеткіштері




-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Сәндік-қолданбалы өнер бұйымын өңдеу



3. Технологиялық

кезең

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау



Еңбек процесін жоспарлау

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымының көркемдік- конструкторлық шешімі

Шешімнің оңтайлы амал-жолдарын таңдау және бағалау



2. Көркем-конструкторлық

кезең

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Сәндік-қолданбалы өнер бұйымының композициялық шешмін айқындау және ақпарат жинау, оны талдау, топшылау, жұмыс орнын ұйымдастыру


1. Ұйымдастыру


Сәндік-қолданбалы өнердің қажеттілігін анықтау


даярлық

Сәндік-қолданбалы өнер түрі бойынша ақпарат көздері


2-сурет – Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жобалау кезеңдері


Қалыптастыру экспериментінің осы кезеңінде мектеп мұғалімдеріне арнап «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері технологиясының өзіндік ерекшеліктері» тақырыбы бойынша семинар жүргізілді (10 сағат, оның 4 сағаты лекция, 6 сағаты лабораториялық-практикалық сабақтар). Мақсаты-мұғалімдерді қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің жасалу технологиясымен, технологиялық мәдениетті қалыптастырудағы мүмкіндіктерімен таныстыру және оларды оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалануға үйрету.

Қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде үйірме жұмысының жоспарына енген тапсырмалар қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға, жалпыдан жекеге қарай үйрету қағидалары арқылы жүзеге асырылды. Оны оқушылардың үйріме жұмысы барысында меңгерген білім мазмұны айғақтайды. Мәселен, егер «Ынталылар тобы» (5-6 сынып) үйірме жұмысында: құрақ құрау, кестелеу, бастырмалау технологиясын меңгерсе, «Іскерлер тобы» (7-8 сынып) ши тоқу, сырмақ сыру, киіз, текемет басу технологиясының қыр-сырын меңгеріп, оны өздері дербес жасауға талпынды, ал «Шеберлер тобы» (9 сынып) кілем (түкті, тақыр) тоқу, ұлттық бас киімдер жасау технологиясын меңгерді, оларды жасауда шығармашылық ізденіске бағдарлады. Оқушылардың меңгерген білім, іскерлік деңгейі кішігірім (естелікке ұсынатындай) «құрақ көрпе» жасау, «ши тоқу», «тақыр кілем тоқу», «Қазақтың дәстүрлі қолөнері» тақырыбына шығарма жаздыру арқылы айқындалды. Тапсырмалар бойынша жасалған бұйымдардың мазмұны оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолөнеріне қызығушылығын арттырып, оларды жасау технологиясынан іскерлігін шыңдаса, шығармалардың мазмұны «қол өнер», «ою-өрнек», «сәндік өнер» ұғымы саласынан теориялық, технологиялық білімінің тұрақтала түскенін, оларды күнделікті өмірде еркін пайдалана алатынын көрсетті. Алынған нәтиже оқушылардың «Технология» пәнінен алған білім, іскерлігін міндетті түрде үйірме жұмыстарында логикалық бірізділікте жетілдіріп отыру қажеттігін дәлелдейді.

Қалыптастыру экспериментінің 3-ші кезеңінде оқушылардың сәндік-қолданбалы өнер түрлерінен меңгерген білім, іскерлік, дағдысы, технологиялық мәдениеті олардың, көрмелерге қойған шығармашылық туындылары арқылы, көрме барысында жүргізілген сауалнамалар арқылы бағаланды. Шығармашылық туындылар да, сауалнамаға берген жауаптар да оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін, соның ішінде ою-өрнек түрлерін бір-бірінен жақсы ажырата алатынын, оларға деген қызығушылығының жоғары екенін, олардың символикалық, семантикалық мәнін, дүниетанымды, адами қасиеттерді, рухани-мәдениетті дамытудағы мүмкіндігін жақсы түсінетіндігін көрсетті. Мысалы, «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері саған несімен ұнайды?» деген сауалнамаға оқушылар: Өзінің көркемдік көрінісімен» (Дәулет 6а), «Өзінің көпжақтылығымен, ол ши тоқуды, кілем тоқуды, зергерлік заттарды жасауды қарастырады» (Асқар 5б), «Ою-өрнектерінің әдемілігімен» (Айдана 7б), «Сезімге әсер етуімен» (Айнұр 7б), «Оларды күнделікті өмірде пайдалануға болады» (Шыңғыс 8г), «Халықтың ой-арманы мен тілек-мүддесін жеткізіп тұрғандай болады» (Гүлмариям 9а), «Жоғары эстетикалық талғамымен» (Мадина 9в), және т.б. жауап берген.

8-9 сынып оқушыларының шығармашылық зерттеу жұмыстарына қатысып (семинар, конференция, олимпиада және т.б.), жүлделі орындарға ие болуы да олардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушылығының артып, аялы көзқарасының қалыптасқанын, білім деңгейлерінің жоғарылағанын, айғақтайды. Нақты тақырыптар бойынша жазылған рефераттар мен баяндамалардың мазмұны да («Қазақтың ұлттық киімдерінің өзіндік ерекшеліктері», «Өнер түрлерінің ертегідегі көрінісі», «Қазақтың дәстүрлі тері өңдеу өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер - әдеміліктің символы және т.б.) оқушылардың танымдық санасының өсуінен, рухани-мәдениетінің, эстетикалық талғамының жетілгенін, мәдени мұраның қажеттілігін түсінгенін дәлелдейді. Оқушылардың шығармашылық туындыларының облыс, аудан көлемінде ұйымдастырылған көрмелер мен байқауларда жүлделі орын алуы да, мектеп бітіруші оқушылардың жоғары оқу орындарының 050120- Кәсіптік оқыту («Бейнелеу өнері және сызу» «Дизайн» т.б. мамандандыру) мамандығын таңдауы да оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне танымдық қызығушылығының артқанын, оның болашағын түсіне білгенін, мұғалімдердің оқушылармен жұмыс істеу әдістемесінің тиімділігін көрсетеді.



Қалыптастыру экспериментінің барлық кезеңдерінде ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыс формалары мен әдістері (шеберлермен кездесулер, пікір-талас, дөңгелек стол, «Ою-өрнек өнері әлемінде» апталығы, «Ою-өрнек сыры» диспут және т.б.) оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда елеулі рөл атқарды, жұмыс нәтижесі диссертацияда баяндалады. Тәжірибелі-эксперимент жұмысының соңғы, бақылау кезеңінде қайтара жүргізілген анкеттік сұрақтардың нәтижесі оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері бойынша технологиялық мәдениетінің жоғары деңгейге көтерілгендігін дәлелдейді (4-кесте).
4-кесте - Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетінің қалыптасу деңгейінің көрсеткіштері (%):


Деңгейлері

Эксперимент тобы – 83 оқушы

Бақылау тобы – 85 оқушы

Басы

Соңы

Басы

Соңы

Жоғары

1,1%

38,82%

-

-

Жеткілікті

7,9%

39,43%

6,8%

17,9%

Орта

56,5%

21,75%

54,9%

55,1%

Төмен

34,5%

-

38,30%

27,0%

Эксперименттің қорытынды нәтижесінен мынаны көруге болады: егер, эксперимент басында оқушылардың 1,1% жоғары деңгейді көрсетсе, эксперимент соңында ол 38,82%-ға жоғарылады; жеткілікті деңгейді алғашында 7,9% көрсетсе, соңында 39,43%-ға жетті, орта деңгейді алғашында 56,5% көрсетсе, эксперимент соңында 21,75%-ға төмендеді; төменгі деңгейді 34,5% көрсетсе, экспримент соңында төмен деңгейді көрсеткендер болмады. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Сонымен, тәжірибелі-экспримент жұмысы оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы технологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық моделінің, оның өлшемдері мен көрсеткіштерінің, деңгейлерінің дұрыстығын, біздің ұсынған әдістемеміздің тиімділігін дәлелдейді.


ҚОРЫТЫНДЫ
1. Ғылыми әдебиеттерге (философиялық, психологиялық-педагогикалық, мәдениеттану) жасаған талдау әлемдегі әлеуметтік экономиканың түрленіп дамуына, әрбір адамның іс-әрекетін түрлендіруге талаптардың артуына және проблеманың теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуіне байланысты жеткіншектердің технологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасының көкейкесті екенін дәлелдейді.

2. Оқушы тұлғасының технологиялық мәдениеті дегеніміз – оқушының түрленген іс-әрекетті тиімді жүзеге асырудағы субъективті шарттары болып табылатын жеке басына тән психологиялық ерекшелігі. Ол мотивтер мен құндылықтар жүйесін, қайта өңделген іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті ғылыми және технологиялық білім, іскерлік, дағды жүйесін, сондай-ақ осы іс- әрекетке ендіруге қажетті тәжірибені қарастырады.

Технологиялық мәдениетің құрылымдық компоненттері болып: эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттер саналады. Бұл компоненттердің өзара байланысы практикада анықталған, зерттеліп отырған проблеманың тұтастығын сипаттайды. Эмоционалдық-мотивациялық компонентінің қалыптасуына байланысты білім саналы түсінікпен, тиянақты меңгеріледі және іс-әрекет тиімді ұйымдастырылып, орындалады; мазмұндық компонент іс-әрекеттің болашағын, оқушылардың өзара қарым-қатынас сипатын анықтайды; іс-әрекеттік компоненттің мазмұны мотивациялық саланың, құндылық бағдардың, адамгершілікті-еріктік қасиеттерінің дамуына ықпал етеді, ойлау әрекетін белсендендіреді.

3. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне жасаған талдау оларды технологиялық мүмкіндіктеріне қарай жіктемелеуге септігін тигізеді және оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратынын айғақтайды.

4. 5-9 сынып оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстарға жасаған талдау оқу-тәрбие процесінде қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жан-жақты пайдалануға болатынын дәлелдейді.

5. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру моделінің тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелерімен дәлелденеді.

6. Ұсынылған модельді төрт кезең арқылы жүзеге асыру (ұйымдастыру-даярлық кезеңі, көркем-конструкторлық кезең, технологиялық кезең, қорытынды кезең) оқушылардың өздігімен дербес жұмыс істеу деңгейінің өсуіне, оқу материалдарын сыныптан-сыныпқа біртіндеп күрделендіріп отыруға мүмкіндік берді.

7. Айқындалған және эксперименттік тексерістен өткен педагогикалық шарттар (қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер негізінде құрылған оқу материалдарының мазмұнын оқушының қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне қарай сұрыптау; оқытудың белсенді формаларын, әдіс-тәсілдері мен құралдарын пайдалану; оқушылардың өзара әрекетін ынтымақтастық, өзара көмек, жұмысты бөліп беру (тапсыру) принциптеріне негіздеу) модельді тиімді жүзеге асыруда қажет болып саналады.

8. Тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелілігі қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениеті қалыптасуының өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері бойынша айқындалды.

9. Бағдарламаларға жасалған қосымшалар, әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар мұғалімдерге оқу-тәрбие процесінде қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін меңгерту жағдайында оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда үлкен септігін тигізді.

10. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін оқу-тәрбие процесінде пайдалануға байланысты мұғалімдермен өткізген семинар жұмысы олардың осы проблема саласынан білім, іскерлігін айтарлықтай жоғары деңгейге көтерді.

Зерттеудің нәтижесі бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:

1. Эксперимент барысында тексерістен өткен әдістемені оқу-тәрбие процесінде оқушылардың технологиялық білімін қалыптастыру мақсатында пайдалануға болады.

2. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында меңгертуді тиімді ұйымдастыру үшін педагог кадрларға тиісті даярлық және қайтара даярлық қажет.

3. Оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы технологиялық мәдениетін қалыптастыруда біздің «Технология» пәні бағдарламасының бөлімдері бойынша жасаған («Сәндік-қолданбалы өнер элементтері. Тігін бұйымдарының сән үлгілері», «Түксіз кілем тоқу») қосымшаларды пайдаланған жөн.

4. Ұсынылып отырған тақырыптық жұмыс жоспары негізінде «Технология» пәні мұғалімдеріне арнап тұрақты жұмыс істейтін семинар ұйымдастыру қажет.

5. Оқушылардың технологиялық мәдениетін жүйелі бірізділікте қалыптастыру мақсатында жоғарыда аталған бағдарламаның негізінде үйірме жұмысын ұйымдастырған дұрыс.

Жүргізілген зерттеу жұмысы күрделі де көпсалалы болғандықтан, оның бағытының бәрі шешімін тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері негізінде оқушылардың технологиялық мәдениетін сыныптан тыс іс-әрекеттерде қалыптастыру; қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға оқытушыларды даярлау және т.б. мәселелер зерттеуді талап етеді.



Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды


  1. Оқу білім негізі – ұлттық тәрбиеде / Білім-Образование.- 2006, № 6 (30).- Б. 44-45.

  2. Білім мен тәрбие сабақтастығы басты мақсатымыз / Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана.- 2006, № 12 (43). – Б. 52-54.

  3. Тоқыма үй жиһаздары бұйымдарын жасауды меңгертейік / Қазақстан мектебі.- 2007, № 1. – Б. 47-49.

  4. Кәсіптік білім берудегі этнопедагогика 050120 – «Кәсіптік оқыту» мамандығына арналған типтік оқу бағдарламасы // М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Оқу әдістемелік бірлестігі № 175, 29.05.07, Шымкент, 2007. - 5 бет.

  5. Этнопедагогика в профессиональном образовании – по специальности 050120 – «Профессиональное обучение» типовая учебная программа // ЮКГУ им. М.Ауезова, № 175, 29.05.07, Шымкент, 2007, - 6 с.

  6. Сәндік-қолданбалы өнерге баулуда оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін арттыру // Ізденіс - Поиск.- 2006, № 4 (2). – Б. 162-165.

  7. Оқушылардың қолөнерге бейімділігі мен эстетикалық деңгейінің сабақтастығы арқылы этнопедагогикалық тәрбие беру / Ұлт тағылымы – Достояние нации.- 2006, № 3. – Б. 46-51.

  8. Халық тәрбиесіндегі жұмбақтардың маңызы // «Жас ғалым 2007» Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтының құрылғанына 40 жыл толуына арналған жас ғалымдардың II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері. Тараз, 2007. – Б. 49-52.

  9. М.О.Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық көзқарастары // «Қазақстанда гуманитарлық ілімдердің дамуы: ізденістер, даму перспективалары мен бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2006. – Б. 219-221.

  10. Аукцион іскерлік ойын сабағы // «Шоқан тағылымы – 12» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Көкшетау, 2007, том 1. – Б. 320-323.

  11. Обучаем школьников традиционному безворсовому ткачеству // Школа и производство. – Москва.- 2008, № 5. – Б. 37-39.

  12. Түксіз кілем тоқудың әдістемесі // Әдістемелік құрал «Қазақ университеті». – Алматы, 2007. – 152 бет.

  13. Обучение школьников изготовлению безворсовых ковров // Технология в школе. 2008, № 2. – Б. 36-44

  14. Мектептегі жоба жұмысының кіші бизнесті дамутыға бағытталуы // «Современные проблемы подготовки педагогических кадров и перспективы развития естественных наук – 2» Международная научно-педагогическая конференция. – Шымкент, ХҚТУ ШИ, 2008. – Б. 178-183.

  15. Мектептегі «Акбура» шағын фирмасының бизнес-жобасын негіздеу // Мектептегі технология.- 2008. - № 7.


РЕЗЮМЕ
Райымкулова Айнаш Дастановна
Формирование технологической культуры школьников средствами казахского народного декоративно-прикладного искусства

13.00.01 – Общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика

Актуальность исследования. Основной тенденцией развития современной школы является переход к личностно-ориентированному образованию. Его отличительными характеристиками выступают: гуманное отношение к ребенку, поддержка его индивидуальности, удовлетворение его образователных, духовных, культурных, жизненных потребностей и запросов; различные способы самореализации личности в культурно-образовательном пространстве. Цель личностно-ориентированного образования – всесторонее культурное развития личности.

В системе личностно-ориентированного образования важное место принадлежит технологическому. Образовательная сторона «Технология» призвана воспитывать человека не только знающего, но и умеющего. Каждый человек в своей практической деятельности постоянно решает различные проблемные задачи. В настоящее время делаются попытки систематизировать осваеваемые учащимися материалы казахского народного декоративно - прикладного искусства и руководство ею со стороны учителя. Это нашло отражение в том, что в программу предмета «Технология» для общеобразовательных школ введены направления казахского народного декоративно-прикладного искусства.

Вопросы формирования технологической культуры учащихся 5-9 классов средствами казахского декоративно-прикладного искусства не нашли отражения в специальных исследованиях, однако были рассмотрены в связи с анализом проблем трудового, экономического, нравственного, эстетического воспитания школьников.

Актуальность проблемы исследования обусловлена противоречием между осознанием необходимости формирования технологической культуры учащихся средствами казахского народного декоративно-прикладного искусства и недостаточной разработанностью научно-теоретических основ и методического оснащения.



Объект исследования: учебно-воспитательный процесс общеобразовательной школы.

Предмет исследования: процесс формирования технологической культуры учащихся 5-9 классов средствами казахского народного декоративно-прикладного искусства.

Цель исследования: теоретически обосновать и экспериментально проверить модель формирования технологической культуры школьников средствами казахского народного декоративно-прикладного искусства в учебно - воспитательном процессе и педагогические условия ее эффективной реализации.

Задачи исследования:

- осуществить теоретическое обоснование необходимости формирования технологической культуры школьников;

- определить возможности казахского народного декоративно-прикладного искусства в формировании технологической культуры школьников;

- разработать модель формирования технологической культуры школьников средствами казахского народного декоративно-прикладного искусства и выявить их педагогические условия ее реализации;

- разработать методику формирования технологической культуры школьников средствами казахского народного декоративно-прикладного искусства и осуществить опытно-экспериментальную проверку ее эффективности.

Научная новизна исследования:

- конкретизированы сущность и структурно-содержательные компоненты технологической культуры школьников, логика ее формирования и уровни развития;

- определены возможности казахского народного декоративно-прикладного искусства в формировании технологической культуры школьников;

- разработана модель формирования технологической культуры школьников средствами казахского народного декоративно-прикладного искусства и определены педагогические условия эффективного их внедрения;

- разработана методика формирования технологической культуры школьников средствами казахского народного декоративно-прикладного искусства.

Практическая значимость исследования состоит в том, что разработана методика использования элементов декоративно-прикладного искусства казахского народа учебной и во внеучебной деятельности в целях формирования технологической культуры школьников; составлены методические рекомендации, дополнения к программе предмета «Технология», программа кружковой работы, обеспечивающие формирование технологической культуры школьников средствами декоративно-прикладного искусства казахского народа.

Результаты исследования могут быть использованы в общеобразовательных школах, гимназиях, лицеях, а также в системе подготовки и переподготовки педагогических кадров.



Основные положения, выносимые на защиту:

1.Технологическая культура личности учащегося – это индивидуально- психологические особенности, являющиеся субъективными условиями успешного осуществления их преобразовательной деятельности. Она характеризуется наличием системы мотивов и ценностей системы научных и технологических знаний, умений и навыков, необходимых для осуществления преобразовательной деятельности, а также опыта по включению в эту деятельность.

2. Классификация и отбор содержания казахского народного декоративно - прикладного искусства доказывают о высоких педагогических возможностях в формировании технологической культуры учащихся.

3. Модель формирования технологической культуры школьников средствами казахского народного декоративно-прикладного искусства представляет собой совокупность эмоцоинально-мотивационного, содержательного, деятельностного компонентов и характеризуется определенными критериями, показателями и уровнями. Процесс ее реализации обеспечивается с учетом таких педагогических условий как: отбор содержания казахского народного декоративно-прикладного искусства в соответствии с интересами и возможностями учащегося; использование активных форм, методов и средств обучения, способствующих осознанному выполнению деятельности; организацию взаимодействия участников деятельности (учитель, учащихся, родители), основанного на принципах сотрудничества, взаимопомощи.

4. Методика формирования технологической культуры учащихся средствами казахского народного декоративно-прикладного искуссва ориентирует учащихся на творческое использование освоенных знаний, умение и навыков в практической деятельности.

Научные результаты исследования:

1. Уточнена сущность понятий «культура», «технология», «технологическая культура личности» как теоретическая база исследования.

2. Уточнена сущность понятий «ремесло», «декоративное искусство», «декоративно-прикладное искусство» с учетом предмета исследования, дано авторское определение.

3. Осуществлена классификация и отбор содержания казахского народного декоративно-прикладного искусства.

4. Опеделены педагогические возможности казахского народного декоративно-прикладного искусства в формировании технологической культуры учащихся.

5. Разработана модель формирования технологической культуры учащихся средствами казахского народного декоративно-прикладного искусства.

6. Выявлены педагогические условия, способствующие реализации модели формирования технологической культуры учащихся средствами казахского народного декоративно-прикладного искусства.

7. Разработана методика организация освоения учащимися казахского народного декоративно-прикладного искусства, основанного на реализации практико – ориентированного и личностно-деятельностного подходов.

8. Определены пути подготовки учителей, способных квалифицировано организовать обучение казахскому народному декоративно-прикладному искусству с целью формирования технологической культуры школьников.

9. Разработаны программы, дополнения к программам, методические рекомендации, обеспечивающие управляемость формированием технологической культуры учащихся в процессе обучения казахскому народному декоративно - прикладному искусству.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет