Палитралар функциялары. Практикада векторлық иллюстрацияларды құруда ең көп қолданылатын палитралар Сызық, Каталог және Синтез болып табылады.
Сызық палитрасы контурлардың қасиеттерін сипаттайды.
Қалыңдық (Толщина) өрісінде берілген мән сызықтың қалыңдығын анықтайды және пункттермен өлшенеді (пунк – бұл милиметрдің 1/3 бөлігі). Соңы (Концы) параметрлері контурдың соңындағы тірек нүктелерін безендіру әдістерін анықтайды, ал Стыки параметрі – аралық тірек нүктелерінің қасиеттерін анықтайды.
3. Тірек нүктелерінің екі түрі бар: тегіс және бұрыштық. Олар тірек нүктелерінде екі сегмент қиылысқанда әр түрлі болады. Тегіс тірек нүктелері қисықтың басқа қисыққа жайлап ауысын қамтамасыз етеді. Бұрыштық нүктелер мұны қамтамасыз етпейді.
4. Қажеттілігіне қарай сызықты пунктирлі және штрих пунктирлі етіп жасауға болады. Бұл үшін Пунктирлі жалаушасы орнатылады. Сызық параметрлерін Штрих және Зазор өрісінде береді.
5. Каталог палитрасы дайын үлгілерден контур заливкасының параметрлерін жылдам таңдау үшін қызмет етеді.
6. Палитраның төменгі бөлігінде командалық кнопкалармен қажетті келесі үлгілер тобы таңдалады: түс үлгілері, градиент пен орнамент үлгілері.
7. Жаңа үлгі (Новый образец) кнопкасымен суреттің ағымдағы негізгі түсімен бірдей жаңа түс үлгісін жасайды. Ағымдағы түсті таңдауды Синтез палитрасында орындайды. Түсті келтіруді ситнезбен бірнеше құраушылар арқылы орындайды. Егер де түс компоненттерінің сандық мәні белгілі болса, оларды сәйкес өрістерге енгізуге болады. Егер компоненттер белгісіз болса, түсті ауыстыру арқылы келтіреді.
8. Түстік модельді таңдау қосымша терезеде үшбұрышты стелкалы кнопканы шерткенде ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |