Құрал – саймандар палитрасы


Бейненің элементтерін «Клондаушы штамп» құралымен қалпына келтіру



бет6/6
Дата30.04.2020
өлшемі79,89 Kb.
#65198
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Құрал – саймандар палитрасы

Бейненің элементтерін «Клондаушы штамп» құралымен қалпына келтіру. Фотосуреттегі ақаулар мен керексіз объектілерді өшіру мен жасырудан бөлек «Клондаушы штамп» құралымен бейненің жетіспейтін элементтерін қалпына келтіруге болады. Жұмысқа кіріспес бұрын қажетті объект ерекшеленеді, сонан соң құралдар панелінен «Клондаушы штамп» құралы таңдалады. Клондау үшін жұмсақ қылқалам пайдаланылады. Клондалатын объект үшін үлгі алынады және ұқсас түстер мен жақын жатқан бөліктерден қиындылар алынады. Тышқан көмегімен клондалатын облыстың центрі белгіленеді. әрі қарай тышқан көрсеткішімен үлгілер бейнеге көшіріліп, сурет қалпына келтіріледі. Егер суретті қалпына келтіруде қателік жіберілген болса, қайтару командасын беру арқылы түзутуге немесе қайта орындауға болады.

Бейненің элементтерін «жамау» салу арқылы қалпына келтіру. Жоғарыда айтылғандай бейне фрагменттерін қалпына келтіруді тек «Клондаушы штамп» құралымен ғана емес Patch Tool (J) – «Жамау» құралының көмегімен де орындауға болады. Клондаушы штампқа ұқсас бұл құрал да фотосуреттің көрсетілген фрагментін бейненің басқа жеріне көшіреді, бірақ ол мұны қылқаламмен емес, аймақты ерекшелеу және оны жаңа орынға көшіру жолымен жасайды. Яғни құралдың аты айтып тұрғандай мұнда негізінен бейнені жамау арқылы қалпына келтіреді. Зақымдалған немесе жетіспейтін бөлікті ұқсас объектілерден көшірілген жамауларды, фрагменттерді әкеліп орнату арқылы қалпына келтіруге болады. Бұл әдістің бір ерекшілігі – жамау ретінде тек суреттердің фрагменттері ғана емес, аймақты ерекшелегеннен кейін палитрадан таңдалатын өрнектерді де қолдану мүмкіндігі.

Stamp Tool (S) – «Өрнекті штамп» құралының көмегімен бейненің элементтерін өшіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет