Бейненің элементтерін «Клондаушы штамп» құралымен өшіру. Егер суреттегі дақ немесе зақымдалған сияқты ақауларды жасыру немесе бейнедегі бөгде заттарды өшіру керек болса Clone Stamp Tool (S) – «Клондаушы штамп» құралын қолданудан артығы жоқ. Ол ақаулы бөлікті дәл сол бейнедегі жақын жатқан аймақтардың фрагменттерімен білінбейтіндей етіп ауыстырады. Бұл құрал келесі үлгіде жұмыс жасайды. Алдымен клондалатын бейненің фрагментінен тышқанды шерту арқылы үлгі алынады. Сонан соң қылқаламның көмегімен алынған үлгідегі бейненің ақауы бар бөлігі боялады.