Табуляция сызғышы – табуляцияланған текстпен жұмыс істеуге арналған.
Суреттерді қалпына келтіру
1. Бейненің керек емес элементтерін өшіру және жлғалған фрагменттерді қалпына келтіру.
2. Бейненің элементтерін «жамау» салу арқылы қалпына келтіру.
Бейненің керек емес элементтерін өшіру және жоғалған фрагменттерді қалпына келтіру. Фотосуреттерде және сканермен енгізілген бейнелерде әр түрлі техникалық ақаулар : дақтар, кірлеген жерлер өте жиі кездеседі. Бұл ақауларды міндетті түрде жасыру қажет. Сондай-ақ түсіру кезінде кадрға әр түрлі қажетсіз, суреттің әдемілігін құртатын заттар – трубалар, құбырлар, өткізгіштер, қоқыстар түсіп кететін жағдайлар болады. Осы ақауларды және бөгде объектілерді өшіру Adobe Photoshop – тың арнайы құралдарының көмегімен жүзеге асырылады : Clone Stamp Tool (S) – «Клондаушы штамп» құралы, Pattern Stamp Tool (S) – «Өрнекті штамп» құралы, Healing Brush Tool (J) – «Тірілтуші қылқалам» құралы, Patch Tool (J) – «Жамау» құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |