Құрамы 12 суреттен, 15 кестеден тұрады. Кілт сөздер: қауіпсіздік, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер, конфессия, ислам


Сирек жер элементтерінің ерекшелігі, анықталу және бөліп алу әдістері



бет6/28
Дата08.02.2022
өлшемі493,07 Kb.
#123950
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
дарын жумыс
заттар интернеті, 23-9, Шырын
1.1 Сирек жер элементтерінің ерекшелігі, анықталу және бөліп алу әдістері
Сирек жер элементтерінің ғылым мен техниканың түрлі салаларында кеңінен қолданылуы оларды сараптау әдістерінің қарқынды дамуын талап етеді. Аналитиктердің негізгі мақсаты сирек жер элементтердің физика-химиялық қасиеттерін зерттеп, анықтау. Және біл элементтердің –микро, -макро санын анықтаудың ең оңтайлы әдістерін анықтап, табу. Бірақ қасиеттерінң бір-біріне ұқсаса болуы олардың бөлінуін қиындатады. Осы себепті химиялық әдістерге физикалық әдістер қосылған.
Соңғы жылдары сирек жер элементтерінің зерттеудің шешу табуды қажет ететін эмиссионды спектроскопия әдісінің мәселелері көбейіп келеді. Осыған қоса сандық спектрлі талдауды жасақтау бірнеше факторларға тәуелді, оның бастысы сирек жер элементтерінің химиялық құрамын анықтау болып табылады. Осыған қоса рентгендң талдау әдістері де үлкен сұранысқа ие. Бірақ бұл әдістердің бағасы жоғары болғандықтан, кейбір жағдайда қолданылмай жатады.
Өте улкен жұмыс жасай алатын масс-спектроскопиялық әдіс те бар. Бұл әдістің артықшылығы бір уақытта 70-ке жуық элементтерді анықтай алуында. Сирек жер элементтері бар қоспа құрамынан олардың мөлшері анықтау өте қиынға соғады. Сол себепті осындай жағдайда қолданысқа өте тиімді әдістердің бірі индуктивті байланысқан плазмалы масс-спектроскопиялық анализ. Бұл әдіс арқылы біз барлық сирек жер элементтерінің концентрацияларын біле аламыз. Ғылыми жұмыстардан байқағанымыздай 50-100 г аппатит концентратының АК 3217 құрамындағы сирек жер элементтері анықталды, оның құрамы 1-кестеде келтірілген. Ерітінді 2% HNO3 еріткішімен дайындалған [1].
Көріп тұрғанымыздай аппатит концентраты құрамында бірнеше сирек жер элементтері кездескен. Бұлардан бөлек тағы натрий, алюминий, калий, кальций, титан, темір және уран кездескен.
Тура осы әдіспен 2462-82 аппатит концентратының құрамын анықтаған. Оның құрамында сирек жер металдарының оксидтерінің мөлшерін анықтаған. Нәтиже бойынша диспрозий оксидінің (Dy2O3) пайыздық мөлшері 0,0075±0,0001 % құраған. Және де АК 3217 аппатитті концентрат құрамынан сирек жер металдарының оксидтерінің мөлшерін анықтаған кезде диспрозий оксидінің (Dy2O3) пайыздық мөлшері 0,0087±0,0004 % құраған. Кольский аралынан алынған аппатаит 8R концентратының мономинералды фракциясының құрамын МС-ИСП ELAN-9000 DRC-e аппаратымен анықтау барысында алынған нәтиже бойынша диспрозий металының пайыздық мөлшері 0,0107 % - ды құраған.
Қазір еліміздің барлық өңдіріс орындарында осы әдістерді пайдаланып минерал құрамынан сирек жер элементтерін анықтап алу көп тараған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет