Құрамы 12 суреттен, 15 кестеден тұрады. Кілт сөздер: қауіпсіздік, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер, конфессия, ислам


Сирек жер элементтердің құрамында фосфор бар қосылыстармен экстракциясы



бет9/28
Дата08.02.2022
өлшемі493,07 Kb.
#123950
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
дарын жумыс

Сирек жер элементтердің құрамында фосфор бар қосылыстармен экстракциясы
Кеңес және шет ел ғалымдары СЖЭ экстракциялық бөліп алу аймағындағы зерттеулері фосфор қышқылының нейтралды эфирлері секілді заттарды экстрагент ретінде қолдануды ұсынған. Олардың тұжырымдамасы бойынша фосфор қышқылының бутил эфирі – трибутилфосфотты және ди-2-этилгексил фосфор қышқылын қолдану өте тиімді екенын айтты.
СЖЭ класындағы көптеген элементтердің органикалық қосылыстармен экстракциялану қабілеті жоғары.
СЖЭ ТБФ экстракциясын әртүрлі ортада хлоридті, нитратты, сульфатты жүргізуге болады. Экстракцияның ең негізгі жағдайларының бірі құрамында СЖЭ бар сулы ерітіндінің жоғары қышқылдығы болып табылады. Бұл экстрагентті көбінесе донорлық қабілеті бар және нейтралды экстрагнет ретінде қолданады. Бұл қоспалар лиганд ретінде металдың орталық атомының ішкі сферасына кіреді, бұл жағдайда құрамында хелатүзгіш реагент және реагент-қосылыстың аниондары бар аралас комплекс түзіледі.
Тәжірибеде жүргізген СЖЭ ТБФ-мен экстракциясының кемшілігі фазалардың қиын бөлінуі. Себебі ТБФ су тығыздығына (0,986 г/см3) жақын тығыздыққа ие. СЖЭ экстракциясын қышқыл ерітіндіде жүргізеді. Ал ТБФ қышқыл ерітіндіде бұзылады. Осының барлығы экстракцияның тәжірибеде орындалуын сәл қиындатады.
Қышқыл экстрагенттер ішінде көп таралған тағы бір экстрагент ретінде ди-2-этилгексил фосфор қышқылын жиі қолданады.


Д2ЭГФҚ көмегімен СЖЭ экстракциясы фторсутекті ортадан басқа кез-келген ортада жүргізуге болады. Сонымен қатар, СЖЭ бөліп алу оның концентрациясының үлкен интервалында жүргізуге болады.
Тәжірибеде Д2ЭГФҚ экстрагентін нейтралды еріткіш – керосинде еріттік. Тәжірибе барысында байқалғандай фазалар тез бөлінеді, шекарасы айқын көрінеді және тепе-теңдік тез орнайды. Экстрагенттің нейтралды еріткіште еруін ескере отырып, экстракцияны келесі теңдеумен жазуға болады:

2Ln3+сулы + 3(HA)2 орг → [Ln2(HA2)3]орг + 3H+сулы


Жоғарыда айтылып кеткендей, экстракциялық процестерді жаңартудың бағыттарының бірі әртүрлі типтегі экстрагенттік қоспалар дайындап, процесті солармен жүргізу. Соңғы жылдары жұмыстарды жеке органикалық экстрагнеттерді емес, олардық қоспаларын қолдану металдарды бөлу және концентрлеу үшін тиімді екенін дәлелденіп жатыр. Соңғы он жылда осы бағытта көптеген мәліметтер жинақталған. Қоспалармен экстракция жүргізу гидрометаллургияда, ядролық химияда кеңінен қолданып жатыр [5].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет