1.4.1 Сирек кездесетін металдардың жиынтығын ілеспелі элементтерден бөліп алу Сирек кездесетін элементтерді бөлп алудың негізгі әдістері : 1) әлсіз ертінділерде қымыздық қышқылымен тұнбаға түсіру. 2) плавик қышқылымен тұнбаға түсіру. 3) аммиакпен және ащы слтілермен тұндыру.
Қымыздық қышқылымен тұнбаға түсіру. Қышқыл ерітндіде сирек кездесетін элементтерді олардың қосылыстарынан көбінесе қымыздық қышқылымен тұнбаға түсіру арқылы бөліп алуға болады. Алынатын кристалл тұнбалар оңай сүзіліп , шайылатындықтан , әдіс үлкен жеңілдіктер береді. Онымен қоса , платина ыдыс қажет емес.т фильтраттан қымыздық қышқылын оңай алып тастауға болады [26].
Алюминийдің , темірдің , уранның , цирконийдің және бірқатар басқа элементтердің шағын мөлшерлерін бөліп алған уақытта елеулі қателіктер орын алу мүмкін. Егер осы элементтердің мөлшерлерінің сирек кездесетін металдардың мөлшеріне қатынасы 10:1 асып түссе , сирек кездесетін металды тұндыру толық емес болуы мүмкін. Көп нұсқаулқтар ұсынып отырған қымыздық қышқылының артық мөлшерін қосып , ұзақ уақыт тұндыру, тұнудың толықтығын қамтамасыз етеді. Осындай кезде кедергі құрамдас бөліктерді басқа әдістермен бөліп алып, сирек металдардың ксалаттарын коллектор арқылы тұндыруға тура келеді.
Қымыздық қышқылымен тұндыру 60-80° кезінде және сирек кездесетін элементтердің 100 мл ерітіндідегі 200 мг мөлшер кезінде әдсіз қышқыл ерітнділерінде жүргізеді. И.Д. Борнеман-Старыкевичтің мәліметтері бойынша , аммоний тұздарының қатысуы тұнба сипатына зиян тигізеді, ал олардың 10% мөлшерде болуы кезінде тұнбаның ішінара еруі басталады. Оксалат тұнбаның ерігіштігі күкіртқышқыл ерітінділерден тұндырғын кезде ең жоғары деген нұсқаулар бар [27].
Фтор қышқылымен тұнбаға түсіру. Ілеспелі құрамдас бөліктердің үлкен мөлшерінің қатысуымен сирек кездесетін элементтерді плавик қышқылымен бөліп алу ең толық болып табылады. тұнбаның аз мөлшерінде коллектор ретінде кальций тұзын қосқан жақсы болып табылады.
Сирек кездесетін элементтердің фторидтерін жыныстың өлшендісін ыдырату , гидрототықтарды немесе қыздырылғын тотықтарды ыдырату арқылы бөліп алуға болады [28].
Гидрототықтар түрінде тұнбаға түсіру. Аммиакпен тұндыру: жоғарыда айтылып кеткендей, сирек кездесетін элементтердің толығымен тұнуы ушін аммиактың айтарлықтай артық мөлшер қажет болады. Гидрототықтардң тұнбасы бар ерітнділерді ұзақ уақыт қыздыруың қажет жоқ ; суықта шайып , сүзу керек. Ащы сілтілермен тұндыру : сирек кездесетін элементтерді ащы сілтілермен тұндыруды талданып отырғын ерңтіндіде слтілік металдардың немесе аммонийдің үлкен мөлшері болған кезде жүргізу керек. Егер гидрототықтардығ тұнбасын қыздыру керек боса , сілтілік металдардың адсорбцияланғын тұздарын бөліп алу үшін оны қышқылды ерітеді және жоғарыда баяндалғындай , аммиакпен қайта тұндырады.
Ащы натрмен тұндыру сонымен қатар сирек кездесетін элементтерді алюминийден бөліп алу үшін де қолданады [29].