2.6 Ортаның фазалар қатынасының әсері Металдың экстракциясына әсер ететін факторларының бірі фазалардың көлемдік қатынасы. Экстракция кобінесе комплексті қосылыстар түзілу процесімен жүреді. Ал мұндай жағдайға ортаның фазалар қатынасы үлкен әсер етеді. Экстракция процесін Д2ЭГФҚ-ның керсиндегі 10% ерітіндісімен жасалды. Органикалық фаза мен сулы фазаның қатынасын 1:10 – нан 1:100 –ге дейін қатынаста өзгерте отырып жасадық. Металл концентрациясы 6,2∙10-5 моль/л ерітіндіні пайдаландық. Экстракция уақыты 3 минут. Ортаның pH мәні 3-ті құрайды. Алынған мәндерді 12-кестеге еңгіздік.