Диспрозийдің бейтараптану экстрагенттермен экстракциясы Жоғарыда айтылып кеткендей қазір көптеген өндіріс орындарында катионалмастырғыш , анилналмастырғыш экстрагнеттермен қатар бейтарап экстрагенттер де пайдаланылады. Оларға фосфат (RO)3PO, фосфонат (RO)2RPO және фосфиноксид R3PO класындағы қосылыстар жатады. Осы кластарға жататын қосылыстар бөлініп алынатын компонентпен қасиетіне байланысты екі түрлі қосылысстар түзе алады. Оларға :
Бірінші, экстрагнеттік ерітінді бөлінетін қосылыс катионымен сольваттануы мүмкін.
Екінші, қандай да бір сутектік қосылыс түзуі мүмкін. Бұо қышқылдық ерітінділердің немесе қышқылды комплексті қосылыстың экстракциясын атән қасиет. Бқл кезде металл анион тобында болады. Мұндай қосылыстар сирек жер металдарының экстракциясы кезінде болуы мүмкін [33].
Көбіне диспрозийді экстракциялауға мынадай нейтралды экстрагенттер пайдаланылады:
Фосфоорганикалық , фосфорлы, фосфинды және карбон қышқылдары.
Процесс мынадай реакция арқылы жүреді:
+ nHA → M + n
Екінші ретте бірінші , екінші, үшінші, төртінші аминды тұздармен экстракциялау пайдаланылады.
R3N(орг)+ HA → R3N+HA-орг
R3N+HA-орг + MB → R3N+HMB- + A- Соңғы кездері диспрозийді экстракциялауға көбіне 2-нафтол, 1-пиридилазо экстрагенттері пайдаланылады.
Процесс мына реакциямен жүреді:
Dy3+ + 3HL → DyL3 + 3H+
Нитратты қосылыстарын ТБФ-мен экстракциялау кең қолданылады:
Me3+(в) + 3NO3--(в) + 3 ТБФ(о) = [Me(NO3)3(ТБФ)3](о) [19].
1.5.2 Диспрозийдің анионалмастырғыш экстрагенттермен экстрациясы
Бұл топтағы экстрагенттерге амин тобына жататын біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік амин нгізді тұздарды жатқызуға болады. Бұл экстрагенттер нитратты, радонитті қосылытардан сирек жер элементін бөліп алуға өте ыңғайлы болып табылады.
Бұл экстрагенттер сирек жер металымызды сулы фазадан органикалық фазаға анион күйінде Ln(NO3)3+qq- , q= 2-3 , ауыстырады. Ескере кететін жағдай, бұл кезде нитратты топ металға бидентантты лиганд ретінде қосылып кетеді. Ал тқртіншілік аминді негіз орталық атомның сытқы сферасына орналасады.
Сирек жер металдарының нитратты ерітінділерінің төртіншілік аминді негізбен экстракциясы мынадай реакция арқылы орындалады:
Ln3+сулы + 3NO-3 сулы + q[R3R’N∙NO3]орг = [R3R’N]q+ + [Ln(NO3)3+q]q-орг