Құрамы 12 суреттен, 15 кестеден тұрады. Кілт сөздер: қауіпсіздік, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер, конфессия, ислам



бет13/28
Дата08.02.2022
өлшемі493,07 Kb.
#123950
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
дарын жумыс

Диспрозийдің химилық қасиеттері
Диспрозий ақ, жұмсақ, майысқақ металл. Ылғалды ортада диспрозий оксидті-гидроксидті қабықщамен қапталады. Суық суда пассивтену қасиетіне ие, сіотілермен реакцияға түспейді, аммиак гидратымен де реацияға түспейді. Күшті тотықсыздандырғыш: ыстық сумен реакцичға түседі, қышқылдармен , хлормен, күкіртпен реакцияға түседі. Dy3+ ионы ашық-сары түске ие. Диспрозий қосылыстарының химиялық қасиеті лантан қосылыстарының химиялық қасиетіне ұқсас болып келеді. Диспрозийді алу Dy2O3-ті кальциймен термиялық тотықсыздандыру және DyCl2-нің сулы ерітіндісін электролиздеу арқылы бөліп алуға болады [9].

  1. 2Dy + 6H2O (ыстық) = 2Dy(OH)3↓ + 3H2

  2. 2Dy + 6HCl (сұйыл) = 2DyCl3 + 3H2

  3. Dy + 6HNO3 (конц) = Dy(NO3)3 + NO2↑ + 3H2O

  4. 4Dy + 3O2 2Dy2O3 (300°С , ауада жану)

  5. 4Dy + 6H2O + 3O2 = 4Dy(OH)3

  6. 2Dy + 3Cl2 = 2DyCl3 (300°С)

  7. 2Dy + 3S = Dy2S3 (500-800°С)

  8. Dy + 6NO2 = 3NO + Dy(NO3)3

Минералдары
Құрамында диспрозий бар минералдар табиғатта кеңінен тараған. Диспрозий табиғатта таза күйінде кездеспейді, бірақ кейбір минералдардың, мысалы, циреонның құрамында 16%, ферсмит 5.5%, флюорит 5,4% , сфен 1,6%, бетафит 1,6%, эшигит 3,2%, монацит 6,0% , мариньякит 0,5% , апатит 0,7%, рабдофанит 0,2% , кальцит 0,7%, бастнезит 0,1% пайыздық мөлшерде диспрозий кездеседі [10].
Монацит. Сары, қанық қызыл түсті, құрамында диспрозий кездесетін минерал. Қышқылда өте баяу ериді. Калй бисульфаьы немесе натрий карбонаты балқымасында ыдырайды. Құрамында негізінен торий және церий тобының фосфаттары кездеседі. Құрамында 55-74%-ға дейін сирек жер металдары кездеседі. Оның 6 %-ы итрий тобының металдары. Диспрозийдің жалпы мөлшері 0,05 – 0,32 %-ды құрайды. Негізгі кең орындары Бразилия, АҚШ, Аустралия, Индонезия т.б елдерде кездеседі [11]

Бастнезит. Сары, қанық қызыл түсті минерал. Кей жағдайда ақ түстер байқалады. Құрамында сирек жер металдарының фторкарбонаттары кездесетін минерал. Нақтырақ айтқанда церий тобының фторкарбонаттары құрайды. Құрамында 5,09% итрий тобының металдары кездеседі. Оны ішінде диспрозий 0,1% құрайды. Церий, итрий және итрий топшасының металдарын алуғы бірден-бір шикізат осы бастнезит болып табылады. Негізгі кең орындары Ресей және Орталық Азий елдерінде орналасқан [12].
Флюорит. Негізгі құрамы кальций мен фтордан туратын минерал. Кей жағдайда қрамында қоспалар кездеседі. Солардың бірі сирек жер металдары. Олардың минерал құрамындағы жалпы мөлшері 35-40 %-ға дейін жеьеді. Оның ішінде итрий және итрий топшасының элементтері кездеседі. Итрий және итрий топшасының элементтерімен қаныққан флюорит минералының бір түрін иттрофлюорит деп атайды. Осындай қаныққан жағдайда құрамындағы диспрозийдң мөлшері 5,4 % құрайды. Негізгі кең орындары Қытай, Солтүстік-батыс Африканың Марокко жерінде орналасқан, және Монғолия жерінде де кездескен. [13]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет