Құрамы 12 суреттен, 15 кестеден тұрады. Кілт сөздер: қауіпсіздік, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер, конфессия, ислам


Сирек жер элементтерді талдаудағы хромотографиялық әдістері



бет15/28
Дата08.02.2022
өлшемі493,07 Kb.
#123950
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
дарын жумыс

Сирек жер элементтерді талдаудағы хромотографиялық әдістері
Сирек кездесетін элементтердің химиялық құрамдарының ерекшеліктері олардың геологиялық процестердің сезімтал геохимиялық индикаторлар ретінде ерекше маңызды ролінде себепкер болады. Ең соңғы жылдары жүргізілген , олардың жыныстар мен минералдардағы мөлшерін және бөлінуін зерттеулер осы элементтердің пайда болуының физикалық – химиялық жағдайлары туралы аса құнды мәліметтер берді бірқатар геологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасады [15].
Азов маңындағы флюориттерде сирек кездесетін элементтердің бөлінуін зерттеген кезде ультранегіздік сілтілік жыныстардың церий тобының сирек кездесетін элементтермен байытылғандығы , дәл сол кезде итрийді жерлердің генетикалық тұрғыдан гранитоидтармен байланысты түзілімдерде шоғырланатындығы анықталды. Осы элементтердің мөлшерінің Оралдың ультранегіздік және негіздік жыныстарында бөлінуі зерттелді және олардың мөлшерінің негіздік жыныстардан қышқылдық жыныстарға қарай өсетіндгі және церийлі жерлердің жиынтығының итрийлі жерлерге қатынасының негіздік жыныстардан қышқыдық жыныстарға заңды өсетіндігі көрсетілді [16]
Осылайша , сирек кездесетін элементтердің табиғи процестерде фракциялануының заңдылықтарын анықтау үшін осы элементтердің жиынтығын бөліп алудың , оны дербес құрамдас бөліктерге бөлудің және құрамдас бөліктері сандық анықтаудың сенімді аналитикалық әдістері бірінші кезектегі маңызға ие. Бұл бұл әдістердің талғампаздыққа , жағарғы сезімталдыққа және дәлдікке ие болуы керек екендігі түсінікті. Сирек кездесетін элементтердің қоспасын жеке құрамдас бөліктерге бөлу олардың химиялық қасиеттерінің жақын болуына орай үлкен қиындықтар тудырады. Металдардың осы тобын талдау толығымен белгілі химиялық әдістермен жүргізле алмайды, сондықтан әдетте осы элементтердің бүкіл жиынтығы анықтаумен және жекелеген жағдайларда тек олардың кейбірін анықтаумен шектеліп отырады.
Сирек кездесетін элементтерді анықтау үшін физикалық және физика – химиялық әдістер : эмиссиялық спектрлік және рентгенспектрлік талдаулар әдістері көбірек әмбебап болып келеді [17].
Аталған әдістердің көмегімен алынған аналитикалық мәліметтердің көп санының негізінде сирек кездесетін элементтердің кейбір минералдар мен жыныстарда бөлуінің бірқатар заңдылықтары анықталды. Алайда , одан кейін жекелеген элементтерді спектрлік және рентгенспектрлік әдістермен анықтау үшін олардың айтарлықтай мөлшерін химиялық бөліп алу қажеттігі оларды, әсіресе бұл элементтердің аз мөлшері бар табиғи материалды талдаған кезде қолдануды елеулі шектеп отыр. Онымен қоса , аталған әдістер қымбат тұратын аппаратураны және жұмыстың күрделі техникасын қажет етеді. Біз сирек кездесетін элементтердің жиынтығының пайыздың мыңнан бір және жүзден бір үлестері мөлшеріндегі жыныстарды және жыныс түзетін минералдары (биотиттер, гранаттар, далалық шпаттар және т.б) талдадық. Әрине , зерттелетін элементтердің осыншама мөлшері кезінде талдау үшін олардың жинтығының аса аз , әдетте 0,5 – 3 мг мөлшнрлнрі бөлініп отырды. Осындай жағдайлар кезінде одан кейін жеке сирек кездесетін элементтерді анықтау тек қағаздағы бөлгіш хроматография әдісінің көмегімен ғғана мүмкін болды [18].
Құрал - аспаптық әдіспен салыстырғандағы бұл әдістің күмәнсіз артықшылығы олардың жиынтығының аса аз микрограммдық мөлшерінен жеке сирек кездесетін элементтерді тікелей сандық анықтау мүмкіндігі , сондай – ақ жұмыстың аппаратуралық толтырылуының және техникасының күрделі еместігі болып табылады. Сирек кездеетін элементтерді шифрдан шығару , талдау , әдетте олардың минералдар мен жыныстардан бөлініп алынған жиынтығының 50 – 300 мкг-нан , ал жекелеген жағдайларда тіптен 30-40 мкг-ынан жүргізілді [19].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет