1.2.1 Диспрозийдің физика-химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы, алыну технологиясы, қолданылуы, минералдары Диспрозий (ежелгі грек тілінен аударғанда қиын қол жеткізу деген мағына) – атомдық номері 66-шы химиялық элемент, күміс сияқты жылтыры бар элемент. Диспрозий – итрий тобының ең көп таралған элементтердің бірі. Жер қыртысында ол воьфрамға қарағанда 4,5 есе артық. Ол сирек жер элементтер тобына жатады, +3 валенттілік көрсетеді, тұздары мен қышқылдары ашық сары түсті, әдетте жасыл кейде қанық сары түсті болып кездеседі. Табиғатта таза күйінде кездеспейді, бірақ кейбір минералдардың, мысалы, циреонның құрамында 16%, ферсмит 5.5%, флюорит 5,4% , сфен 1,6%, бетафит 1,6%, эшигит 3,2%, монацит 6,0% , мариньякит 0,5% , апатит 0,7%, рабдофанит 0,2% , кальцит 0,7%, бастнезит 0,1% пайыздық мөлшерде диспрозий кездеседі. П.Э. Лекок де Буабордан диспрозийді 1886 жылы гольмийді немесе гольмийлі топырақты спектроскопиялық талдау кезінде ашқан, ал одан кейін оксидін бөліп алған. 1906 жылы Ж. Урбэн диспрозийді таза күйінде алды. Диспрозийдің жер қыртысындағы кларкы (таралғандығы) Тэйлор бойынша 5г/т , мұхит суындағы мөлшері 2,9*10-6 . басқа да жер қыртысында кездесетін элементтермен бірге гадолинит, ксенотим, монацит, апатит, бастнезит секілді және тағы да басқа минералдар құрамына кіреді. Диспрозий осы элементтер ішінде жалпы үлкен сұранысқа ие элемент болып табылады. Ол Қытай, АҚШ, Вьетнам, Ауғанстанда орналасқан лантаноидтар кен орындарында шығарылады. Диспрозийді DyCl3 немесе DyF3 кальциймен, натриймен немесе литиймен тотықсыздандырып алуға болады. Диспрозий – күміс түстес сұр металл. 1384 °С төменірек температурада гексагональды торы бар α-Dy, ал = 0,35603 нм, с = 0,56465 нм, 1384 °С жоғары температурада – кубтық торы бар β-Dy орнықты болып келеді. Ауада баяу, 100 °С жоғары температурада жылдам тотығады. Қыздырған кезде металл диспрозий галогендермен, азотпен, сутегімен реакцияға түседі. Dy3+ тұздарын тгзе отырып, минералды қышқылдармен (HF қоспағанда) өзара әрекеттеседі. Сілтілердің ерітінділерімен әрекеттеспейді. Тазалығы 99 – 99,9 % болатын құйме кесектердегі металдық диспрозийге деген баға 2008 жылы 1 кг үшін 180 – 250 доллар құрады. 2014 жылы тазалығы 99,9 % диспрозийдің 10 граммын 114 евроға сатып алуға болатын [7].