Құрамы 12 суреттен, 15 кестеден тұрады. Кілт сөздер: қауіпсіздік, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер, конфессия, ислам



бет10/28
Дата08.02.2022
өлшемі493,07 Kb.
#123950
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
дарын жумыс
заттар интернеті, 23-9, Шырын
1.2 Диспрозийдің жалпы сипаттамасы
Жалпы сирек жер элементтеріне Д.И.Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесінің III тобында орналасқан 17 металдың , соның ішінде скандий , итрий және лантаноидтарды жатқызуға болады. СЖЭ химиялық қасиеттері ұқсас болып келеді ,мысалы мына атомдардың электрондық конфигурациясы қысқартылып келсі түрде жазуға болады : скандий үшін 3d14s,, итрий үшін 4d15s2. Лантаннан кейін орналасқан келесі церийдан бастап итербийдан аяқталатын 14 элемент үшін 4f – электрондық деңгейдің толығуы тән.
Сирек жер элементтері жеңіл (церий топшасы : лантан , церий , прозеодим, неодим, прометий, самарий , европий) және ауыр металдар (итрий топшасы : итрий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, тулий, итербий, лютеций).
СЖЭ жер қыртысының шамамен 0,016% мөлшерін құрайды. Аса кең тараған металдарға церий мен итрий жатады. Итрий топшасының элементтері СЖЭ жалпы массасының 14% құрайды. Аса сирек элементтерге жалпы үлесі 10% құрайтын европий , тербий, тулий және лютеций металдары жатады.
Әдетте сирек жер элементтері литофильді болып келеді , және силикатты тау жыныстарда жинақталады. Олар сульфидті және өзге де жыныстармен бірге кездеседі. Шашыраңқы элеметтер қатарынан болғандықтан көптеген минералдар құрамында өте аз мөлшерде кездеседі және жоғары концентрацияда сирек болады. Сирек жер элементтер кіретін 200 –ден аса минералдар белгілі.
СЖЭ әлемдік қоры гинетикалық топтары бойынша 86% мөлшері эндогендік кен орындарында шоғырланған. Эндогендік кен орындарында шоғырлануының басты себебі – магниттік сілтілі және сілтілік- карбонативтік магнетизм мен метасоматизмге байланысты.
Түрлі кен орындарындағы кез – келген минерал құрамындағы СЖЭ мөлшерінің қатынастық ауытқулары әр түрлі. Мысалы , монацит – минерал, құрамында магнетит, ильенит, рутил, циркон, ксенотим және өзге де минералдармен қатар кездеседі. Моноцит құрамында церий топшасының элементтерінің үлесі 42,3% -дан 66,9% -ға дейін , итрий топшасы элементтері 0,5 – 4,8% дейін , торийдің үлесі 2,8 – 15,9 % дейін кездесуі мүмкін.
Сирек жер элементтерінің әлемдің ресурстары бастнезит және монацит секілді минералдар құрамында кездеседі. Аталған элементтердің аса үлкен әлемдік экономикалық маңызды қоры ҚХР және АҚШ бастнезит кен орындарында шоғырланған. Монациттердің ірі қорлары Австралия, Бразилия , ҚХР, Үндістан, Малайзия, БАЭ , Шри-Ланка , Тайланд және АҚШ мемлекеттерінде шоғырланған.
Қазақстанда сирек жер элементтері тау жыныстарының желмен мүжілуі салдарынан пайда болған ежелгі қатпарлы жыныстарда (Құндыбай, Қыземшек, Жаңаарқалық) және гранит жыныстармен (Жоғары Еспе , Үйсор, Солтүстік Сандықтас, Қызылсай) байланысты сирек металды – сирек жер метасоматиттерде кездеседі. СЖЭ өңдіруді Жоғары Қайрақты , Оңтүстік жауыр, Батыстау, Жанет, Байназар, Ақшатау, Қараоба кен орындарының молибденді-ванадийлі кен орындарынан жүзеге ; фосфоритті кен орындар – Жаңатас , Көксі, Қождон, Ақсай, Түйесай, Шолақтау кен орындарынан ; Шоқаш, Құмкөл, Шпакова, Сандыкөл ұсақ жыныстарының титанды-цирконийлі жыныстарынан ; Юбилейное , Шұбаркөл сирек жер элементтері кездесетін көмірлерінен алуға болады.
Сирек жер элементтері нақты нысанаға дәлдеу құралдарында, коммуникацияық жүйелердің , лазерлердің, қабылдағыштардың, спутниктер мен түнгі бақылау қондырғыларын өндіруде пайдаланылатын маңызды стратегиялық материал болып табылады.
Сирек жер металдарының ішінде маңызды металдардың бірі болып диспрозий металы табылады. диспрозий микроэлектронды компоненттердің сипаттамалық көрсеткіштерін арттырады, гибридті автомобильдерде, тұрмыстық электрондық құралдарда , жел турбиналарында қолданылатын жоғары қуатты тұрақты магниттердің маңызды компоненті болып табылады [6].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет