1.5.1 Диспрозийдің катионалмастырғыш және бейтарапты экстрагенттермен экстракциясы
Экстракциялық әдістері әр алуан өнеркәсіптік және табиғи нысандары талдаған кезде микроқұрамдас бөліктерді немесе макроқұрамдас бөліктерді шоғырландыру , алып шығу , құрамдас бөліктерді жеке жіне топпен бөліп алу кезінде жарамды. Әдіс орындалуында қарапайым және жылдам , бөлу мен шоғырландырудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді және анықтаудың әртүрлі әдістерімен үйлесімді. Экстракция әртүрлі жағдайлар кезінде ерітіндідегі заттың жағдайын зерттеуде , физика – химиялық сипаттамаларын анықтауға , мысалға , қышқылдар мен негіздердің дисосация константаларын , кешендердің орнықтылық константасын анықтауға мүмкіндік береді. Көптеген аналитикалық маңызды экстракциялық жүйелер кейбір маңызды экстркциялық процестердің ықшам , шағын болашақ үлгілері болып шықты [30]