Құрамы 12 суреттен, 15 кестеден тұрады. Кілт сөздер: қауіпсіздік, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер, конфессия, ислам


Құрамында диспрозий бар шикізаттан металды бөліп алу әдістері



бет16/28
Дата08.02.2022
өлшемі493,07 Kb.
#123950
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
дарын жумыс

1.4 Құрамында диспрозий бар шикізаттан металды бөліп алу әдістері
Таза диспрозий қосылыстарын алу қте қиын. Себебі, өнмнің құрамында диспрозий ондық-жүздк пайыз үлесінен аспайды, көбінесе бастапқы шикізаттан бірінші диспрозий концентратын алады, ал кейін диспрозий концентратынан металды таза қосылыстарынан бөліп алады. Қоспалардан диспрозийді тазалау әдісі сәйкес қосылыстардың қасиеттерінің әртүрлілігіне негізделген. Диспрозийді қоспалардан бөлп алу әдістер өте көп. Түрлі шикізат үшін бірдей әдістер қолданыла береді. Себебі, бірге жүретін элементтер қатары бірдей болып келеді. Бірінше орынға Fe, Al, Mg, Ca, Mn және сирек элеметтер (Be, Ti, Zr, Th, СЖЭ) [20]
Диспрозийдің 90 %-ы Қытай Халық Республикасында алынады. Оларды тек минералдарынан бөліп алады. Лантаноидтардың ішінде ең көр сұранысқа ие осы диспрозий металы. Ғалымдардың болжауынша Қытай жерінде 50 мың тонна сирек жер металарының минералдары бар. Диспрозий минералдары сонын 4 мың тоннасын құрайды. Оның алынуы тек граммен өлшенеді, кейде жүзден бір бөлігі ғана алынып жатады. Бірақ 2011 жылы олар сирек жер металадарын бөліп алу өндірісін уақытша тоқтатқан болатын. Қазіргі уақытта қайта іске қосып , диспрозийді бөліп алуды жалғастырып жатыр [21].
А.Н.Даапе және Ф. Спендингтің екі сатылы қарапайым диспрозийді алу әдісінде алдымен диспрозий оксидің фторқышқылымен әрекеттестіріп диспрозий фторидіне айналдырады, кейін оны 1500 °С дейін тез қыздырып кальциймен әсер етеді:

Dy2O3 + 6HF → 2DyF3 + H2O


2DyF3 + 3Ca → 3CaF + 2Dy

Қазір біздің елімізде кальцийтермиялық әдіспен 99,76 % таза диспрозий металын алады [22].


Диспрозйи тотығы – ақшыл сары , ақ өңді , ұшқыш қышқылдық қалдықтары бар тұздарды қыздыру кезінде алынады.
Диспрозийдің 99% дейін таза өнімін алу кезіндегі технологиялық процестің соңғы сатысында Mn, Be, Zr, Th және СЖЭ боліп алуда ерекше мән беріледі. Технологиялық операцияларда олардың қасиеті диспрозийдің қасиетіне ұқсас болып келеді [23].
Қоспалардан диспрозийді бөлудің негізгі әдістер : 1) тұндыру, 2) ионалмасу, 3) экстракция.
Айтылған әдістердің ерекшеліктері, біріншіден, жоғары дәрежелі таза қосылысты алу үшін бірнеше әдісті камбинерлеу мүмкіндігі, екіншіден, әдістердің қолданылуын зертханалық масштабта жүргізуге болады.
А) Тұндыру әдісі. Тұндыру әдісі өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді, диспрозийді ерітіндіден бөліп алуға болады, бірақ металдың таза қосылыстарын бөліп алу мүмкін емес.
Б) Ион алмасу . сирек металдар технологиясында да ион алмасу әдісі олардың қосылыстарының сұйылтылғын ерітінділерінен бөліп алу үшін және қоспаларды тазалау ұшін қолданылады. Күшті қышқыл ортасында фосфорқышқылды иониттер қолданылады , ол сорбция кезінде диспрозийді темірден , алюминийден , қалайыдан бөліп алу үшін қолданыладаы. Ион алмасу әдісінде, кей жағдайда десорбцияның қиындығынан, реагенттердің қымбатынан аздаған, өндірістерде диспрозийдің таза қосылыстарын алуға ұсыныс жасауда. Негізінде, бұл әдіс диспрозийді қиын бөлінетін қоспаларды тазалау үшін қолданылады.
Металдарды ион алмасу арқылы бөлү көбіне комплекс тұзілумен байланысты. Диспрозийді СЖЭ-жен тазалау үшін десорбент ретінде лимон қышқылы қолданылады.
Торийдан бөлу үшін десорбент ретнде гедазинуксус қышқылы, нитрилтриуксус қышқылы және ЭДТА ерітінділері қолданылады. Полиаминоуксус қышқылын лимон және гилразинуксус қышқылдарымен салыстырғанда бастапқы және алынған ерітіндіде диспрозий концентрациясының жағарылауына мүмкіндік береді [24].
3) Экстракция. Экстракция – бұл затты екі фаза арасында , бәрінен жиі екі араласпайтын сұйықтықтар (әдетте су мен органикалық еріткіш арасында) арасын бөлудің физикалық – химиялық процесі және заттарды бөліп алудың , бөлудің және шоғырландырудың тимті әдісі. Екінші фаза құрамында органикалық реагент бар қандай да бір органикалық заттың балқымасы, мысалға 8 – гидроксихинолин болуы мүмкін болатын мысалдыр белгілі. Затты бқлгеннен кейін фазаларды салқындатады, балқыма қатады және оны су фазасынан бөліп алады.
Кейбір экстракциялық жүйелерде органикалық фаза немесе су фазасы үш фазалы жүйе құра отырып қабаттарға бөлінуі мүмкін , әрі фазалардың бірінде – көбінесе көлемі бойынша аз мөлшерде іс жүзінде экстракцияланатын заттар боалды. Мысалы үшінші фаза күмістің тиоцианатты кешендерін диантипирилинтанның немесе оның галоген туындыларының хлороформдағы немесе 1,2 – дихлоэтандағы ерітінділерімен экстракцичлаған кезде пайда болады.
Экстракциялау кезінде бір мезгілде : экстракцияланатын қосылыстардың түзілу ; экстракцияланатын қосылыстардың сулы және органикалық фазалар арасында бөліну процестері ; органикалық фазадағы реакциялар (диссоциация , ассоциация, полимеризация) жүреді. Экстракцияланатын қосылыстың түзілуі үшін жауапты қосылысты экстрагент деп атайды. Экстрагенттің физикалық және экстракциялық қасиеттерін жақсарту үшін қолданылатын хлороформ , көміртек тетрахлориді, бензол , керосин секілді инертті оргникалық қосылыстарды еріткіштер деп атайды. Бір фазадан бөлінген құрамында экстракцияланған қосылыстар бар органикалық фазаны экстракт деп атайды. Затты органикалық фазадан сулы фазаға көшіруді реэкстракция деп атайды, ал экстракциялау үшін пайдаланылатын ерітінді – экстрагент деп аталады [25].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет