Диспрозийдің катионалмастырғыш экстрагенттермен экстракциясы Бүл хабарламада ВТСП-керамиканың үлгілерінде , монокристалдарда және қабықшаларда диспрозийді алып шығу және анықтауда үшін оңай балқитын органикалық заттармен экстракциялауды қолдану қарастырылғын. Оңай балқитын экстрагенттер ретінде көміртек атомдарының 17 бастан 20 дейін саны бар жоғары карбон қышқылдарының (ЖКҚ) техникалық фракциялары , сондай – ақ жеке пальмитин , миристин қышқылдары мен парафин қолданылады. Функционалдық қоспалар ретінде ди-2-этилгексилфосфор қышқылы (Д2ЭГФК) , трибутилфосфат , триалкилметил аммоний нитрат қолданылады. Диспрозийді экстрагенттердің балқымасына сандық алып шығудың шарттары анықталды, экстрагенттердің әртүрлі қоспалары үшін бөліну , бөліп алу , шоғырландыру коэффиценттері есептеп шығарылды. Ең жақсы аналитикалық көрсеткіштерімен керосин - Д2ЭГФК қоспасының балқымасы сипатталады. Диспрозийді балқымаға алып шығу тәсілінің мәнісі ВТСП ерітіндісін киросин - Д2ЭГФК қоспасының басқымасымен 1,0 – 1,2 H HNO3 өңдеуден тұрады. Процестердің жоғары жылдамдығы диспрозийді және СЖЭ-ін 3 минут ішінде бөліп алуға мүмкіндік береді [31].
Сирек жер элементтерін экстракция әдісімен бөлу кезінде, көп жағдайда, фосфинді қышқылдың басқа органикалық қосылыстармен қоспасын пайдаланып экстракциялайды. Мысалы біздің жағдайда трибутил фосфат (ТБФ) – керосин жүйесі пайдаланылды. Одан бөлек тетраамин аммоний , арилфосфонды тұздармен , алкилфосфонды тұздармен қоспасын жиі пайдаланады. Себебі бұл қоспалармен экстракциялау кезінде элементтің жақсы бөлінуін қамтамасз етеді.
Еріткіштің шығу тегінің, Д2ЭГФК және трибутилфосфат (ТБФ) қышқылдарының бастап концентрациясы , бөлініп алынатын сирек жер элементінің ортаның қышқылдығының Dy3+ экстракциялық жүйенің динамикалық фаза аралық қабатында жинақталуына әсер етуі зерттелді. Динамикалық фаза аралық қабатта жүйеден бөлініп шығатын элементтің бастапқы мөлшерінен 40-50-% дейін жинақталатыны анықталды. Полярлығы жоғары еріткіші бар жүйелерде сирек жер элементтер азырақ жинақталатыны көрсетілді. Бөлініп шығатын сирек жер элементтің бастапқы концентрациясы неғұрлым жоғарырақ болса , динамикалық фаза аралық қабатта жинақталу соғұрлым көбірек болады.
Осындай жақсы бөлінуді қамтамасыз ету үшін көп жағдайда су – су жүйесі қолданылады. Яғни , құрамында сирек жер элементі бар фаза мен фосфин қышқылды экстрагент. Сулы фаза көбінесе қандай да бір минералды қышқылмен шайылады. Мысалыға , азот қышқылымен. Бұл процесс мынадай реакциядан тұрады, металымыз диспрозий (Dy):
Dy3+ + (x + 3) NO3- + yH+ → HyDy(NO3)x+3
Бұл процесс кезінде екі түрлі жағдай болуы мүмкін. Біріншісі , сольваттану процесі жүруі мүмкін. Екінші , космплекстену процесі жүруі мүмкін. Комплекс түзілу процесі қышқылдың концентрациясына немесе ортанын қышқылдығына (pH) байланысты болады. Яғни , H3 Dy(NO3)6 комплексті қосылысы түзілуі мүмкін. Және ескере кететін жағдай туындайды, азот қышқылы да кішкене болсын органикалық еріткіштер әсерінен экстракцияланып кетуі мүмкін. Сол себепты осы сәтте процес барысында қышқылдың концентрациясы өзгеруін және ол сирек жер элементтін таралу коэффицентіне әсер ететінін ескеруіміз керек [32].
Жұмыстың мақсаты әртүрлі факторлады : су фазасының қышқылдығын , метал иондарының және реагенттердің концентрациясын , фазалардың түйісу уақытын өзгерту кезіндегі трибутилфосфат – керосин , ди-2-этилгексилфосфор қышқылы – керосин , химиялық таза трибутилфосфат , химиялық таза ди-2-этилгексилфосфор қышқылын пайдалана отырып сирек жер элементінің экстракциясын зерттеу ; ілеспелі элементтерден бөліп алудың ең оптималды әдісін зерттеуден ; шарттарын табудан ; негізгі сандық заңдылықтарын анықтаудан ; экстракциядан кейінгі колориметрлік әдісті пайдалана отырып , арнайы есептеулер жүргізіп экстракцияның өту дәрежесін анықтаудан тұрады.