Құрамы 12 суреттен, 15 кестеден тұрады. Кілт сөздер: қауіпсіздік, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер, конфессия, ислам


Жоғары критикалық экстракция әдісі



бет21/28
Дата08.02.2022
өлшемі493,07 Kb.
#123950
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
дарын жумыс

1.5.3 Жоғары критикалық экстракция әдісі
Қазіргі кезде сирек жер металдарын зерттеу барысында оны таза және бөліп алудың ең тиімді әдісін таңдап алу басты мақсат болып табылады. осыған орай соңғы жылдары жоғарыкритикалық экстракция әдісі пайда болды. Жоғары критикалық экстракция 1970 жылдардан бастау алған жаңа бағыт болып табылады. Әдіс негізі жоғарыкритикалық СО2 газымен қосылыстарды бөліп алуға негіздеген. Себебі СО2 – нің жақсы ерігіштік қасиетіне байланысты , оның арзандығына және таксинді емес қасиетіне байланысты кең қолданысқа ие болған. Жоғарыкритикалық экстракция экстрагент ретінде қолданылатын газдың процеске критикалық жағдайда әсерлесуі болып табылады. Төмендегі графикте процеске қолданылатын CO2 газының критикалық жағдайы көрсетілген:
Бұл процесті үздіксіз екі сатыда жасайды және колонкаларда орындалады. Тарелкалы колонкаларда да орындауға болады. Бірінші сатыда жоғарыкритикалық жағдайдағы газ құрамында бөлініп алынатын компонент бар сұйық немесе қатты затпен әрекеттеседі. Осы кезде қажет компонент бөлініп шығып кетеді. Екінші сатыда қысымды төмендету немесе температураны өзгерту арқылы процесті жалғастырамыз, осы кезде керек компонент толығымен бөлініп шығады. Процесс біткен сон қысым мен температураны қайта бастапқы критикалық жағдайға келтіріп, экстрагентті кері циркуляцияға жібіреміз.
Газдың экстрагент ретінде қолданылуының негізгі қасиеті – оның ерігіштік қасиеті. Ерігіштікті біз Гильдебранд сандық ерігіштік параметірімен анықтаймыз. Экстрагент газдың ерігіштігі тікелей температура мен қысымға тәуелді. Бұл параметрлер арқылы бір газ бен компонеттін ерігіштігін басқара аламыз. Қандай да бір і-компонеттің ерігіштігі мына формуламен анықталады:



Рі – қаныққан будын Т температурадыға қысымы;


Р – жоғарыкриткалық газдың қысымы;
Фі – Рі және Р қысымға сәйкес келетін газдың ұшқыштық коэффициенті;
Viкомпонеттің молярлы көлемі

Әдіс технологиясы қоспалар экстракциясында, полимерді тазалауда, және пайдалы табиғи заттарды бөліп алуда кеңінен қолданылады. Осындай процестерге СО2 газын пайдаланудың бірнеше артықшылықтары бар:


1. СО2 газы жұмыс барысында адам оганизіміне зиянды әсер етпейді.
2. СО2 газы стерильді және бактериястатикалық, яғни ортаның әсерінен өзгере қоймайды.
3. СО2 газы от алғыш емес, газдың от әсерінен жануынан қорықпауға болады.
4. СО2 газы қоршаған ортаға әсер етпейді, тазалаудың да қажет жоқ, артық шығынды қажет етпейді.
5. СО2 газын кез-келген мөлшерде алуға болады [34].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет