Құрамы Қан сарғылттау келген сұйық зат плазмадан және оның ішінде жүзіп


Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері, қызметі.Т және В



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата10.11.2022
өлшемі360,59 Kb.
#157420
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
2-рк физиология

 
7.Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері, қызметі.Т және В 
лимфоциттерінің маңызы. 


 Лейкоциттер
Бір литр қанда 4,5-9x10ның 9 дәрежесі , лейкоцит болады . Лейкоцит 
канның ак жасушасы . Эритроциттен айырмашылығы – ядросы бар , 
эритроциттен үлкендеу , амеба сиякты протоплазмасынан жалған аяқтар 
шығарып козғалады . Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп , 
азаюы лейкоцитопения деп аталады . Лейкоцит санының көбеюі қан 
жасушаларының түзілуіне , кан түзілетін ағзалар қызметінің күшеюіне бай 
ланысты болса , мұндай лейкоцитозды абсолюттік лейкоцитоз дейді . 
Мәселен , абсолюттік лейкоцитоз эмоция ( қатты шаттану , зорығу т.б. ) 
салдары болуы мүмкін : эмоция кезінде адреналин шектен тыс көп " болып 
шығады да кан түзілетін ағзаларды қоздырады .Лейкоцитоз қан түзілетін 
ағзалар қызметінен тысқары жағдайда да болады . Мұндай лейкоцитоз 
салыстырмалы лейкоцитоз деп аталады .Тамыр кеңейіп , кан мөлшері 
көбейіп оның жылжуы баяулайды , тамыр кабырғасы мен лейкоциттер 
арасында үйкеліс күшейеді де , лейкоциттер бөгеліп олардың саны көбейеді . 
Физиологиялық лейкоцитоздардың көбі аралас , әр текті келеді . 
1.Ет тектес лейкоцитоз қара жұмыс істеген кезде пайда болады. 
2. Тамак ішкеннен кейін пайда болатын лейкоитоз ас корыту лейкоцитoзы 
деп аталады . 3. Жүкті әйел лейкоцитозы . 4. Жатуған бала - нересте 
лейкоцитозы . 5. Статикалык лейкоцитоз шалқасынан жатқан адам үшып 
турган кезде пайда болады. 
Ауру сырқауға ұшыраған кезде лейкоциттер саны эритроциттер санымен 
бірдей болады да.Ақ қан ауруы-лейкемия болады.Лейкоциттер санының 
азаюы да лейкоцитопения деген аурыға алып келеді. 
Лейкоцит түрлері ( Лейкограмма ) .
Лейкоцит түрлерін Гимза - Романовский әлісімен боялған , яғни төсеніш 
шыныға жағылған кан жұғындысын микроскоп аркылы карап көруге 
болады . Протоплазмасында түйіршігі бар лейкоцит гранулацит,ал 
түйіршіксіз 
лейкоцит 
агронулоцит 
деп 
аталады.Гранулоциттер 
түйіршіктері бояуының түріне қарай базофил , эозинофил , нейтрофил 
болып үшке бөлінеді. 
Агранулоциттер қатарына лимфоциттер мен моноциттер жатады . 
Лимфоцит үлкен және кіші лимфоцит болып екіге бөлінеді . Моноцит ең 
үлкен лейкоит. 
Лейкоциттердің маңызы
Лейкоциттер алуан түрлі қызмет атқарады . Лейкоциттің ең басты 
қызметі оның фагоцитоздық қабілеті . Бұл И.И.Мечников зерттеуле рінен 
белгілі .
Фагоцитоз-грек жұту,қармап алу дегенді білдіреді.Ол денеге келіп түскен 
бөгде заттарды микробтарды лейкоциттер қармап алып жұтып өзінің 
арнайы ферменттерімен қорытады немесе бейтараптайды. Және ол 3 
сатылы үрдістен тұрады. 
1-миграция.Лейкоциттер амеба сиякты жалған аяқтарын созып , капиляр 
эпителийлері арасынан өтіп сыртқа шығады .Лейкоциттер оң зарядты 
оларда хемотаксис қасиеті бар.Хемотаксис деген ол лейкоциттердің бөгде 


заттарға қарай қимылдауы.Жалған аяқтарымен қимылдап микробқа 
жақындайды. 
2-бөгде затты танып қармап жұту кезеңі.Бөгде затқа жақындаған кезде 
лейкоцит өзінің денесінен опсонин деген затты бөліп шығарады.Сол заттың 
көмегімен ол микробтарды ажырата алады сосын микробтарды 
лейкоциттің мембранасына жабыстырады.Бетіне жабысқан микробтарды 
аяқтарымен қармап қоршап алады да протоплазмасына қарай тартады. 
3-жұту және қорыту.Жаңағы лейкоцитке енген микробқа лизососманың 
түрлі ферменттері әсер етеді.Олардың құрамында вирусқ қарсы тұратын 
интерфалдар бар.Микробтарды бейтараптайды да жұтады. 
Фагоцитоз барлық лейкоциттерге тән қасиет . Бірақ олардың ішінде бір 
жұтқанда 30-40 денені бірақ жұтатын нейтрофилдермен қатар 
макроциттер - моноциттер және лимфоциттер бар . Бір моноцит 100 
шакты бөгде затты бірден жұтады . Нейтрофилдер - лейкоциттердің 
ішіндегі ең көбі ( 50-70 % ). Нейтрофилдердің жас түрлерінің көбеюі 
лейкограмманың солға қарай жылжуы болып саналады . Бұл сүйек кемігінде 
лейкоциттер түзілуінің күшейгенін көрсетеді . Нейтрофилдер организмді 
микробтар мен улы заттардың залалды әсерлерінен қорғайды . Оларды 
қоршап жұтады және ферменттер арқылы ыдыратып жояды . Мұнымен 
бірге залалды заттармен әрекетте сетін белоктар және вирустарға қарсы 
интерферон бөледі .
Моноциттер денедегі өлі жасушаларды жұтып , жаңасына орын 
дайындайды . Сондықтан олар күзетші , тазартқыш , “ сыпырғыш ” деп те 
аталады . Моноциттер қан тамырынан шыккан сон макрофагқа айналып 
денеде арнайы иммунитет қалыптасуына катысады , яғни бөгде заттарды 
жұтып , өзгертіп , иммуногендер түзеді Моноцит ісікке , вирустарға қарсы 
( интерферон ) зат , лизоцим , эластаза , коллагенді ыдрататын 
ферменттерді де шығарады . Базофилдер гепарин бөліп шығарады , олар 
гепариноциттер деп ата лады . Гепарин – канды үйытпай сұйық қалпында 
сақтайтын зат .
Лимфациттер арнамалы иммунитет қалыптастырып , бүкіл денедегі 
иммунитет жағдайын қадағалайды.Лимфоциттер тимусқа байланысты(Т) 
лимфоциттер және бурсаға байланысты (В) және О-лимфоциттер болып 
3ке бөлінеді. 
Т-Лимфоциттер сүйек кемігінде , жілік майында түзіледі де тимус безінде
одан әрі дамиды . Олар киллер , хелпер . супрессор деп аталатын 3 түрлі 
тіндерге бөлінеді.Киллер - өлтіруші жасуша ісік жасушаларын , адам 
денесіне жат ағзалар мен тіндерді дамыпайтын иммунитет жасуша . 
Хеллер-көмекші жасуша.Супрессор-қысым реттеуші жасуша. 
В-лимфоциттер жілік майында түзіліп ішек пен бүйеннің бадамша 
бездерінде одан әрі дамиды.Ол т-лимфоциттермен бірігіп иммунды 
глобулиндер шығарады. 
Лейкоциттердің барлық түрлері опсонин затын бөліп шығарады. Корыта 
келгенде , лимфоциттер мен моноциттер организмнің арнамалы 


иммунитетін қалыптастыратын болса , лейкоциттердің бәрі де фагоцит 
ретінде бөгде заттарды жұтады , жояды , залалсыздандырады
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет