Фармакодинамикасы
Макролидтер тобындағы антибиотик. Бактериостатикалық әсер етеді. Алайда жоғары дозаларда сезімтал микроорганизмдерге қатысты бактерицидті әсер етеді. Эритромицин ақуыз синтезін бәсеңдете отырып, бактерия рибосомаларымен қайтымды байланысады. Әсер ету ауқымы грамоң (Staphylococcus spp., пенициллиназа өндіретін және өндірмейтін; Streptococcus pneumoniae, Streptococcus spp.) және кейбір грамтеріс микроорганизмдер (Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Bordetella pertussis, Haemophilus influenzae, Brucella spp., Treponema pallidum, Legioonella pneumophila, Bacillus anthracis, Corinebacterium diphtheriae); анаэробты бактериялар: Clostridium spp. қамтиды. Грамтеріс бактериялардың көбі (Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Shigella spp., Salmonella spp.), микобактериялар, ұсақ және орташа вирустар, зеңдер Эритромицинге тұрақты. Эритромицинді науқастар пенициллинге қарағанда жақсы көтереді және пенициллинге аллергия болғанда қолданылуы мүмкін. Микроорганизмдердің препаратқа төзімділігі тез дамиды.
Қолданылуы
- күл (соның ішінде бактерия тасымалдаушылық), көкжөтел (соның ішінде профилактикасында), трахома, бруцеллез, легионерлер ауруы, эритразма, листериоз, жәншау, амебалық дизентерияда
- алғашқы мерез (пенициллиндерге аллергиясы бар емделушілерде), ересектердегі асқынбаған хламидиоз (несеп-жыныс жолдарының және тік ішектің төменгі бөліктерінде орналасқан), созда
- несеп-жыныс инфекцияларында
- тонзиллит, отит, синуситте
- холециститте
- трахеит, бронхит, пневмония
- терінің іріңді аурулары, соның ішінде жасөспірімдер безеуі, жұқпа жұқтырылған жаралар, тесілулер, II-III сатыдағы күйіктер, трофикалық ойық жараларда
- көздің шырышты қабығының инфекциялары
- ревматизммен науқастарда стрептококк инфекциясы өршуінің профилактикасы, операция алдында ішекті дайындау, стоматологиялық араласулар, эндоскопия, жүрек ақаулары бар науқастарда инфекциялық асқынулардың профилактикасында.
Достарыңызбен бөлісу: |