10. Экологиялық ғылым жүйесіндегі жануарлардың экологиялық орны Экология (лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
1.Жануарлар экологиясы негіздері Жылу алмасу түріне байланысты жануарлардың екі экологиялық типін бөліп көрсетеді: пойкилотермді (салқын қанды) және гомойотермді (жылы қанды). Пойкилотермді ағзалардың ( грек тілінен аударғанда poikilos-алуан түрлі) зат алмасу деңгейі тұрақсыз, денесінің температурасы тұрақсыз, жылу реттеу механизмдері жоқ дерлік. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді болады. Пойкилотермді жануарларға омыртқасыздар, балықтар , қосмкенділер жатады. Гомойотермді ағзаларға (грек тілінен аударғанда homoios-бірдей)- зат алмасу деңгейі жоғары және тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады. Мұның өзі олардың денесінің температурасының салыстырмалы түрде тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Пойкилотермді жануарлардың өзін салыстырмалы түрде кең ауқымды температура ауытқуында белсенді тіршілік ететін эвритермді және температураның айтарлықтай ауытқуын көтере алмайтын стенотермді деп бөлуге болады. Құрылық жануарларын ылғалға қатысты төменгідей топтарға бөледі: