Құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәрауыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәрауыз денатурациясы мен ренатурациясы



бет26/65
Дата07.02.2022
өлшемі411,21 Kb.
#86164
түріҚұрамы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65
Байланысты:
Voprosy itogovoi 774 attestatsii kaz BSh 2020

1.Гидрофильдер –ылғал сүйгіш жануарлар (маса, құрлықтың былқылдақденелілері мен амфибиялары)
2. Мезофилдер –орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер)
3.Ксерофилдер –жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырымен жорғалаушылар).
Су ортасын мекендейтін ағзалар нектон, планктон және бентос болып бөлінеді:
Нектон (грек тілінен аударғанда nektos- жүзетін) су түбімен тікелей байланысы жоқ, еркін орын ауыстыратын, жүзіп жүретін ағзалардың жиынтығы. Бұл жануарлар өте үлкен ара қашықтықта орын ауыстыруға қабылетті және қатты ағыстарға төзімді болып келеді. Олардың дене пішіні сүйірленіп келген және қозғалу мүшеоері жақсы дамыған.
Нектонды ағзаларға балықтар, кальмарлар, ескекаяқтылар, киттер жатады.
Планктон ( грек тілінен аударғанда planktos-қалықтаушы)- негізінен су ағысының көмегімен қозғалатын, жүзетін ағзалардың жиынтығы. Олар жылдам және белсенді орын ауыстыруға қабылетсіз.Негізінен бұлар ұсақ жануарлар –зоопланктон және өсімдіктер- фитопланктон. Плпнктонды ағзалар су бетінде, терең жерлерде, тіпті су түбінде де тараған.
Плейстон (грек тілінен аударғаанда plein-кемеде жүзу)-денесінің бірбөлігі суда, екінші бөлігі судың бетінде жүретін ағзалар (фезалия, сифонофора).
Нейстон ( грек тілінен аударғанда neusteom-жүзуге қабылетті)- су бетінде жүзіп жүретін ағзалар (бактериалар, қарапайымдылар, су қандаласы, балдырлар).
Фитопланктон- су қабатында тіршілік ететін және су ағыстарының әсерімен қозғалатын негізінен балдырлардан құралған микроскоптық өсімдіктердің жиынтығы (диатомды және жасыл балдырлар, өсімдіктекті талшықтылар т.б.).
Зоопланктон мен бактериалар барлық тереңдіктерде кездеседі. Теңіз зоопланктонында ұсақ шаянтәрізділер, қарапайымдылар, медузалар, жүзетін гребниктер, сальпылар, кейбір құрттар басым. Тұщы суларда ірі шаянтәрізділер, коловраткалар мен қарапайымдылар тараған.
Бентос (грек тілінен аударғанда (bentos-тереңдік) –су қоймаларының түбінде (грунтта)мекендейтін ағзалардың жиынтығы. Ол фитобентос, зообентос және бактериобентосқа бөлінеді.Теңіздердің фитобентосы негізінен бактериалар мен балдырлардан (диатомды, жасыл, коңыр, қызыл) құралған.Әсіресе су түбінің жартасты, тасты бөліктері фитобентосқа бай.
Детрит- өлген өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан түзілген ұсақ органикалық заттың бөлшектері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет