Жапырақтың түсуі[өңдеу]
Жапырақтың түсуі — өсімдіктің эволюциялық дамуында әртүрлі қолайсыз жағдайға бейімделуі, яғни күзде күн суытып, топырақ құрғаған кезде тамырдан өсімдікке келетін ылғалдың азаймауынан және қыста қалың қар жауғанда өсімдік бұтағының сынып кетпеуінен сақтайды. Күзде күн суытып, топырақ құрғаған кезде жапырақтағы фотосинтез процесі бірте-бірте әлсірейді. Жапырақ пен сабақ арасындағы зат алмасу тоқтайды. Жапырақ сабағы түбіндегі жасушалар ыдырап, ажырау қабаты пайда болады. Бұл кезде жапырақ сабаққа әрең ілініп, өзінің салмағынан, жел, жауын әсерінен үзіліп түседі. Көптеген өсімдіктердің (салат, капуста, пияз, аскөк, қымыздық, т.б.) жапырақтары тағам, ал кейбір өсімдіктердің жапырағы мал азығы ретінде пайдаланылады. Жапырақтан эфир майы алынады, медицинада пайдаланылады.[2]
Достарыңызбен бөлісу: |