Жер мантиясы2900 км тереңдіктегі __________жер ядросының
желегінен басталып жер қыртысының табаны (орта есеппен 35–40 км тереңдікте орналасқан) аралығын қамтитын қатқабаттар жиынтығын қамтиды (2.1-суретке қараңыз). Жер қыртысының табаны «Мохоровичич шекарасы» деп аталатындығы белгілі. Планета қимасының бұл деңгейі əлемдік мұхит түбінде 4–10 км тереңдікте көрініс берсе, континенттер аумағында 35–75 км аралығында өзгереді. Сейсмикалық толқындар жылдамдығының біршама күрт өзгеруі деңгейлерін анықтау нəтижесінде жер мантиясы Геотектоника жəне геодинамика 23 шартты түрде үш бөлікке жіктелген, олар төменгі мантия, ауысу белдемі жəне жоғарғы мантия деп аталады. Төменгі мантия 2900–800 км тереңдіктер аралығын қамтиды, оны құрайтын заттар түрлі құрамды силикаттардан тұрады деп есептеледі. Сейсмикалық толқындар жылдамдығы төменгі мантия қимасында біршама баяу қарқында бірте-бірте артып отырады. Осы жылдамдық көрсеткіштерін жан-жақты талдау нəтижесінде төменгі мантия заттарының тығыздығы шамамен 5,5–5,8 г/см3-ге сəйкес келетіндігі есептеліп шығарылған. Төменгі мантия қатқабаты алыс шет ел геологиялық əдебиетінде «жер мантиясының D қабаты» деген атаумен оқшауланады. Ауысу белдемі шамамен 800–400 км тереңдіктер аралығын қамтиды. Кейбір ғалымдар оның астыңғы жапсары 950 км тереңдіктен басталады деп есептейді. Ауысу белдеуі қимасында қума сейсмикалық толқындар жылдамдығы айтарлықтай артады (11–11,5 км/с-ке дейін), сондықтан бұл деңгейді кейде «сейсмикалық толқындар жылдамдығының қалыптан тыс арту белдемі» деп те атайды. Алыс шет елдердің геологиялық əдебиетінде ауысу белдемі «жер мантиясының С қабаты» деген атауға ие. Ауысу белдемін құрайтын заттар да түрлі құрамды силикаттарға сəйкес келеді деп шамаланады, ал ауысу белдемі мен төменгі мантия жапсарының (шамамен 800-950 км тереңдіктер) табиғаты силикаттардың бірінші түрлі фазалық жағдайдан екінші түрлі фазалық жағдайға ауысуымен түсіндіріледі. Жоғарғы мантия шамамен 400 км тереңдіктен жер қыртысының 35–75 км тереңдікте орналасқан табаны аралығын қамтиды. Бұл қабат геотектоника ғылымының көкейтесті мəселелерін болжамдауда өте маңызды, себебі геологияның негізгі зерттеу нысаны болып табылатын жер қыртысына тиесілі əртүрлі дəрежедегі тектоникалық құрылымдардың қалыптасуы, геологиялық дамуы жəне тұрақтануы нақ осы жоғарғы мантия деңгейінен бастау алатын тектоникалық қозғалыстарға тəуелді. Алыс шет елдердің геологиялық əдебиетінде жоғарғы мантияны «жер мантиясының В қабаты» деп атайды. Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков 24 Жоғарғы мантия бір-бірінен анық ерекшеленетін екі қабаттан тұрады, оның ауысу белдемімен жапсарласатын астыңғы қабаты «астеносфера», ал үстіңгі жағынан жер қыртысымен төселетін үстіңгі қабаты «литосфералық мантия» немесе «перидотитті қабат» деп аталады (2.1-суретке қараңыз). Орта есеппен 400 км-дей тереңдіктен басталатын