Жер ядросы. Сейсмикалық толқындар жылдамдығындағы
келелі өзгерістердің бірі – жер қойнауының 2900 км тереңдігінде көрініс беретіндігі анықталған. Нақ ось тереңдікте қума сейсмиклық толқындар өз жылдамдығын 14 км/с-тен 8 км/с-ке дейін күрт азайтатын болса, планета қимасындағы өз жылдамдығының ең жоғарғы көрсеткіші болып табылатын 7 км/с-ке жеткен көлденең сейсмикалық толқындар толығымен тұтылатындығы, яғни мүлдем ғайып болатындығы белгілі болған. Ғалымдардың топшылауынша, нақ осы 2900 км тереңдікте жердің сыртқы ядросы басталады деп есептелінеді. Көлденең сейсмикалық толқындардың көрсетілген деңгейде із- түзсіз жоғалуы сыртқы ядроның сұйық заттардан тұратындығын дəлелдейді, себебі көлденең сейсмикалық толқындар сұйық заттардан өте алмайтындығы белгілі. Сұйық заттардан тұратын сыртқы ядро қимасында өз қозғалысын жалғастырған қума сейсмикалық толқындар жылдамдығының ядро қимасындағы екінші күрт өзгерісі 5120 км тереңдікте көрініс береді: сыртқы ядроның желегі (беті) деңгейінде 8,1 км/с-ке дейін баяулаған бұл толқындар жылдамдығы сол 5120 км тереңдікке дейін баяу қарқында бірте- бірте шамамен 10,1 км/с-ке дейін қайтадан өсе бастайды да, нақ осы деңгейде 11,3 км/с-ке дейін күрт жылдамдайды. Бұл дерек сол 5120 км тереңдікте сұйық заттардан тұратын сыртқы ядро тəмəмдалып, жердің ішкі ядросы басталатындығын көрсетеді (2.1-суретке қараңыз). Қума сейсмикалық толқындар жылдам- дығының ішкі ядро қимасында айтарлықтай өзгерістерге ұшырамауы, яғни бірқалыпты сақталуы (11,1-11,3 км/с) оның бірыңғай қатты заттардан тұратындығын көрсетеді. Геотектоника жəне геодинамика 21 2.1-сурет. Жер планетасының ішкі құрылыс ерекшелігін көрсететін сұлба Шартты белгілер: 1 – əртүрлі таужыныстардың жиынтығынан құралған литосфера (жоғарғы мантияның «литосфералық мантиясының» немесе «перидотитті қабатының» жер қыртысымен қосындысы); 2 – ішінара балқыған заттардан тұратын (бұлар «пиролит» немесе «лерцолит» деп аталады) астеносфера – жоғарғы мантияның төменгі қабаты; 3 – төменгі мантия мен мантияның ауыспалы белдемінің қосындысы (қатты заттар – негізінен силикаттар); 4 – жердің сұйық заттардан тұратын сыртқы ядросы; 5 – жердің қатты заттардан (негізінен металдардан) тұратын ішкі ядросы; 6 – жер ядросындағы материя мен энергияның ағу (жылжу) бағыты; 7 – жердің астеносфераасты мантиясы (төменгі мантия жəне ауысу белдемі) қимасында материя мен энергияның жоғары жылжу бағыты; 8 – жер астеносферасы қимасында материя мен энергияның ағу (жылжу) бағыты «Литосфералық тақталар тектоникасының» қозғаушы күші ретінде. Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков 22 Бес миллионға жуық модельдеу (пішімдеу) нəтижелерін электрондық есептеу машиналары көмегімен саралау жердің сыртқы ядросын құрайтын заттар тығыздығының орташа мөлшері 9,4-10 г/см3 болатындығын, ал жердің ішкі ядросы заттарының тығыздығы 13-13,5 г/см3-ге жетуі мүмкін екендігін көрсеткен. Жер ядросы деңгейлеріндегі температура мөлшері жайлы ой-пікірлер алуан түрлі, алайда ядро заттары қимасының бұл көрсеткіші кем дегенде ондаған мың градуспен өлшенуі тиіс екендігі айтарлықтай талас туғызбайды. Бүгінгі ресми ғылым жер ядросы азын-аулақ мөлшерде күкірт концентрациясын (үйірімін) кіріктіретін темір-никель қоспаларынан тұрады деп есептейді. Алайда бұл тұжырым қапысыз дəлелденген қағида емес. Жер ядросының заттық құрамы жайлы бұл байлам, геотектоника ғылымының өзге де талай-талай қағидалары сияқты, жалпылама жорамалдарға ғана негізделген. Жер ядросы темір-никель сияқты магнитті металдар қоспасынан тұратын болса, ол неге екі түрлі физикалық жағдайға жіктелген (қатты ішкі ядро жəне сұйық сыртқы ядро), жер ядросы деңгейіндегі ғаламат жоғары температура аталған қоспаны түгелімен «балқытып жібермеуіне» не себеп, қалыпты жағдайдағы тығыздығы шамамен 7,8 г/см3 мөлшерге сəйкес келетін темірдің ядро қимасында 9,7–13,5 г/см3 аралығында «тығыздала түсуін» қалай түсіндіреміз деген сияқты ірілі-ұсақты сұрақтар əзірге біржақты жауабын тапқан жоқ.