Құрамы жайлы жалпылама мəліметтер Жер қойнауларын көзбе-көз зерттеудегі адамзаттың қолы



бет4/12
Дата01.10.2023
өлшемі149,5 Kb.
#183227
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
лек 2

астеносфера қатқабаты негізінен алғанда өзін құрайтын
заттардың тұтқырлығы тұрғысынан ерекшеленеді. Жер
қимасының сұйық күйдегі сыртқы ядроға дейінгі бөлігі, жалпы
алғанда, қатты заттардан тұрады деп есептелінеді (көлденең
сейсмикалық толқындардың сыртқы ядроға дейін тұтылмауы
бұған дəлел). Алайда нақ осы астеносфера деңгейіндегі заттар
ішінара балқыған түрде болады деп шамаланады, сондықтан
оның тұтқырлығы төмен болуы тиіс. Физика ғылымында
«Бингам денесі» деген атауды иеленген, өз тұтқырлығының
төмен көрсеткішімен сипатталатын мұндай заттардың өздеріне
тəн ерекшелігі – олардың бірте-бірте күшейтілген кернеулер
жағдайында сұйықтарға ұқсап «аға бастауға» икемділігі, ал
кернеу кенеттен берілген жағдайда қатты заттар сияқты
омырылғыш болып келетіндігі. Заттар «Бингам денесінің» осы
қасиетін иеленуі үшін оның бір пайызы ғана балқыған күйде
болуы жеткілікті көрінеді. Міне, осындай ішінара балқыған,
сондықтан да біртіндеп берілген кернеулер жағдайында азын-
аулақ дəрежеде болса да «ағуға қабілетті» заттардан тұратын
астеносфера қатқабаты планетаның ішкі өңірінен көтерілген
ғаламат мол жылуды өз бойына «жинақтаушы» болуы ықтимал,
ал мұның өзі оның мейлінше қозғалмалы (аққыш) болуын
қамтамасыз ете отырып, бүкіл тектоникалық қозғалыстардың
қозғаушы күші рөлін атқаруына жағдай жасайтын болады.
Жоғарғы мантияның астеносфера қатқабатын кейде
«толқынтыс» («волновод») немесе «төмен дəрежелі
сейсмикалық жылдамдықтар қабаты» деп те атайды. Оның
бұлай аталу себебі осы астеносфераны көмкерген
литосфералық мантияның қимасында біршама қарқынды
сипатта жоғарылай бастайтын қума жəне көлденең
Геотектоника жəне геодинамика
25
сейсмикалық толқындар жылдамдығының сол астеносфера
деңгейінде азды-көпті баяулап қалатындығы болып табылады.
Астеносфераның беткі деңгейінің (литосфералық
мантиямен жапсарласу деңгейінің) орналасу тереңдігі тұрақты
емес: мұхиттар ауқымында, əсіресе орталық мұхиттық
жоталар өңірінің нақ орта тұсына сəйкес келетін мұхиттық
рифтілердің астында астеносфера мұхит түбіне (жер бетіне)
өте жақын орналасқан (15-20 км-ден аспайтын болса керек)
жəне бұл өңірдегі астеносфера заттарының тұтқырлығы да
айтарлықтай төмен (физикалық жағдайы сұйықтарға жақындай
түседі). Континенттер өңіріндегі, əсіресе көне платформа-
лардың астындағы астеносфера қатқабатының беткі
жазықтығы 150-200 км-дей тереңдіктер деңгейінде орналасқан
болса керек. Континенттер ауқымындағы бұл жапсар өте көмескі
болып келеді, себебі бұл аймақтарға тиесілі астеносфера
заттарының тұтқырлығы айтарлықтай жоғарылайды, сондықтан
оны өзімен жапсарласатын литосфералық мантияның бірыңғай
қатты заттарынан ажырату қиындай түседі. Континенттер
өңіріндегі астеносфера мен литосфералық мантия заттарына
тиесілі тұтқырлық жəне тығыздық көрсеткіштерінің бір-бірімен
шамалас болуы (мəселен, аталған өңірдегі литосфералық мантия
заттарының тығыздығы 3,1–3,3 г/см3, астеносфера ____________заттарының
бұл көрсеткіші 3,4–3,5 г/см3) кейбір ғалымдар тарапынан
«континенттердің астында, əсіресе көне платформалардың
астында астеносфера қатқабаты мүлдем болмайды» деген
мазмұндағы пікірлердің туындауына себепші болғандығын
ескерген жөн.
А.Э.Рингвуд жəне Д.Х.Грин деген петрологтардың
зерттеулеріне сəйкес, астеносфера заттары «пиролит» деп
аталады. «Пиролит» терминінің арғы төркінінде «пироксен» жəне
«оливин» сөздері жатыр. Бұл екі минерал перидотит, пироксенит,
оливинит, дунит, гарцбургит, т.с.с. ультранегізді магмалық
таужыныстарды құрайтын негізгі минералдар екендігі белгілі.
Алайда астеносфера пиролитінің құрамында аталған екі
минералмен қатар кварц, плагиоклаздар сияқты өзге де минералдар
түзетін компоненттер (құрамбөліктер) де болуы тиіс.
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
26
Жоғарыда келтірілген мəліметтерді қорыта айтқанда,
астеносфераны құрайтын «пиролит» ультранегізді жəне негізді
құрамды магмалық таужыныстар қалыптастырудың «қайнар
көзі» жəне бірден-бір негізі болып шығады. Олай болса, нақ осы
«астеносфера пиролиттерінің» балқуы салдарынан қалыптасқан
магма есебінен жердің мұхиттық литосферасы түзілетін болса
керек, мұндай литосфера қимасының астыңғы ¾ бөлігі
ультранегізді магмалық таужыныстардан, ал үстіңгі ¼ бөлігі
негізді құрамды магмалық таужыныстардан (габбролар мен
базальттардан) тұратындығы, А.Э.Рингвуд пікіріне сəйкес,
зертханалық зерттеулер нəтижесінде дəлелденген. Мұхит
түбінде жүргізілген геофизикалық зерттеулер мұхиттық
литосфера қимасы расынан да жоғарыда келтірілген модельге
сəйкесетіндігін көрсеткен. Литосфералық тақталар
тектоникасы (ЛТТ) тұжырымдамасына сəйкес, осы мұхиттық
литосфераның континентпен «əрекеттесуі нəтижесінде» күрделі
құрамды континенттік литосфера қалыптасатынға ұқсайды. Ал
континенттік литосфераны көмкерген континенттік
қыртысты құрайтын таужыныстар құрамында ультранегізді
магмалық таужыныстар сирек ұшырасатындығы, ал орташа
құрамды (диориттер мен андезиттер) жəне қышқыл құрамды
(граниттер мен риолиттер) магмалық таужыныстардың үлес
салмағы негізді құрамды таужыныстардан (габбро мен
базальттардан) тіпті де кем соқпайтындығы белгілі.
Енді жоғарғы мантияның жоғарғы бөлігіне, яғни


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет