Құрамы жайлы жалпылама мəліметтер Жер қойнауларын көзбе-көз зерттеудегі адамзаттың қолы



бет7/12
Дата01.10.2023
өлшемі149,5 Kb.
#183227
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
лек 2

Тектоносфераəртүрлі тектоникалық жəне магмалық
процестердің кеңінен етек алуы салдарынан өзін құрайтын
заттардың құрамы мен физикалық қасиеттерінің көлбеу
(горизонталь) жəне тік бағыттардағы əркелкілігімен
сипатталатын, жер қыртысы мен жоғарғы мантия қабаттарын
тұтас қамтитын планетамыздың жоғарғы қатты қабаты. Жердің
Геотектоника жəне геодинамика
31
жоғарғы мантиясы «литосфералық мантия» жəне
«астеносфера» деп аталатын қабаттарды біріктіретін
болғандықтан, тектоносфера түсінігін планетамыздың қатты
заттардан тұратын ең жоғарғы үш қабатының жиынтығын
құрайтын қимасы деп түсінуге болады, олар – жер қыртысы,
литосфералық мантия жəне астеносфера (жоғарыдан төмен
қарай). Бұл қабаттар қимасының жалпы қалыңдығы шамамен
350-400 км аралығында, яғни Жердің тектоносфера қабаты
осындай тереңдіктерде жер мантиясының «ауысу белдемі» деп
аталатын екінші қабатымен төселеді.
Жер қойнауына тереңдеген сайын температура мен қысым
(заттардың тығыздығы) бірте-бірте арта беретіндігі анықталған.
Бұл екеуінің қатарласа өсуі жер қойнауындағы заттардың
негізінен алғанда қатты күйін сақтауға (сыртқы ядродан
басқасының) мүмкіндік береді. Затты балқыту үшін оның
температурасын неғұрлым өсіріп, қысым мөлшерін соғұрлым
азайту қажет екендігі белгілі. Жер тереңдіктеріндегі өте жоғары
температуралар жағдайында да заттардың балқып кетпеуінің
негізгі себебі, сол жоғары температураларға жоғары дəрежелі
қысымдардың да сəйкес келіп отыруынан деп түсінілуі тиіс,
яғни жер қойнауларындағы заттардың бұл екі физикалық
көрсеткіштері бір-бірімен «теңдескен» күйде артып отырады.
Жердің жоғарғы қабатында, яғни жер қыртысының
қимасында температураның тереңдіктерге қарай өсу
жылдамдығы орта есеппен əрбір 100 м-ге 3°С-тан келетіндігі
анықталған. Жердің температуралық өрісінің осы өсу қарқыны
мегземелік (векторлық) сипатты иеленген, бұл шаманы
«геотермикалық градиент» деп атайды. Алайда
температураның тереңдіктерге қарай өсуінің жоғарыда
келтірілген заңдылығы (əрбір 100 м-ге 3°С-тан немесе əрбір
33 м сайын 1°с-қа) планета қимасының барлық деңгейлерінде
мүлтіксіз сақталуы мүмкін емес, себебі планетаның терең
қойнауларында, яғни жер мантиясы мен жер ядросына сəйкес
келетін тереңдіктерде шоғырланған ғаламат мол жылулардың
термодинамиканың екінші заңдылығына сəйкес жоғары қарай
«ағуы» тектоносфера ауқымында əртүрлі геологиялық
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
32
процестердің көрініс беруін қамтамасыз етеді, сөйтіп
статикалық жағдайдың ғана көрсеткіші болып табылатын
геотермикалық градиенттің сақталу заңдылығына айтарлықтай
түзетулер енгізуді қажет етеді.
Жерді құрайтын заттардың тығыздығы планета
қойнауларына тереңдеген сайын бірте-бірте арта беретіндігі
жоғарыда айтылды. Жер қыртысы заттарының орташа
тығыздығы 2,77 г/см3, литосфералық мантияның бұл
көрсеткіші 3,1–3,3 г/см3 шамасында; астеносфера заттарының
тығыздығы 3,4–3,5 г/см3-ден аспайды; ауысу белдемі мен
төменгі мантия қималарындағы заттардың орташа тығыздығы
5,5-5,8 г/см3 аралығында болатындығы есептеліп шығарылған;
жердің сұйық түріндегі сыртқы ядросын құрайтын заттар
тығыздығы, əдейі жүргізілген есептеулерге сəйкес 9,4-10,0 г/см3
шамасында болуы тиіс; қатты заттардан тұратын ішкі ядро
заттарының тығыздығы 13,0-13,5 г/см3 екендігі анықталған.
Жер қойнауларына тиесілі заттар тығыздығының
тереңдеген сайын арта беруін қамтамасыз ететін күштердің
ішіндегі ең шешушілерінің бірі – литостатикалық тепе-
теңдікті қамтамасыз ететін ауырлық күші болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет