Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Жүректен шыққан жылы сөз» Бірде адам мүшелері жиналып отырып,қашан дем алатындары жайында әңгімелеседі. Барлығы адам ұйқыға кеткенде демалатындары жайында мақтанып отырады. Жүрек үнсіз отырып қалады.Себебі ол ешқашан демала алмайды.Сіз неге үнсіз отырсыз дегенде, ол: «Адамдар бір – біріне жылы сөз айтқанда мен демаламын деген екен»
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Кәне, кәне тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ егер шеңберге,
Алақанды ұрайық
Тұрсақ егер шеңберге,
Жақсы, жақсы сөздерді
Қонақтарға сыйлайық.
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Қонақтарға құрметпен, Бас иеміз біз. Топтарға бірігу.
Екі элементтен тұратын, соның бірі оттек болатын күрделі зат.
Оксид тобы
Бір не бірнеше сутек атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі зат.
Қышқыл тобы
Металл атомынан және су қалдығынан құралған күрделі зат.
Топтар рольдерге бөлініп, берілген тапсырманы орындайды.
1. Тапсырма Сұрақтар қобдишасы Ортаға сұрақтар жазылған қобдиша қойылады. Оқушылар кезектесіп бір сұрақты алады да жауап береді. Кей жағдайда оқушылар сұрақтар құрастырып қобдишаға салып, сосын оған жауап бергізуге де болады. «Бумеранг» әдісін бойынша әр топ мүшелері тақырып бойынша сұрақтар қобдишасынан сұрақтар алып, келесі топқа береді Олар сол сұрақтарға жауап береді. Қалған жерін толықтыру мақсатында мұғалім өзі сұрақ қоюына болады. 1. Табиғи қышқылдарға мысалдар келтіріңіз.
2. Оттекті және оттексіз қышқылдарды ажырату және мысал кетіру
3. Тұз қышқылының формуласы.
4. Күкірт қышқылының формуласы.
5. Фосфор қышқылынын формуласы.
6. Кремний қышқылының формуласы.
7. Көмір қышқылының формуласы.
8. Бромсутек қышқылының формуласы.
9. Индикатор дегеніміз не?
10.Бірнегізді қышқылдарға мысал келтіру
11. Екінегізді қышқылдарға мысал келтіру
12.Үшнегізді қышқылдарға мысал келтіру
13.Бекетовтың белсенділік қатарына байланысты металдар неше топқа жіктеледі?
14.Тұз қышқылының тұздары қалай аталады?
15.Күкірт қышқылының тұздары қалай аталады?
16.Көмір қышқылының тұздары қалай аталады?
17.Индикатор түрлерін ата
18. Лакмус қағазын қышқылдар қандай түске бояйды.?
19. Лакмус қағазын сілтілер қандай түске бояйды.?
20..Оксидтер қанша топқа бөлінеді және ата