Құрамы және құрылымы. Компьютердің арифметикалық негізі. Санау жүйелері



бет134/167
Дата24.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#133037
түріҚұрамы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   167
Байланысты:
Информатика зертхене 2014

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Макарова Н.В., Матвеев Л.А., Бройдо В.Л.др. Информатика/ Под ред. Макаровой Н.В.М., 2003.

  2. Информтика/ Под ред. С.В.Симоновича.-СПб., 2004.

  3. Моисеев А.В.Информатика.-М.:Академия, 1998.

  4. Аветисян Р.Д., Аветисян Д.Д., Теоретические основы информатики.-М.: Наука, 1997.

  5. Аладьев В.З. и др. Основы информатики.-М.: Филин, 1999.

  6. Балапанов Е.К.Новые информационные технологии: 30 уроков по информатике.Алматы, 2001.

Зертханалық жұмыс №9.
Тақырып: MS Excel-электрондық кестесі. Ұяшықтармен жұмыс. Формуланы пайдалану.
Мақсаты: Электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысу, кестеге мәліметтер енгізу, кестені файл ретінде сақтау және жүктеу, редакциялау және пішімдеу (форматтау), матрицаларды өңдеуде EXCEL функцияларын пайдалану, матрицаларға арифметикалық амалдар қолдануды автоматтандыру, формулалармен және жиындармен (массивтермен), Excel-де қолданылатын функциялармен, сандардың форматтарымен, кестедегі ақпараттарды өзгертуден қорғау әрекеттерін орындау, кестені баспаға шығару әрекеттерін үйрену.
Қарастырылатын негізгі мәселелер:
1. MS Excel-электрондық кестесі.
2. Ұяшықтармен жұмыс. Формуланы пайдалану.
Негізгі ұғымдар.



Excel кестелік программасын іске қосыңыз:
1. Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (ПУСК) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарынан таңдап, Microsoft Office  Microsoft Excel амалын орындау.
2. Тышқанның оң жағын бер рет шерткендегі Жанама менюден Құру (Создать) кестелік процессор Microsoft Excel таңдап, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертеміз. Іске қосылғаннан кейін төмендегі терезені көреміз:


1.1-сурет. Excel программасының терезесі.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағандардан тұрады. Жолдардың саны – 65536, ал бағандар саны – 256. Баған мен жолдың қиылысқан жерінде орналасқан тор ұяшық деп аталады.
Жол нөмірі – көлденең орналасқан қатарлардың сол жақ шетінде жазылған нөмірімен белгіленеді.
¦яшық көрсеткіші – жұмыс істеуге дайын ағымдық ұяшықты көрсетіп тұрған тіктөртбұрышты таңба.
1. EXCEL программасын іске қосу
Тапсырма 1
Саймандар тақтасы мен форматтау саймандар тақтасының барлық батырмаларын
алып тастап, қайта орнына қойыңыз.
Тапсырма 2
Бос жол және бос қатар қосу жолдарын көрсетіңіз.
Жұмыс парағын қосу және оған атау беру жолдарын көрсетіңіз.
Әдістемелік нұсқау
Меню қатарынан ҚОЮ (Вставка) – Қатар (строка) немесе бағана (столбец) таңдаймыз.
Ағымдағы екпінді ұяшыққа курсорды қойып “Ctrl +”, “Ctrl + Shift +” батырмаларын басу арқылы бос бағана немесе бос жол қосуымызға болады.
Меню қатары ҚОЮ (Вставка) – Парақ (лист) белгішесін басамыз. Ал атау қою үшін Меню қатарындағы Формат – Парақ (лист) – атын өзгерту (переименовать) батырмасын таңдаймыз. Сол кезде атау қоюға арналған парағымыз белгілі болады, соны өшіріп пернетақта арқылы керекті атауды тереміз.
Тапсырма 3
Тышқанның көмегімен кесте бөліктері қалай беліленеді?
Тапсырма 4

Жұмыс кітабының 4-ші парағында:
а) 5-ші қатарды белгілеңіз.
ә) А, В, С бағаналарын белгілеңіз.
б) Жұмыс парағын белгілеңіз.
в) C4:F10 блогын пернелердің көмегімен белгілеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет