5. Радийбелсенділік.Топырақтың минералогиялық бөлігі
Топырақтың минералогиялық құрамы тау жыныстары мен минералдардың үгілу және бұзылу процесстері нәтижесінде пайда болған және солардың химиялық, гранулометриялық, минералогиялық құрамын сақтап қалған.
Магмалы тау жыныстары жер қыртысында магманың суып және қатып қалған кезде пайда болған (интрузивтық тау жыныстары) немесе вулкандардың әсерінен лаваның жер бетіне шығып суып, қатып қалған кезде (эффузивтық тау жыныстары)
Шөгінді тау жыныстары бұрынғы пайда болған тау жыныстарының үгілуінен және үгілген өнімдердің жер бетінде немесе су бассейндерінде қайтадан шөгуінен пайда болмақ.
Метаморфты тау жыныстарымагманың, ыстық сулардың және газдардың химиялық әсерінен, температудра мен жоғары қысымда шөгінді мен магмалық жыныстардың жер астында қайта кристализациялану құбылысы нәтижесінде пайда болған.
Топырақтың
құрамы
Газ
фаза
Сұйық
фаза
Қатты
фаза
Топырақ
биотасы
Топырақтың қатты фазасының элементтік құрамы (А.П.Виноградов)
Оттегі көптеген біріншілік және екіншілік минералдар құрамына кіреді де, органикалық заттар мен судың негізгі құраушы элементі болып саналады. Оттегісіз ешқандай тіршілік болмайды және реакциялар жүрмейді.
Кремний – топырақта ең көп тараған элемент. Кремний қосындыларының негізгісі кварц (SiO2), ол силикаттар құрамында басым. Бұзылу мен ТҚ процестері арқасында ерітіндіде жылжымалы орто-мета кремний қышқылы (SiO4)4- және (SiO3)2- аниондары, натрий мен калий силикаттары, кейде золь күйінде де кездеседі. Топырақтың арасынан үлбір кремнийдің бір бөлігі шайылып кетсе, екінші бөлігі (қышқыл ортада) тұнбаға – гельге көшеді - SiO2 nH2O . Бұл изоморфты тұнба, ал сусыз жағдайда екіншілік кварц түріне көшеді.
Жылжымалы коллоидты үлбір кремний, топырақтың құрамындағы 1,5 тотықты негіздермен байланып, екіншілік силикаттарға айналады.
Алюминий – топырақта біріншілік және екіншілік минералдар құрамына кіріп, органика-минералды кешен, ал қышқыл топырақтарда сіңірілген негіз түрінде кездеседі. Аталған минералдардың бұзылу нәтижесінде алюминийдің сулы 1,5 тотығы ажырап, бір бөлігі сол жерден шөгіп қалса, екінші бөлігі золь күйінде, ерітіндіге көшеді. Топырақ ортасы сәл қышқыл тарса, алюминийдің сулы тотығы (Al2O3 nH2O) гелькүйіне көшеді, ол кристаллизацияға (қатаю) шалдықса, екінші гиббсит Al2O3 3H2O пен бемит Al2O3 H2O атты минералдар түріне айналады. Қышқыл ерітінді ортада (рН- 5) алюминийдің 1,5 тотығы топырақ құрамындағы органикалық қышқылдармен байланып, кешенді жылжымалы қосындылар түзеді де, топырақтан шайылып кетеді.
Темір - өсімдік өмірінде ең қажетті химиялық элемент, өйткені темірсіз хлорофилл құралмайды. Топырақ құрамында біріншілік және екіншілік силикатты минералдар – сулы және қарапайым тотық, жай тұздар және сіңірілген негіз түрлерінде кездеседі, сондай-ақ органика – минералдық кешенді қосындылар түзеді. Минералдар бұзылуынан ажыраған темірдің сулы тотығы топырақта аз жылжымалы қосынды – аморфты гель (Fe2O3 nH2O) күйіне, ал кристалданса – қатайса – аморфты золь (Fe2O3 nH2O) және сулы гетит (Fe2O3 3H2O) түріне көшеді. Тек тым қышқыл ортада (рН-3), топырақ ерітіндісінде жылжымалы темірдің сулы тотығы молаяды да, топырақта көбінесе темірдің Fe3+ ионы басым болады. Тотықсызданған жағдайда темір тотығы шала тотықты ерітінді FeCO3, Fe(НCO3)2 және FeSO4 сияқты өсімдіктерге тиімді қосындылар түзеді. Бірақта топырақта жылжымалы темір қосындылары көп жиналса, өсіп тұрған өсіп тұрған өсімдікке зиян келтіруі (уландыруы) мүмкін, бейтарап және сілтілі орталы топырақтың құрамында темір тотықтану құбылысына шалдығып, тиімсіз түріне көшеді де, өсімдік қорегіне темір жетіспей қалады, соның салдарынан ол хлороз ауруына шалдығады.
Темір мен алюминийдің сулы тотықтары органикалық қышқылармен әрекеттесіп, кешенді жылжымалы қоспаларға айналады да, топырақтан жеңіл шайылып кетеді.