Кальциймен магний де калий сияқты өсімдікке физиологиялық қажетті элементтер. Мысалы, магний хлорофилл құрамына кірсе, кальций топырақтың маңызды физикалық, физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсарту арқылы, өсімдіктердің өніп-өсіп, дамуына жағдай туғызады. Кальций мен магний топырақ минералдарының кристалдық қаңқасына кіреді де, олар бұзылған жағдайда алмаспалы және қарапайым (хлоритті, нитратты, карбонатты, сульфатты, фосфатты кальций) тұздары күйіне көшеді.
Кішіэлементтер (КЭ) топырақта тым аз мөлшерде (
КЭ өсімдіктер мен жануарлар және адамзат тіршілігінде физиологиялық және биохимиялық өте маңызды рөл атқарады, олар ферменттер, гормондар және витаминдер құрамына кіріп, органикалық заттар синтезін шапшаңдатады және өнім сапасын жақссартады. Витаминдер жетіспесе, тірі организмнің өсіп-дамуы тоқталып, түрлі ауруға шалдығады, мыс, адамдар молибден мол болса подагра, йод жетіспесе зоб ауруларынан зардап шегеді. Бор жетіспесе қант қызылшасының тамыры шіри бастайды.
Тотығу-тотықсыздану процестер құбылысы топырақтағы КЭ валенттілік дәрежесіне әсер етеді, мыс, марганец Mn3+ тотықса ерімейтін Mn4+ түріне ауысады, ал хорм Cr3+ →Cr6+ мен ванадий V3+ →V5+, керісінше жылжымалы түріне көшіп шайылады. Қышқыл топырақ ортасында мыс, мырыш, марганец пен кобальттың жылжымалылығы артады да, молибдендікі төмендейді. Бор, фтор және йод қышқыл және сілтілі ортада жылжымалы келеді. Топырақтың ерітіндісінде CO2 концентрациясы өсуі де КЭ оң әсер етеді – көмір қышқыл газы карбонаттарды екі карбонатты түріне айналдыры, марганец пен никель, барий жылжымалылығын өсіреді. Гумустық және органикалық заттар, өте-мөте құмырсқа, лимон, қымыздық қышқылдары ерітінді КЭ байланыстырып, тұрақты қосындыларға көшіреді.
Топырақтың радийбелсенділігі – ондағы радийбелсенді элементтер мөлшеріне байланысты, оның табиғи және жасанды белсенділік екі түрі болады.
Топыраққа табиғи радийбелсенділікті табиғи радийбелсенді элементтер береді. Олар топырақ пен топырақұраушы жыныстарды әр мөлшерде шоғырланады. Табиғи радийбелсенді элементтер 3 топқа бөлінеді: бірінше топқа изотоптарының барлығы радийбелсенді элементтер жатады, оларға 3 ұялы бірте-бірте изотоптанатындар жатады: уран – радий – торий –актиний қатардағылар. Олардың аралық ыдыранды азығы – қатты және газды күйіндегі изотоптар (эманациялар). Осы қатардағы ең маңыздылары – уран (238, 235U), торий (232 Th), радий (226 Ra) және радон (222, 220 Rn). Екінші топқа кіретіндер кәдімгі радийбелсенділік қасиеттері бар элементтер: калий (40K), рубидий (87 Rb), кальций (48 Ca), цирконий (96Zr), т.б.; осылар ішінде табиғи радийбелсенділігі жоғары ең маңызды элементке калий жатады. Үшінші радийбелсенді изотоптар тобына атмосферада күн сәулесінің әсеріне жаралатын тритий (3H), бериллий (7Be, 10Be) және көміртегі (14C) кіреді.
Табиғи радийбелсенділік негізінен уран, торий, радий және изотопты 40К мөлшерімен анықталды да, әдеттегіде жыныстар мен топырақтарда тым бытыранды күйінде кездеседі
Бақылау сұрақтары.
Топырақтың минералогиялық құрамы қандай?
Біріншілік минералдарды ата.
Екіншілік минералдар қалай түзіледі?
Макроэлементтердің маңызы?
Кішіэлементтердің маңызы?
Жасанды радийбелсенділік дегеніміз не?
Қолданылған әдебиеттер:
Елешев Р.Е. және т.б. Топырақтану практикумы. А., 2006ж
Жамалбеков Е, Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А, 2006
Тазабеков Т.Т. және басқалар. Жалпы топырақтану. Алматы. 2005ж.