Құрамы мен классификациясы. Газ заңдары Сұрақтар


Қышқылдық өңдеудің әдістемесі



Pdf көрінісі
бет19/21
Дата16.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162983
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
darister
Срс 1
Қышқылдық өңдеудің әдістемесі. 
Мұнай-газ ӛндіру тәжірибесінде 
қышқылдық ӛңдеудің екі негізгі типі қолданыс тапты – бақыланбайтын 
немесе таңдаусыз әдіс және бақыланатын немесе таңдамалы әдіс (13 сурет). 
Бақыланбайтын 
ӛңдеу кезінде шеген баған бойымен тӛменге қышқыл 
ерітіндісі, содан кейін қабатқа қышқылды ығыстыру үшін жеткілікті шамада 
су айдалады. Бұл әдіс сораптық-компрессорлық баған бойынша немесе онсыз 
да жүргізілуі мүмкін. Ол бір ӛнімді зонасы бар ұңғымаларда, айдау 
ұңғымаларында немесе рассолды залалсыздандыруға арналған ұңғымаларда, 
тӛмен қысымды газ ұңғымаларында немесе тӛмен ӛнімді ұңғымаларда 
қолдануға ӛте қолайлы. Оның артықшылығы – уақыт пен шығын үнемділігі, 
сонымен қатар реакция ӛнімдерінің ӛнімді қабаттан оңай жойылуы. әдістің 
кемшілігі қышқылдың қайда бағытталғаны туралы бақылаудың болмауы 
болып табылады. Қабатқа әсер етуге арналған сұйық ӛнімсіз зонада жоғалу 
мүмкіндігі. 
Бақыланбайтын ӛңдеу әдістемесі келесідей: 

Сұйықты ұңғымадан поршеньдеу немесе кері сору арқылы жою

Ұңғымаға қышқылды айдау; егер сұйық жойылмаған болса, онда оны 
қабатқа қышқылдың алдында айдау керек; 

Барлық қышқылдың қабатқа енуіне мәжбүрлеу үшін қышқылдың 
артынанан жеткілікті кӛлемде су жіберу керек; қышқылды қабатқа айдау 
үшін туғызылатын қысым жер үсті сораптарының ӛнімділігімен 
анықталады; 

Реакцияның аяқталуы үшін жеткілікті уақыт ӛткеннен кейін құрамында 
реакция ӛнмдері бар пайдаланылған қышқылды поршеньдеу, кері сору 
арқылы немесе түбтік қысым жеткілікті үлкен болса ұңғымадан 
фонтандату арқылы жою керек. 
Су айдау ұңғымалары жағдайында пайдаланылған қышқылды түб маңы 
аумағынан қабатқа ӛтуіне мәжбүрлеу үшін су айдауды жиі қалпына келтіру 
жеткілікті. 
Бақыланатын қышқылдық өңдеудің 
кӛп тараған әдістері - әдетте СКБ, 
пакерлік, сатылық ӛңдеу, таңдамалы, термоқышқылдық ӛңдеулер және т.б. 
жатады. 
Ӛнімді зонадан тӛмен қарай орнатылған сораптық-компрессорлық 
құбырлар арқылы ұңғыманы қышқылдық ӛңдеу ӛте кең қолданыс тапты (14 
сурет) 
Басында ұңғыманы бастырғыш сүйықпен 1 сӛндіреді және 
циркуляцияны орнатады (І-ші кӛрініс). Содан кейін құбырларға дайындалған 
тұз қышқылының ерітіндісін 2 құяды. Ұңғымадан ығыстырылған сұйықтың 
кӛлемін сақиналы кеңістік арқылы ӛлшейді. Ұңғымаға айдалатын 
қышқылдың бірінші порциясының шамасын, қышқыл құбыр башмагынан 


бастап қабат тӛбесіне дейін толатындай етіп есептейді (ІІ-ші кӛрініс). Осыдан 
кейін құбыр аралық кеңістікті жабады және СКБ бойынша ұңғымаға 
ерітіндінің бүкіл кӛлемін айдайды. Бұл кезде қышқыл қабатқа бастырылады 
(ІІІ-ші кӛрініс). Құбырлар мен ұңғыманың тӛменгі бӛлігінде қалған 
қышқылды кейін ығыстырушы сұйықпен (мұнай немесе су) қабатқа 
бастырады (ІV-ші кӛрініс). 
Газ ұңғымаларын қышқылдық ӛңдеу оны сӛндірмей-ақ қысым 
жағдайында жүргізілуі мүмкін. 
Ӛңдеу нәтижелерін ұңғыманың ӛңдеуге дейін және одан кейінгі 
ӛнімділік коэффициенті бойынша, сонымен қатар ұңғыманы ӛңдегеннен 
кейінгі белгілі бір уақыт бойы одан ӛндірілген газ шамасының қосындысы 
бойынша тексереді. 
Бақыланатын ӛңдеудің басқа бір түрі – 
пакерлік әдіс
. Бұл жағдайда 
қышқылдық ӛңдеуге ұшыратылатын зона үстінен сораптық-компрессорлық 
бағанға пакер енгізіледі (кеңейетін тығын). Ұңғыма мұнаймен толтырылады, 
содан кейін қышқыл сораптық-компрессорлық баған бойынша айдалады 
және ӛнімді зона деңгейінде тоқтатылады. Содан кейін қышқылдың 
сақиналы саңылау бойынша араласуын болдырмау үшін пакер орнатылады. 
Кейде бастапқыда пакер орнатылады, ал мұнай сораптық-компрессорлық 
бағаннан кері сору арқылы жойылады, осыдан кейін қышқыл сораптық-
компрессорлық бағанға алдындағы мұнайды қабатқа ығыстыра отырып 
айдалады. 
Толықтай таңдамалы қышқылдық ӛңдеудің артықшылығы қышқылдың 
максимальді әсер етуі оны тек берілген бӛлікке ғана түсіру арқылы жетуден 
тұрады. Сонымен бірге қышқыл ӛнімсіз зоналарға түспей, басқа жағдайларда 
түспейтін ӛткізгіштігі тӛмендеу бӛліктерге қарай бағытталуы мүмкін. 
Сонымен қатар қышқыл ӛңдеу тиімсіз әсер ететін, қабаттағы кездесетін әр 
түрлі суланған зоналардан оқшаулауы мүмкін. 
Таңдамалы қышқылдық ӛңдеудің кемшіліктері оның қымбаттығына, 
жүргізудің қиындығына және (кейбір жағдайларда) ӛңдегеннен кейін 
ұңғыманы тазарту үшін қажетті уақыттың кӛптігіне байланысты. 
Сатылы қышқылдық өңдеу.
Сатылы қышқылдық ӛңдеуді тығыз 
известняктар үшін қолданады. Ұңғыманы жалпылай бір сатыда емес, екі 
немесе бірнеше сатыда ӛңдейді. Бұл ұңғымада ӛте тӛмен қысымдар кезінде 
жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Әдетте пайдаланылып болған 
қышқылдың қабат түбіне бастырылуын болдырмау үшін қышқылды сатылар 
аралығындағы кезеңдерде ұңғымадан кері шығарып отырады. 
Кейде сатылы қышқылдық ӛңдеу суланған зонаға қарай тесілу 
мүмкіндігі бар известнякты емес қабаттарда да қолданылады. Бұл судың 
бастапқы білінуі кезінде ӛңдеуді тоқтатуға мүмкіндік береді. Әрбір сатыдан 
кейін пайдаланылып болған қышқыл құрамында судың бар болуына 
тексеріледі. 
Басқа қолдану облысы – бұл бір сатылық ӛңдеуден кейін оқпан 
маңындағы ластанған зонаны тазарту. Бұл кезде ең соңғы сатыларда ӛте 
тӛмен қысым кезінде қабатқа ӛте терең ену жеңілдейді. 


Егер қабат ұсақ ерімейтін құмнан немесе ластауға қабілетті кремнийлі 
сланецтің бӛлшектерінен тұрса, қарапайым ӛңдеу кезінде қысымның күрт 
ӛсуі жиі болады. Ластанған жағдайда қышқыл сораптық-к 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет