Құрамы мен классификациясы. Газ заңдары Сұрақтар


Дәріс 6. Тақырып: «Табан сулары бар кезінде ұңғыма технологиялық



Pdf көрінісі
бет13/21
Дата16.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162983
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
darister
Срс 1
Дәріс 6.
Тақырып: «Табан сулары бар кезінде ұңғыма технологиялық 
пайдалану режимі» 
Сұрақтар 
1. Газ қабаттарының сулары 
2. Мұнайлы және газды коллектордағы қалдық су күйі 
3. Қалдық сулардың қабаттағы жағдайы 


1. Кӛптеген кен орындарында мұнай және газбен бірге қабатта сулар да 
кездеседі. Олар негізінен мұнай-газ қабатының тӛменгі бӛлігінде орналасады, 
кей жағдайда ӛнімді қабат қимасынан ӛздігінен сулы горизонттар түрінде 
бӛлініп шығады.
Табан немесе шеткі су деп кен орнындағы және оның айналасындағы 
коллектор кеуектерін толтыратын суларды айтамыз. Шеткі сулар кейде 
антиклинальды 
қатпарлардың 
жоғары 
күмбезді 
бӛлігінде 
немесе 
моноклинальды мұнайлы қабаттың басында орналасады. Аралық су дегеніміз 
мұнайлы қабаттың ӛзінде орын алған сулы қабатшаларды ұштастыратын 
суларды айтамыз. 
Жоғары және тӛменгі сулар мұнайлы қабаттан жоғары және тӛмен 
орналасқан сулы қабатпен ұштастырылған. Кен орнының мұнайлы және 
газды бӛлігінің ӛнімді қабатында да су болады. Кеніштің пайда болуынан 
қалған бұл суды қалдық су деп атайды. 
Қабаттың 
байланысқан 
сулы 
және 
ӛнімді 
бӛлігі 
бірыңғай 
гидродинамикалық жүйені құрайды, және кен орнын пайдалану кезінде қабат 
қысымы мен қабат суы қасиеттерінің ӛзгеріске ұшырауы кенішті қоршап 
тұрған қойманың сулы бӛлігіне байланысты емес. Қабат суын негізінен 
мұнайды қабаттан ығыстырып шығарушы агент ретінде қарастыруға болады, 
кейбір сулар мұнайды мұнайды жақсы жуып ығыстырып шығарса, кейбіреуі 
нашар жуып шығарады. Сондықтан кәсіптік практикада қабат суының 
қасиеті үлкен мәнге ие болып отыр.
2.Мұнайлы және газды коллектордағы қалдық су күйі. 
Кеуекті ортадағы 
қалдық судың бастапқы бӛлінуі кеуекті ортаның кӛптеген қасиеттеріне 
байланысты, алор: кеуектер құрылымы және тау жыныстарының құрамы, тау 
жыныстарының физика-химиялық қасиеттері және қалдық судың мӛлшері 
мен құрамы және т.б. 
Қабаттың кеуекті ортадағы мұнайдың, газдың және қалдық судың 
бастапқы бӛлінуі мұнайдың қозғалысына және оны қабаттағы қалдық су 
жұқа пленка түрінде кеуекті каналдардың бетін жауып тұратын болса, онда 
қатты фаза беті гидрофильді болып есептеледі. Егер су пленкасы болмаса, 
онда мұнай қатты фаза бетімен жанасады, және мұнайдың беттік әрекеттік 
заттар адсорбциясы салдарынан мұнайлы қабат беті гидрофобты болады. 
Сондықтан қабаттың мұнай бергіштігін қарастырған уақытта қалдық судың 
бар екендігін ескерген жӛн.
Кеуекті кеңістікте қалдық суды бӛлу мұнайға, суға және газға арналған 
тау жыныстарының фазалық ӛткізгіштігіне әсер етеді. Қабаттың басқа да 
сипаттамалары: жыныстардың ығыстырушы сұйықтарының әсерінен 
дымқылдануы, капиллярлы процестердің үнемділігі. Қабат энергиясының 
тӛмендеуіне байланысты кеуектерде қалған мұнай мӛлшері қабатта 
сұйықтарды бастапқы бӛлуге байланысты.
Мұнай кен орындарының қалыптасуы туралы гипотезаға сүйенетін 
болсақ, мұнай және газ коллекторында бастапқы уақытта суға толы болған, 
ал мұнай кейін пайда болды деп түсіндереді. Бастапқы уақытта осы сулар 
түгелдей жойылмады да, жыныста қалып қойды, бұл суларды жерқойма суы 


деп атайды. Кӛптеген зерттеушілер қалдық суға байланысты тӛмендегідей 
нәтижеге келді: 
1.
капиллярлы күштер білінетін майда капиллярлы каналдардағы 
капиллярлы байланысқан сулардың бар екендігіне, 
2.
кеуекті орта бӛліктерімен берік байланысқан және қатты дененің 
бетін молекулярлық күшпен ұстап тұратын адсорбциялық сулардың 
болатындығы; 
3.
қатты фаза бетінің гидрофильді бӛліктерін жауып тұратын пленкалы 
сулардың болатындығы; 
4.
дисперсті құрылымда капиллярлық күшпен ұстап қалатын бос 
сулардың болуы. 
3. Бастапқы уақытта қалдық су кеуекті орта каналдарын түгелдей алып 
жатыр деп есептелді. Кейінгі зерттеулер қалдық сулардың күрделі 
сипаттамалары бар екендігін кӛрсетті. Қалдық су жағдайы мұнайлы және 
газды қабатта сұйықтың физика-химиялық қасиеттерімен түсіндіріледі. 
Минералданған қалдық судағы тұз концентрациясының ӛсуі қатты фазаның 
мұнаймен гидрофобизациялану дәрежесінің ӛсуіне әсерін тигізеді. Сол 
себепті тұз иондары десольваттанады (тұзды қабатшалардың бұзылуы). 
Қатты дене бетіндегі тұрақты пленка су мен мұнай арасындағы ӛте тӛмен 
беттік керілу және судың әлсіз минерализациялануы кезінде пайда болады.
М.М.Кусанов дәләлдегендей күшті минералданған қалдық су газ 
коллекторында дымқылдағыш тепе-тең пленка тудырмайды. Бұл қалдық 
судағы тұз иондарының десолваттау әрекетімен түсіндіріледі. 
Жыныстағы қалдық судың әр түрлі формаларының толық саны жыныстың 
құрамы мен физикалық қасиеттеріне және қабат суларына байланысты. 
Ӛткізгіштік жоғарылаған сайын жыныстағы қалдық судың мӛлшері 
тӛмендейді.
Құмның S
қ
,
 
құмтастың 
S
қ.т
.
,
 
әктастың 
S
ә
қалдық суға қаныққандығын 
олардың абсолютті ӛткізгіштігімен 
К 
кеуектілігіне 
К
п
 
байланысты тӛмендегі 
формуламен кӛрсетуге болады: 
















n
n
т
n
n
k
k
S
k
k
S
k
k
S
k
k
lg
1
,
0
83
1
,
0
lg
1
,
0
283
,
0
lg
155
,
0
437
,
0
.
.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет