Құрамы мен классификациясы. Газ заңдары Сұрақтар


Дәріс 4. Тақырып: «Газ құрамында агрессивті компоненттер болғанда газ



Pdf көрінісі
бет9/21
Дата16.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162983
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
darister
Срс 1
Дәріс 4.
Тақырып: «Газ құрамында агрессивті компоненттер болғанда газ 
ұңғымаларын пайдалану. Ұңғыма тұбінде сұйықтық жыйналғанда 
пайдалану.
Гидрат түзілумен күресу.» 
Сұрақтар 
1. Газ ұңғымаларын пайдалануда кездесетін қиындықтар 
2. Ашық фонтандау 
3. Парафиннің түзілуінің алдын-алу 

4. Тұздың шӛгуі 


1. Газ ұңғымаларын пайдалануда кездесетін қиындықтар 
Әр-түрлі кен орындар және бір кен орындағы бӛлек ӛнімді қабаттарды 
пайдалану жағдайлары бір-бірінен ӛзгеше болады. Осыған сәйкес фонтанды 
ұңғымалардың жұмысында болатын қиындықтар да әртүрлі. Бірақ, әдеттегі 
және жиі болатын, немесе салдары жағынан ең қауіпті қиындықтарға 
келесілер жатады: 
-сағалық арматураның саңылау сызығы бұзылуы нәтижесінде болатын 
ашық реттелмейтін фонтандау; 
-фонтандау кезінде бүлкілдеу, ол ұңғыманың уақыт бұрын тоқтатуына 
әкеледі; 
-құм шығаруға бейім, тұрақты емес қабаттарды пайдалану кезінде, түпте 
және СКҚ ӛзінде құм тығынының пайда болуы; 
-ұңғыма түбінде және СКҚ ішінде тұздың қабаттануы. 
2. Ашық фонтандау 
Мұнай және газды игеру кезінде ашық фонтандаудың және фонтанды 
ұңғымаларда күрделі ұзақ ӛрт болу кездері белгілі. Бұл кен орнының уақыт 
бұрын таусылуына және ұңғы сағасының айналасында пайда болатын 
шұңқырға, оның сұйық батпағына барлық бұрғылау қондырғысы түседі. 
Соңғы уақытта,ашық тасталуды алдын-алу үшін әртүрлі айырғыштар 
игеріліп, қолданыс тапқан, олар ұңғыманың біршама тереңдігіне түсіріліп 
немесе фонтанды құбыр бағанасының башмак астына да түсіріледі. 
Шегендеу бағанасының шлипасасында орнатылатын айырғыштар болады, ол 
автоматты түрде СКҚ қимасын немесе шегендеу бағанасы қимасын, сұйық 
шығыны, критикалықтан асып, күрт артқанда жабылады. Шетелде фонтанды 
құбырда орнатылатын айырғыштар белгілі. Мұндай айырғыштарда ГСҚ 
критикалық шығын кезінде, автоматты түрде ағынды жауып, ашық 
фонтандауды алдын-алады. Фонтанды құбыр қимасын мәжбүрлі жабатын 
айырғыштар белгілі. Олар шарлы кран түрінде жасалған, оны бұру 
гидравликалық жер бетінен іске асады. Мұндай шарлы кранның тартпалы 
механизмі фонтанды құбыр бағанасына жалғасқан кішкентай диаметрлі 
(12,18 мм) құбырша кӛмегімен жер бетіне шығып, қысым кӛзіне, әдетте, 


ұңғыма шығуына қосылады. Құбырша қысым болғанда, шарлы кран ашық 
болады. Құбыршады қысым түскен кезде, шарлы кран серппелі механизм 
кӛмегімен бұрылып, фонтанды құбырды жабады. 
Жай беттік механикалық істейтін айырғыштар болады, олар манифольд 
желісіне орнатылады, және фонтанды ұңғыманы каррозиядан немесе 
механикалық зақымданудан лақтырынды желілеріндегі үзілулер кезінде 
жабады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет