Құрамы мен классификациясы. Газ заңдары Сұрақтар



Pdf көрінісі
бет8/21
Дата16.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162983
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
darister
Срс 1
Құбыр басы
фонтанды құбырлары іліп орнату және сақиналы 
кеңістікті саңлаусыздандыру үшін арналған. Фонтан шыршасы – 
газсұйығының ағынын керекті желістерге бағыттау үшін және де ұңғыманың 
жұмыс істеуін тексеріп ӛзгертіп басқару үшін арналған. 
Фонтан шыршасы
ұңғыма ӛнімінің ағысын басқарып, оның 
параметрлерін ӛзгертіп және де манометрды, термометрды, немесе 
приборларды тереңге түсіріп кӛтергенде пайданылатын тетіктерді 
орналастыру үшін бағытталған. Шырша тік орналасқан оқпаннан және 
бүйірінен шетке қарай шығатын желістерден кұрылады. Желістерде екі 
ысырма (задвижка) орналастырылады: жұмысшы және қосымша резервті (тік 
оқпанға жақын орналасқаны). Тік окпанда негізгі түбірдегі (головная, 
центральная) және буфердегі ысырмалар орналастырылады. Желістерде 
термометрлер коюға кажетті қалталар және манометрлер мен, шығымдарды 
ӛзгертіп басқаруға арналған, штуцерлерді орнататын орындар болады. Тік 
оқпан манометр орнатылған буфермен аяқталады. 
Фонтанды пайдалану әдіс кезінде СКҚ-нің
қажеттіліктері:
1) Ұңғыманы менгеру кезіндегі жұмыстарды жеңілдетеді, ӛйткені бір 
біріне байланыссыз екі канал (кӛтеруге арналған құбыріші және сақиналы 
кеңістік) ұңғыма оқпанындағы сазды қоспаны жеңілірек сұйыққа (су, мұнай) 
алмастыруға мүмкіндік береді. 
2) Газдың кеңу энергиясын тиімды қолдануға, ӛйткені қоспаның канал 
бойымен кӛтерілген мезгілдегі үйкеліске жұмсалатын қысымның мӛлшері 
(кӛтеру құбырының) қима ауданы аз болған сайын газдың сырғанап 
ығысуына байланысты азая түседі. Кӛтеруге арналған құбырлардың 
неғұрлым кішілеу диаметрін қолдану - шығымы аздау ұңғымалардың 
фонтандау уақытын созудың бір шарасы екені белгілі. 
3) Ұңғыма түбінде құм тығынының пайда болмауына әсер етеді, 
ӛйткені кіші қимасы бар құбыр ішінде газмұнай ағынының жылдамдығы 
жоғары болғандықтан ұңғымадағы құм жер бетіне шығарылуы мүмкін. 


4) Мұнай ӛндіру үрдісінде пайда болатын парафин шӛгіндісімен 
күресуді жеңілдетеді, ӛйткені екі каналды пайдаланып ыстық заттарды айдап 
шӛгінділерді жер бетіне шығаруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет