Құрамы мен құрылысы. Атмосфераның жылынуы. Атмосфералық қысым



Дата23.05.2024
өлшемі15,05 Kb.
#202811
түріҚұрамы
Байланысты:
жаратылвстану
KAZ.-Plan-2019-2020 (1), KAZ.-Plan-2019-2020 (1), KAZ.-Plan-2019-2020 (1), Қайыпбаева-А.Т.

Атмосфера
Жоспар:

  • Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфераның жылынуы.

  • Атмосфералық қысым

  • Ауа массалары мен фронииар. Циклондары мен антициклондар.

  • Ауа райы. Климат



1. Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфераның жылынуы.
Атмосфера - жердің газ тәрізді қабығы. Бұл жер қабаттарының ішіндегі ең жоғарғы және тығыздығы ең осал қабық. Ол ауа деп аталатын газдардың қосындысынан тұрады.
Атмосфераның төменгі шекарасы - жер беті, бірақ ауа жыныстардың сызаттары мен саңылауларына да енеді. Атмосфераның айқын байқалатын жоғарғы шекарасы жоқ және ол біртіндеп ғарыш кеңістігінде өтеді. Мұндай шекараны шартты түрде 3000 км биіктікте жүргізіледі. Жердің тартылыс күші жібермейтіндіктен ауа таралып кетпейді.
Жер бетіндегі ауа тығыз және ауыр болады. Теңіз деңгейіндегі 1м3 ауаның массасы 00C температура кезінде 1 кг 293 граммға тең болады. 12 см биіктікте 310 грамм ғана, ал 40 км биіктікте не бәрі 4 грамм болады.Биіктеген сайын ауаның тығыздығы ғана емес сонымен қатар температурасы да, ылғалдылығы да өзгереді.
Атмосфера 5 сфераға бөлінеді. Ең төменгі қабаты тропосфера. Онда барлық ауа массасының 80% жынысы шоғырланған, сондықтан ол ең тығыз қабат. Биіктігі полюстерде 8 км, экваторда 20 км, барлық су буы тропосферада жинақталған. Ауа райының құбылыстары да дамиды. Жерге таяу қабатта жергілікті климаттың негізгі ерекшеліктері байқалады. Жоғары көтерілген сайын ауа температурасы төмендейді, жоғары шегінде - 500С -600С-қа жетеді.
Тропосфера ауасы 78,08% азоттан, 20,95% оттегінен, 0,93% аргоннан, 0,03% көмірқышқыл газынан және басқа да газдардан құралады.
Тропосферадан кейінгі тік бағытты қабат - стратосфера. Онда су буы жоққа жақын, ауа алмасуы болмайды, биіктігі 50-60 км, экваторлық зонада төменгі температурасы -760-800, орта ендіктеріндегі -510-610, жоғарғы ендіктеріндегі -640-680. 50 км биіктікте +100 +300. Озон күннің организмге зиянды ультракүлгін сәулелерін сіңіріп алады. Стратосфера қабатының үстінде, 80 км биіктікте мезосфера жатады. Онда бұлттар болады. Олар мұз кристалдарынан құралған. Онда темеература өте төмен.
Мезосферадан жоғары 100 км-ге дейінгі биіктікте ионосфера жатады. Онда ауа өте сирек, электрондар көп магниттік дауылдар болады. Биіктігі 800 км-де температура 100 градусқа дейін жетеді. Сондықтан ол сфераны кейде термосфера деп те атайды.
800-1000 км-ден жоғары болатын атмосфераның қабатын экзосфера деп атайды. Мұнда газ бөлшектерінің қозғалуы өте жылдам.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет