Университеттің педагогикалық жасағы жұмысының барысы және алдағы міндеттері
2013 жылы қыркүйек айында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасы жанынан «Сауле» педагогикалық жасағы құрылды. Педагогикалық жасақ құрамына Педагогика факультетінің «Педагогика және психология» және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының 2-3 курста оқитын 22 студент енді.
Педагогикалық жасақтың атқаратын қызметі «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттер жасағы жөніндегі ережеге» негізделіп жоспарланған. Педагогикалық жасақ тұжырымдамасына сәйкес жұмыс келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
Танымдық-коммуникативтік дамыту жұмысы – ойын арқылы балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын қалыптастыру, өзара тұлғааралық қарым-қатынасын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік эмоциялары мен мотивтерін дамыту.
Дене шынықтыру-сауықтырушы жұмыстар – балаларың денсаулығын нығайту, тірек-қимыл қабілеттері мен сапаларын арттыру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне баулу.
Әлеуметтік-тұлғалық дамыту жұмысы – адамгершілік мінез-құлыққа, эмоционалды тұрғыдан ашық-жарқын болуға тәрбиелеу, әлеуметтік сезімдерін дамыту, нақты қарым-қатынас жағдаятына сай бойындағы бар білім мен дағдыны қолданып басқара білуге баулу.
Педагогикалық жасақ тұжырымдамасы негізінде 2013-2014 жылға арналған жұмыс жоспары жасалды. Осы жоспарға сай оқытушылар және студенттер облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы 64 тәрбиеленушілермен айына екі рет жұмыс жүргізеді. Педагогикалық жасақ жұмысын өз деңгейде ұйымдастыруға кафедра жанындағы «Бәйтерек» акмеологиялық орталығы көмек көрсетіп келеді, орталық директоры п.ғ.к., доцент А.Ғ.Мұханбетчина. Бұл орталық жанында келесі кабинет өз жұмысын жандандыруда, олар:
«Тезаурус» түзетуші-тренинг және кеңес беру кабинеті, жауапты: аға оқытушы Мунайдарова Б.Б.;
Психологиялық-педагогикалық диагностика кабинеті, жауапты: аға оқытушы, психология магистрі С.Ф.Баюканская.
Енді осы атқарылған жұмыс түрлеріне тоқталып өтсек.
2013 жылдың 17 қыркүйегінде психологиялық-педагогикалық диагностика кабинетінің басшылығымен студент-волонтерлермен бірлесе отырып, оқушылардың тұлғалық дамуын, қызығушылық шеңберін анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар ұйымдастырды. Бұл зерттеу жұмысында Йовайшидың кәсіби бағдарды анықтауға бағытталған тест-сауалнамасы қолданылып, оған 8-11 сынып оқушыларынан 18 бала қатысты. Зерттеу қорытындысында оқушылардың келесі кәсіби қызығушылықтарының бағыттары анықталды:
адамдармен жұмыс жасау бағыты: 18%
ақыл-ой тәрбиесі бағыты: 9%
техникалық қызығушылықтар бағыты: 21%
эстетика және шығармашылық бағыты: 11%
дене еңбегі бағыты, қимыл-қозғалыс қызметі: 34%
материалды қызығушылықтар бағыты, қызметтің жоспарлы-экономикалық түрлері: 7%
Алынған нәтижелер педагогикалық жасақ отырысында жете талқылану арқылы балалармен нақты жүргізілетін қосымша сабақ, тренинг, кеңестер жұмыстарын айқындауға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар «Тезаурус» түзетуші-тренинг және кеңес беру кабинетінің тікелей ұйымдастырылған, оның ішінде кафедраның доценті, А.Г.Муханбетчинаның тұлға бойындағы сенімсіздік пен агрессияны бақылау мақсатындағы қазан айында «Пайдалы кикілжіңдер» тренингінің де балалар үшін маңыздылығы мен тиімділігі жоғары болды. Өйткені балалар мен тәрбиешілер маман психологтардың ақыл-кеңесімен ғана шектелмей, осы тақырыпта қажетті малұматтар мен пайдалы ақпараттар көздерін де алуға мүмкіндік алды. Бұл тренинг өз жалғасын алтыншы қарашада аға оқытушылар Б.БМұнайдарова Б.Б. мен С.Ф.Баюканскаяның ұйымдастыруымен өзіндік эмоциялармен өзге адамдардың сезімін тану және агрессияны басқара білу мақсатын көздеген агрессивті қарым-қатынас деңгейін төмендетуге арналған тренингте тапты.
Педагогикалық жасақ жұмысының мазмұнды да сапалы деңгейде өтуіне педагогика және психология кафедрасының жетекшілері өз топ студенттерімен атсалысуда. Оған топ жетекшісі С.Б.Калаханова мен дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Т.Б.Темешовтің «Шынайы достық» тақырыбындағы пікір-таласы кешінің жалғасы болған және өскелең ұрпақтың физикалық дағдыларын дамыту мақсатын көздеген «Көңілді старт» атты спорттық шара дәлел бола алады.
Бұған қоса, балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге әлеуметтік белсенділік пен елжандылықты арттыру мақсатында «Біздің қаламыз - біздің үйіміз» тақырыбындағы өлкетанушылық викторина, жастардың бойындағы қабілеттерді бағалау мен құқықтық нормалар негізінде өз-өзіне, адамдарға, қоғамға қарым-қатынасын нығайту бағытындағы «Өзіңе міндеттемелер мен талаптар қоя білудің маңызы» атты әңгіме, өскелең ұрпақты әлеуметтік-мәдени құндылықтар жүйесін танытуға бағыттауға арналған «Адамдарға деген адамгершілік қатынас» тақырыбындағы шығармашылық кештер өзіндік
Педагогикалық жасақ жоспарынан мерекелерге аралған шаралар тыс қалмайды. Соның бірі ҚР 1- ші Президенті Күніне арналған дәріс- сабақты, «Тәуелсіздік күні - біздің басты мейрамымыз» атты мерекелік кешті ерекше атап өтуге болады.
Педагогикалық жасақ жетекшісі кафедраның психолог мамандарымен бірлесе отырып, балаларды үлкен өмірге дайындауда басты орын алатын негізгі мәселелерді талқылауды да басты назарда ұстайды. Бұл кезекте еңбекқорлық пен шыдамдылық, қиындықтарды жеңе білу, жетістікке жетуде табандылыққа, төзімділікке баулу және балалардың өзіне сенімділігін арттыру, адекватты өзін-өзі бағалауын қалыптастыру мен қызығушылықтарын арттыру, стрестің алдын-алу білігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған тренингтер мен «Қызықты бос уақыттың пайдасы» , «Көз жанарыңды сақтай біл!», «Тұрғын үйдің тазалығы туралы» тақырыптарындағы әңгімелерді атай аламыз.
Жаңа жыл қарсаңында, яғни 2013 жылдың 23 желтоқсан күні отбасылық үлгідегі балалар ауылы базасында Педагогика факультеті ұжымы Жаңа жылдық шырша ұйымдастырды. Оған факультет деканы Г.А.Ерғалиева және кафедра меңгерушілері Ж.И.Сардарова, Е.А.Темешов, студенттік актив мүшелері және осы балалар ауылының 4-15 жас аралығындағы 64 тәрбиеленушілері қатысты. Аяз ата мен Ақшақардың сыйлықтарына, көңілді сазды әуендерге, қызықты ойындар мен балалардың тақпақ өлеңдеріне құрылған кеш көпшіліктің ыстық ықыласы мен бөленді.
Мамандық студенттері пән оқытушыларымен бірлесе отырып, бүгінгі таңда жеке тұлғаның қалыптасуында ерекше мәнге ие рефлексия және өзіндік талдау қабілеттерін қалыптастыруға арналған тренинг сабақтарын өткізуді және балаларға сауалнама жүргізу, бақылау жасау сияқты зерттеу жұмыстарын да кеңінен жүргізіп отырады. Бұл бір жағынан, болашақ мамандардың кәсіби даярлығын шыңдауға оң әсер етсе, екінші жағынан, балалардың талап тілегі, көзқарасы туралы тың мәліметтер алуға көмектеседі. Мысалы, «Шылым мен ішімдіктің зияны жайлы не білеміз?» атты сауалнаға балалар үйінен 35 оқушы қатысты. Сауалнама қорытындысы келесі көрсеткіштерді көрсетті: 40% - шылымның зиянын біледі, 67% - ішімдіктің зиянын біледі, шылым мен ішімдікке теріс көзқарастағылар - 55%, оң көзқарастағылар - 22%, бейтараптар - 23%.
Кафедраның аға оқытушысы, магистр Л.А.Федорченко тәрбиеленушілердің басым көпшілігі қыз балалар екенін ескере отырып, 8 – Наурыз мерекесінің жалғасы ретінде (19.03.2014 жылы) аэробика сабағынан ашық сабақ беріп, оны дұрыс тамақтану туралы әңгімемен жалғастырды.
Бұл айтылып өтілген жұмыс түрлері қазіргі кезде де жоспарға сәйкес әлі өз жалғасын табуда, соның ішінде биылғы оқу жылы «Оқытудағы Кембридж тәсілін қолдану» бойынша білім жетілдіру курсынан өткен аға оқытушы, магистр Г.С.Абуғалиева мастер кластар өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісу үстінде.
Енді осы педагогикалық жасақ жасақталған қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктерге тоқталсақ.
Басты жетістігіміз бұл биылғы 2014 жылдың ақпан айында Щучинск қаласында Қазақстан Республикасының педагогикалық жасақ мүшелері арасында «Балаларға жылы жүрекпен» атты тақырыпта қашықтан өткен республикалық педагогикалық олимпиадада «Эссе» номинациясы бойынша жасақ мүшесі Ружейникова Ирина бас жүлде алса, Лагода Олеся жүлделі 3 орынды иеленді. Бұл әрине, үлкен жетістік деп айта аламыз.
Педагогикалық жасақ жұмысының болашағына, онда орын алатын міндеттерді қарастырсақ, олар :
жасақ мүшелерін жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы республикалық жиындар мен олимпиадаларға қатыстыру;
қазіргі заман қоғамы талабын ескере отырып, педагогикалық жасақ жұмыстары бағыты мен ауқымын кеңейте отырып, жұмыс сапалығын арттыру;
жазғы демалыс лагерлеріне педагогикалық жасақ студенттерінің тәрбиеші ретінде жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауларына жағдай жасау және қамтамасыз ету;
жыл бойына оқыту сабақтары мен тренинг, шеберлік-кластарын өткізу негізінде педагогикалық жасақ мүшелерін оқыту негізінде оның мүшелерін дайындаудың жүйесін құру;
Батыс аймақта ЖОО студенттік жасақтарымен тәжірибе алмасу бағытында жұмыс алаңын жасақтау.
Педагогика және психология
кафедрасы меңгерушісі: Сардарова Ж.И.
Достарыңызбен бөлісу: |