Құрамында терпеноиды бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Эфир майлар, құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар. Шикізатты талдау



бет11/21
Дата02.12.2022
өлшемі8,41 Mb.
#160867
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Дәріс 7 фармация ФГЗЭфирмайлары
Ибрагимова Мерей 3003ом, Сая презентация днк мырыш рөлі, МВС. АНАТ, 119731 2, $ =G ›07 1 B , 184172, АЛИНА, klinich-prot2015-aip-smp-gs, Сфо 1-001 пбл Жансая Тулебай, Мәдениеттану- ГТХ1, Арс и Бурта бизнесмены, Микро толқынды активтендіру жағдайында гуанинді дайындау, Компьютерлік желілер ж не а паратты ауіпсіздік п ні бойынша те, Бұлшық ет ұлпасы

Химиялық құрамы. Бұрыш жалбызы жапырақтарының құрамында 3% дейін эфир майлары (МФ XI бойынша 1% кем болмау керек), гүл шоғыры - 4-6%. Эфир майының негізгі құрам бөлігі - l-ментол (65% дейін, бірақ 50% кем болмау керек, ол бос күйінде және эфир түрінде).Ментолдардан басқа жапырақ майларының құрамында меятон, ментилацетат, пинен, лимонен, цинеол, пулегон, жасмон және басқада моноциклдық терпендер бар.Гүл шоғыр эфир майының негізгі құрам бөлігі болып кетон l-ментон, l-ментол және ментофуран табылады. Жапырақтарында флавоноидтар, урсол және олеанол қышқылдары, каротин, гесперидин, бетаин, стеролдар табылған. Сонымен бірге азулендер, полифенолдар, антоциандар және лейкоантоциандар, микроэлементтер (мыс, мырыш, стронций және т.б.) табылған.

Қолданылуы. Ми және жүрек тамырларының қан айналымын рефлекторлы жақсартатын құрал ретінде, АІТ, өт жолдарында, ас қорыту бездері ағыстарының қысылуы кезінде спазмалық зат, невралгия, тіс аурулары кезінде ауырғанды азайтатын құрал ретінде, жоғары тыныс жолдарының қабынуында және стоматитте пайдаланады. ДЗ Валидол, Корвалол, Валокордин, Зеленин тамшысы Ментол

Сақталуы. Салқын жерлерде, эфир майлы шикізаттарын сақтау ережелері бойынша жақсы жабылатын ыдыстарда. Шикізаттағы майдың болуын жылда тексереді.

ШАТЫРАШ ЖАПЫРАҚТАРЫ-FOLIA SALVIAE Дәрілік шатыраш-Salvia officinalis L. Тауқалақай тұқымдасы– Lamiaceae


Биіктігі 20-50 см болатын жартылай бұта. Төменгі жағында сабақтары бұтақты домалақ, ағаштанаған, төрт қырлы, сұрғылт-жасыл. Жапырақтары қарапайым, ұзартылған ланцент тәрізді, пұшық ұшты, негізінде жиі күлтелі шетіндегі өсінділермен, супротивті орналасқан, сұрғылт-жасыл түсті. Гүлдері көк-қызғылт, күлгін, жалған күлте басына шоғырланған, екі аталығы және екі ерінді күлтесі бар, масақ тәрізді гүл шоғырын түзеді. Жемісі 4 жемісшеге бөлінеді. Өсімдік хош иісті. Маусым, шілде айларында гүлдейді, тамыз-қырқүйекте жеміс береді.

Химиялық құрамы. Жапырақтарының құрамында эфир майлары (0,5-2,5%) кездеседі, оның құрамында цинеол (15% дейін), l-a-туйон, d-b-туйон, d-a-пинен, сальвен, d-борнеол, d-камфора, цедрен бар. ФМ және МФ XI бойынша тұтас шикізатта эфир майлары 0,8% кем болмауы керек. Бұдан басқа, жапырақтарының құрамында алкалоидтар, флавоноидтар, дубильді заттар, урсол, олеан және хлороген қышқылы, Р дәрумені, никотин қышқылы, ащы заттар, фитонцидер, уваол, парадифенол бар. Тұқымдарынан май алынады, оның құрамында линолевті қышқыл глицериді бар. Тамырларынан хинондер – ройлеанондар табылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет