Қолданылуы. Қайнатпасын созылмалы гепатиттерде және бауыр циррозында, тұтқыр нашар бөлінетін қақырықпен бірге жүретін тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары кезінде (бронхиттер, трахеиттер, өкпе туберкулезында) қақырық бөлуші қайнатпа ретінде пайдаланады. Эфир майы қабынуға қарсы, ішекқұрттарына қарсы және антисептик қасиеттеріне ие. "Алантон" препараты (биік аңдыздың жер асты мүшелерінен бөлініп алынған сесквитерпенді лактондар суммасы).
Сақталуы. Жақсы желдетілетін бөлмелерде, сөрелерде, қаптарға немесе теңдерге қапталады. Жарамдылық мерзімі 2 жыл.
ЖЕБІРШӨП ШӨБІ – HERBA THYMI VULGARIS ЖЕБІРШӨП МАЙЫ– OLEUM THYMI- Кәдімгі жебіршөп – Thymus vulgaris L. Тауқалақай тұқымдасы – Lamiaceae қатты бұтақталған, тік, жағымды иісті жартылай бұта, биіктігі 50 см дейін ерінгүлділер тұқымдасы. Тамыры кіндік, өте шашақталған. Сабағы ағашты, негізінен өте бұтақталған; бұтақтары шөпті, төрт қырлы, өте қысқарған бүйірлік өркендерімен. Жапырақтары ұсақ, ұзындығы 5-10 мм, қысқа сағақты, супротивті, сопақша-ланцент тәрізді, екі жағынан да нүктелік бездермен қапталған, үстінен «жалаңаш», астынан қысқа-жамылғы; жапырақ тақтасының шеттері тұтас, төмен иілген. Гүлдері ұсақ, супротивті жалған жартылай күлте басына шоғырланған, олар сабақ ұшында борпылдақ шашақ гүл шоғырын түзеді; гүлдері кішкене, ланцент тәріздес, жедел емес. Күлте екі ерінді, төмен қараған, ұзындығы 4-6 мм, ақшыл-көгілдір немесе қызғылт, сирек ақ. Жемісі 4 жаңғақшадан тұрады, олар тостағаншада шоғырланған. Химиялық құрамы. Гүлденген шөбінің құрамында эфир майы (1 - 2,1%) бар, оның құрамына тимол, карвакрол, кариофиллен, линалол және т.б. енеді. Майдың маңыздылығын анықтайтын негізгі құрам бөлігі болып тимол табылады. Эфир майынан басқа, шөптің құрамында тритерпенді, тимунды (сапонин), урсолды, олеанолдыя, кофеин, хлорогенді, хин және басқа қышқылдар бар. Химиялық құрамы. Гүлденген шөбінің құрамында эфир майы (1 - 2,1%) бар, оның құрамына тимол, карвакрол, кариофиллен, линалол және т.б. енеді. Майдың маңыздылығын анықтайтын негізгі құрам бөлігі болып тимол табылады. Эфир майынан басқа, шөптің құрамында тритерпенді, тимунды (сапонин), урсолды, олеанолдыя, кофеин, хлорогенді, хин және басқа қышқылдар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |