Құрамында терпеноиды бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Эфир майлар, құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар. Шикізатты талдау



бет12/21
Дата02.12.2022
өлшемі8,41 Mb.
#160867
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Дәріс 7 фармация ФГЗЭфирмайлары
Ибрагимова Мерей 3003ом, Сая презентация днк мырыш рөлі, МВС. АНАТ, 119731 2, $ =G ›07 1 B , 184172, АЛИНА, klinich-prot2015-aip-smp-gs, Сфо 1-001 пбл Жансая Тулебай, Мәдениеттану- ГТХ1, Арс и Бурта бизнесмены, Микро толқынды активтендіру жағдайында гуанинді дайындау, Компьютерлік желілер ж не а паратты ауіпсіздік п ні бойынша те, Бұлшық ет ұлпасы

Химиялық құрамы. Жапырақтарының құрамында эфир майлары (0,5-2,5%) кездеседі, оның құрамында цинеол (15% дейін), l-a-туйон, d-b-туйон, d-a-пинен, сальвен, d-борнеол, d-камфора, цедрен бар. ФМ және МФ XI бойынша тұтас шикізатта эфир майлары 0,8% кем болмауы керек. Бұдан басқа, жапырақтарының құрамында алкалоидтар, флавоноидтар, дубильді заттар, урсол, олеан және хлороген қышқылы, Р дәрумені, никотин қышқылы, ащы заттар, фитонцидер, уваол, парадифенол бар. Тұқымдарынан май алынады, оның құрамында линолевті қышқыл глицериді бар. Тамырларынан хинондер – ройлеанондар табылған.

Қолданылуы. Шатыраштың жылы тұнбасын шаю үшін жедел баспаларда және созылмалы тонзиллиттерде, жедел респираторлы ауруларда, стоматиттерде, гингивиттерде, ауыз қуысының афтозды зақымдалуында, хейлиттерде, сонымен бірге пульпиттерді емдеуде қолданады. Шатыраш жапырақтарын геморой түйіндерінің қабынуы кезінде қабынуға қарсы және қан тоқтатушы құрал ретінде қолданады. Шатыраш жапырақтарының тұнбасын жалпы және жергілікті экземада, псориазда, нейродермитте, интертригинозды эпидермофитияда пайдаланады. Сальвин (Salvinum) - өсімдік антибиотигі, дәрілік шатыраш жапырақтарынан бөлініп алынған, кілегейлі, қабынуға және микробтарға қарсы құрал ретінде ауыз қуысының созылмалы қабынуы кезінде, катаральды және жара-некроздық гингивиттерде, стоматиттерде, пародонтозда қолданылады.


Сақталуы. Жабық жәшіктерде, маталы және қағазды көп қабатты қаптарда эфир майының шикізаттарын сақтау ережелеріне байланысты сақтайды. Эфир майының құрамын жыл сайын тексереді. Жарамдылық мерзімі 1 жыл 6 ай.

Бициклдық монотерпендері бар өсімдіктер мен шикізаттар

ТҮЙМЕШЕТЕН ГҮЛДЕРІ - FLORES TANACETI Кәдімгі түймешетен - Tanacetum vulgare L. Күрделі гүлдер тұқымдасы – Asteraceae

Биіктігі 50-160 см болатын көп жылдық шөптесін өсімдік, өзіне тән күшті Иісімен, көп тік сабақты, гүл шоғырында бұтақталған. Жапырақтары жоғары жағында қара-жасыл, төменгі жағынан сұрғылт-жасыл, кезектесе орналасқан, қауырсын тілмелі, тамыр маңы-ұзын сағақты, сабақтарындағы-отырыңқы. Гүлдік кәрзеңкелері қалың қалқанша гүл шоғырына жинақталған. Барлық гүлдері түтікті, алтын-сары. Жемісі айдары жоқ тұқымша.Шілде-қырқүйек айына дейін гүлдейді, жемістері тамыз-қырқүйекте пісіп жетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет